Әрбір уахи болып айтылған, түсірілген аяттардың бата болып бір перденің артқы жағынан (уақыттың төменгі жиілігінен) көкейге салынып оқылған батаның, сөздің де мұғжизасы, хикметтердің де түбінде құпиясы белгілі болып, білімі, өлшемі негізделіп, адамзаттың игілігіне айналып және соған қарсы күнәлардың да қарсы кері әсері, түнектік күштердің де жетіліп отыруы даусыз тарихы шындық.

    Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман заманында бір патша өзінің ұлын ғалымдардың тәрбиесіне беріп, жасы он алтыға келгенінде еліндегі игі жақсыларды шақырып, әр түрлі ғылымнан хабары бар ғалымдардың алдында шаһзадаға әртүрлі сұрау беріңдер деп бұйрық береді. Осы жасының ішінде көп ғылымды үйренген баласы, сарайға кіріп келіп әкесінің қолын сүйіп, айналасындағыларға иліп сәлем беріпті. Соны көрген патша: -*Арыстанның баласы өзінен кіші жыртқыштарға бас имейді. Сіз қалай ғана менің қолымды сүйіп, көпке иіліп тағзым еттіңіз?-деді. – *Мен сол арыстандығымнан қолдарыңды сүйіп тұрмын.

       «Бір күні бір дін ғұламасы хазіретті шейхқа бір күнәкар пенде келіп; -О, шайхы тахсыр! Мен бұл жалғанда күнәға белшеден батқан адаммын… Енді менің күнәмды жууыма көмектесіп, кешіруге жаратқанға дұға жаса,-дейді салған жерден. Ол; -Сенің жүрегің суы арам-лайсаң бес арық келіп құятын тоған сияқты. Сол арықтар тоған суын әбден бүлдіріп лайланған, енді оның арам суын ағызып жіберіп қана тазартуға болады. Олар; жамандық пен жауыздық әкелетін күнәнің көзі. Бірінші арық-ол сенің жанарың. Сен зинақор көзіңмен мұсылман әйелдеріне сұқтана қарама. Екінші арық-сенің аузың. Ораза тұтып, намаз оқысаң, сен Алла жанына жағасың. Тыйым салынған нәрсені ішпе де жеме. Үшінші арық-сенің ақыл-санаң, соның айтуымен әділетсіз де озбыр, менмен де өзімшіл болып барасың. Төртінші арық- сенің аяғың, ол сені кесірлі теріс жолға зинахана мен сауық-сайран орындарына және шарапханаға апарады. Бесінші арық-дүниедегі бар өсек-өтірік пен ғайбат сөздерді құйып алатын мына құлағың.