Мұсылмандық қарыздар мен құлшылықтан ғибратты әңгіме.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 43

    Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман заманында бір патша өзінің ұлын ғалымдардың тәрбиесіне беріп, жасы он алтыға келгенінде еліндегі игі жақсыларды шақырып, әр түрлі ғылымнан хабары бар ғалымдардың алдында шаһзадаға әртүрлі сұрау беріңдер деп бұйрық береді. Осы жасының ішінде көп ғылымды үйренген баласы, сарайға кіріп келіп әкесінің қолын сүйіп, айналасындағыларға иліп сәлем беріпті. Соны көрген патша: -*Арыстанның баласы өзінен кіші жыртқыштарға бас имейді. Сіз қалай ғана менің қолымды сүйіп, көпке иіліп тағзым еттіңіз?-деді. – *Мен сол арыстандығымнан қолдарыңды сүйіп тұрмын. Арыстан жыртқыштар арасында өзін емін еркін ұстаса да, ақылды адамның тұтқыны болады. Сіз мына көптің арқасында патша болып отырсыз, олар болмаса сіздің патша болғаныңыз іске сапас еді. –*Дүниеде тұрақты не бар? –*Дүниенің тұрақтысы-өлім, тозу, солу. Осылардан басқа тұрақты нәрсе жоқ.— *Дүниеде адам не үшін келдім деуі керек? — *Өлгенше тыным таппай еңбек етуі үшін келдім деуі керек. Сол міндетін атқармаса оның аты- өлік. – *Біз, ол дүние, бұл дүние дейміз, соны немен дәлелдер едіңіз? – *Ол дүние туралы ешқандай дерек жоқ, сондықтан ол дүние деген өмір біткен соңғы екінші белес. – *Сіз осы жасыңыз ішінде қанша білім алғаныңызды айта аласыз ба? — *Әбден айта аламын,-ұлы теңізден бір шелек су алғандай болдым. Мені ғалымдар дүниеден асқан білім алды деп мақтап отыр. Ол өлшеусіз айтылған сөз. Дүние тым үлкен, мен сол қаланың адамдары білетін білімнің тамшысындай ғана білім алдым. Мендегі білім орылмаған көп бидайдың ішінен бір бумасын орып алғандай. –*Ғылым адамға не үшін керек? – *Оның пайдасының хисабы жоқ, өйткені өткенді, растықты білу үшін, алдыңғыны көріп болжау үшін (ілім), өмірсізді (шайтан) өлтіру үшін, ескіні жаңарту үшін керек-ақ. Бірақ бұл мақсатты орындау үшін бірдің білімі аз, әр адамға болса ауыр жүкті көтеретін жәрдемшілер келіп тұрғандай болады. Мұхаммед пайғамбарымыз; « Мың күнгі оқыған намаздан бір күнгі үйренген ғылым артық»—деп бекер айтпаған шығар. Хазіреті Әли; -*Ғылымды үйренген де арманда, үйренбеген де арманда деген екен.  Біріміз өзінің қысқа өмірінде, оның түбіне жете алмадым армандаса, екіншісі ең болмаса есігін ашып көрмедім-ау деп арманда болып кетер-депті. –*Мемлекет дәулеті деген не? –*Мемлекет дене болса, дәулет соның жаны. Дәулетсіз мемлекет – жаны жоқ дүние. –*Мемлекет байлығы, халық байлығы деген не? –*Бұл екеуі айырылмайтын дене. Мемлекеттің құрамы халықтан тұрады. Егер халықсыз мемлекет болса-денесі жоқ бас болар еді. Егер халқы бар мемлекет болып, байлығы болмаса, бейнебір ішіне салатын асы жоқ құрулы тұрған қазанның кейпін көрсетер еді. – *Сонда көп болуға тиісті мемлекет байлығы ма? Халық байлығы ма? –*Егер мемлекет бай болып, халық кедей болса, құятын өзені жоқ көл болар еді. Халық бай болса, мемлекеттің суы сарқылмайтын теңіз болады. –Патша мен уәзірлердің міндеті қандай? – *Екеуіне де жүктелетін міндет біреу. Бірақ сол міндетті кімдер үшін атқаратыны сол адамның өзіне байланысты. – *Сіздің сөзіңізден патшаның уәзірден айырмашылығы не артықшылығы болмағаны ма? – *Көп кездерде уәзірдің  патшасының көлеңкесі болатыны кездеседі. Осындайда мынаны білу керек. Патша біреу, ал уәзір болса көп. Қалың тоғайдың ортасында бойлап өскен шынар болады. Ол айналасындағылардың демеуімен апатқа ұшырамай түзу өседі. Сол айтқандай уәзірлер әділ шыншыл болмаса жалғыз патшаның аты шықпас еді. – *Патшалық орданы неге бейнелер едіңіз? – *Орданы шахмат тақтасының бетіне бейнелеймін. Оның мақсаты, өмірі үшін табысқа жету. Алуан түрлі қиындықтар мен шытырмандардан жеңіске жету жолын таба білгенде ғана, көздеген мақсатына жетпек. Патша — орданың жүрегі.  – *Қанағат деген не? – *Қанағат адамның өмірге керегінің мөлшері. Міне, мысал үшін дастархан үстінде кесе тұр. Оған толғанша құйса көтереді, артық құйылса төгіледі. Артық артқан жүк не арбаны сындырады не өгізді өлтіреді. -*Әділет дегенді не деп түсінесіз? -*Әділет деген сөздің өзі патшадан шыққан. Патшадан әділеттілік болмағаннан шыққан. Адамға аяныш етпес тас жүректілерден шыққан. Әрбір адам еңбегіңе қарай үлесін алып, артығын қоғамның орталығына үйе берсе, айналасындағы адамдарға керек нәрсесі сол орталықтан табылар еді. Еңбек істеп күнін көрген адамнан ешқашанда әділетсіздік шықпайды. Ел деген сөз-көп деген сөз. Осыдан мынаны аңғаруға болады. Сол көптің бәрі құл екен, ал оларды басқарып отырған қожалары аз мөлшерде. Негізінде еңбек істемеген адам өмір сүре алмауы керек. Сонда олар алтын сарайда қалай отырады, сонша дүние-малды кімнің көмегімен тапты, отырған адам рахатын көріп, соны тапқан, баққан адам азабын көрсе әділеттілік болады ма? – *Оларды құлдар істемей ме? – *Ендеше ешнәрсе істемеген қожаның үстіне патшаны ел құдайдан тағы сұрап алды дейсің бе? Ол дұрыс емес, патшаны құдайдан ел сұрамаған, қожалар сұраған. Құдай сондай әділетсіздікке барады ма? Патшаны Құдай жіберген деген сөз өтірік. Оны сол қожалар көп адамдарды өзінің ырықтарына көндіру үшін қолдан қойған. Адам құдайдан жалғыз-ақ нәрсе сұрайды. Ол-денсаулық. Туғанда он екі мүшесі түгел туылса, ол адам керегіне пайдаланса дені де сау болады. Ал патшаларды адам құдайдан сұрамайды. Әрбір дені сау адам сол патшалардың арқасында тыныш өмір сүргісі келеді, теңдік пен еркіндікті көксейді. Әркім өз еңбегімен өзі пайдаланар болса, онда патшаның керегі жоқ, бар болмысымен жақсы тұрмысын кешіп жүре берер еді. –*Ұжмақ пен тозақ дегенді қалай түсінесіз? – *Біз көрмеген ұжмақ пен тозақты әңгіме қылмай-ақ осы өмірімізді мысалға алып көрейік. Алуан түрлі тәтті жеміс-жидегіміз бар. Сәулетті сарайлар салынған қаламыз бар. Қойдың, сиырдың, жылқының семіз еті, қаймағы мен сүті, алуа-шекер, шараптар..т.б-ларды адам тауысып айта ала ма? Бейіш, ұжмақ деген осы жерде емес пе? Осы сарайды ұжмақ деп есептесек, сол бейіштің ішінде патша бар емес пе? Патша бар жерде зындан, қылыш, найза, дар ағашы, құлдар бар. Оларды патша басқа елді өзіне бағындыру үшін, жазықтыларды өлтіріп, зынданға қамау үшін пайдаланады. –*Жазықтылар не себепті жазықты болады? – *Олар ұрлық қылады, біреулердің дүниесін тартып алады, әлділері әлсіздерді өлтіреді. Дін тәртібі бұзылады. –*Олар неге үйтеді, тамақтарын ішіп жүре бермейді ме? –*Олардың иесі даладағы жүрген адамға бере ме, ол бермесе ақшасы жоқ адам аштан өлмей ме? Ақша болса сол аз адамдарда бар да, көптің қолында жоқ екенін білесіздер, сіздердің айтып отырған ұжмақ қожалардың үйінде екен де, ал тозақ көпшіліктің басында болғаны да. –*Үкімет туралы не айтар едіңіз? –*Үкімет туралы әңгімені саясат деп бастаған дұрыс сияқты. Саясат пен әкімшілікті айыруға болмайды, ал дін мәселесі деген саясаттың бір тармағы. Барлық адамға белгілі болғанмен, аш адамға Алланың атын айтып түсіндіру қиын. Саясат жұмысын басқарушыларды әкім деп атайды. Әкім деген сөздің түп мағынасы-уәкіл деген сөз. Әкімнің лауазымы үлкен болсын, кіші болсын, ол өзінің айналасына қолайлы адамдарды жинап, сарайлар салып, егін ектіріп, мал бақтыруға басшылық қылып қоғамдықты қалыптастырады. Мемлекет ғимаратын басқару үшін ақыл мен парасат ауадай қажет. Саясат жүргізген әкім өмір тәжірибесімен халықты басқармаса, істеген ісі баянды болмақ емес. Әкім елдің бірқалыпты жақсы тұрмысын қалыптастырып, дүниенің гүлденуі үшін, халықтың көңілінен шығатындай саясат қолдануы керек. Өмір-адамның ас жайған дастарханы. Дастарханнан ас табылмаса, халыққа оның керегі жоқ. Ондай әкімдер бар жерде күші жеткендер өзінен әлсіздерді жәбірлей береді. Сондықтан ақылды әкімді қою, сол елдің патшасы мен мемлекеттің міндеті.

     Омар бин Китаб (сахаба) адамдарды әкімдік қызметке алғанда мынандай төрт шарт қояды екен. – *«Атқа мінбейсің, айрықша киім кимейсің, қазына мүлікке тимейсің, қызмет бабын пайдаланып ешкімге қиянат етпейсің, халқың әділдігіңді көрмейінше ешқайда кетпейсің, әлсіздерді сөкпейсің, артық дүние-мүлікті ретсіз төкпейсің, әйелің мен бала-шағаңды өзіңнің адал еңбегіңмен бағып ептейсің»- дейді екен. Омар ибн Китаб өзінің патшалық құрған заманында қасына Зайд бин Аслам деген уәзірін ертіп, елінің хал-жағдайын білу мақсатында түн ішінде қаланың шеткі көшелерімен келе жатса, алыстан таудың бір жырасындағы жылтыраған отты көзі шалады. Қасына келсе бір әйел қазанына толтырып суды құйып, астына от жағып қасындағы жүрген төрт-бес баласымен отқа жылынып отыр екен. Қазанның ішіне үңілсе судан басқа ештеңе жоқ. Омар әйелден: -*Не қылып отырған жандарсыз?-деп сұрайды. –*Тоңып отырған жандармыз-дейді әйел оған бұрылмастан. –*Балалар неге жүдеу? – *Олар аш. – *Қазанда қайнап жатқан не нәрсе? — *Су. –*Оны неге қайнатып отырсың? – *Балаларды жұбату үшін. Бұлардың осы көрген бейнеті үшін Құдай алдында патшамыз Омар жауапты –депті көзіне жас алған әйел. – *Омардың қандай байланысы бар депті өзін танымай отырған әйелге. –*Ол әкім, халықтың хал-жағдайын білуге міндетті, сондықтан Құдай алдында менің балаларымның аштан өлетіндігіне сол жауап бермегенде кім жауап береді-депті. Омар оған басқа сөз айтпай үйіне келіп бір қапшық ұн, май, ет, жуа,..т.б қосып бір ыдысқа салып өзі арқалап тауға қарай жүре береді. Қасындағы Зайд; -*Ұнды мен көтерейін деп қолқа салғанда, хазіреті Омар: -* Өз жүгімді өзім ғана көтеруге тиіспін, маған тиіс жұмысты Алла Тағала тек менен сұрайды — деп таудағы әйелге жеткізеді. Жолшыбай үйіне қайтып келе жатып: Аслам көрдің бе, қараңғыда жарық керек. Сол жарық жанбаса мен олардың хал-жағдайын қайдан білемін. Адам баласының көкірегіндегі сәуле болмаса әлемдегі адам баласының жәбір-жапасы арылмақ емес-депті. Сол Омар халифаның патшалық құрған заманында қасындағы бір жолдасымен келе жатса, бір қора қоймен бір топ ит бірге жүр екен. Олар таңырқап қойшыдан: -*Итің не деген көп еді, мұның бәрін неге қойға қосып жүрсің?-дегенде, қойшы күліп: -*Осындай ит бола ма, оның бәрі қасқыр ғой-депті. – *Е, қасқыр болса қойларды жеп қоймайды ма?  Сонда қойшы: -*Әкім елді жемесе, қасқырлар да қойларды жемейді-деп жауап беріпті. Омар ибн Китаб халқына әр намаздың соңында мынандай уағыз айтады екен: — *Уа, Халқым! Көңілдерің таза болса, таудың тасына да кір тұрмайды. Ісің таза болса қараушының көзіне кіреуке (шел) тұрмайды-дейді екен. Осындай қасиеті үшін халық Омарды «Әділ Омар» деп атаған. – *Сізден бір сұрақ сұрауға болады ма? — *Әрине болады. – *Адам баласы өлетінін біледі, сонда патшалар өмірінің мәңгілік еместігін мойындай ма? – *«Патшада қырық кісінің ақылы бар» -дейді. Сондай ақылы бола тұра өлмейтіндей болып жүре береді. Халықтың  аладында, артында жақсы аты қалған жақсыларды мәңгі өлмеген деп айтсаңыз болады. Осындай сұрақтарға дәлелді жауап берген шаһзада халқының әділ патшасы болыпты.

      Қош оқушым, бұл әңгімеден қандай нәр  алдыңыз? Болашақта бұл әңгіменің астарлы сырына жан ғылымына қайта ораламыз да 16 санының құпия сырына тоқталамыз. Сондықтан мұқият қайта оқып түсініп алуға тырысу керек. Аятта; «Қиямет күні әр үмметтің ішінде, өздерінен бір айғақ әкелеміз. Мұхаммед сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік» (16-89) (105) Енді бұл үмметің белгісі; 16; (89)-17 сандарымен ерекшеленеді де және 105-ші кітапты меңгерушілер, құдайдың хикметіне иман келтіріп, нығметін алғандар тобына жатады. Және бұл үмметтер 98-ші сүре «Бәййіна» сүресін меңгерушілер болып табылады. 16 санды жұлдыздың мәнін жоғарыдағы әңгімеден; білім, ғылымды меңгеріп ел басқару, әділетті заң шығарушы, билік, абыздық берілген төрелік айтушы «Лама» дәрежесін меңгерушілер болып есептеледі. Ол үшін 17-ші сүре «Ісраны» меңгеру арқылы 16-шы сүре сонан кейін 15 санды «жұлдызды» меңгеру шарт. Енді қазақтың ұғымындағы «Қожалық», «Төрелік» деген кітап берілген құлдарын руға немесе араптан ғана келгендер тұқымына айналдырып алудың қателігін осы тақырыптағы мысалдан хақиқатын көруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *