Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}
Тарихат дегеніміз шариғаттан ажырамай бірге орындайтын, заман біліміне, рухани жетістіктерге байланысты кеңітілген түрде ұлттық масхаб білімімізбен, замана білімімен жетілдіру үшін Раббымыздан түсірілетін қосымша аян-аяттарды, нұсқауларды алумен және дін ортасы жамағат қағидасын сақтай отыра, барлық дінге ортақ исламдық шарттардың, пәтуалардың білімдерін жетілдіріп, қалыптасуымен ерекшеленеді. Және тарихат білімі рухани негіздегі Ғиса пайғамбарымыз меңгерген тірішіліктік намаздармен, түрлі көріпкелдік, ем шипалық істермен және тарихаттан, яғни шежіреден хабар алумен, жеті ата ағашымен жалғана білумен де ерекшеленеді. Сондықтан шариғат тән тазалығына байланысты ар білімінің ірге тасын қалап, тарихат рухани білімді меңгерумен оның қабырғасын тұрғызып, мағрипат жан білімін жетілдірумен төбесін жабу керек. Ал ішкі дүние-мүлкін әр пенденің ұлттық, тұрмыстық, жыныстық, шаруашылық ерекшелігіне байланысты іргелі білім, кәсіп және түрлі жағдайдағы рухани дарындылықтарды, тақуалық, сопылық тазалықтарды қалыптастыру барысындағы меңгерген естілік, сана қуатымен, рухани өлім дәрежерімен нәтижеленеді.
Бұл шаралардың енді ата жолының тарихаттық ар біліміміздің мектебінің, рухани сезімнің негізі болып, бес атамыздан белгіні алуды меңгерумен; Түктібай ата—сол жауырын, Сүйінбай ата—жүрек, Сарыбай ата—білек, Жамбыл ата—желке, Қайназар ата—екі шеке белгілерімен байланысты болып, ата жолының жол басшысы Қайназар ата болып саналады. Бұл белгілер пенделердің ұлтына, жынысына, кәсібіне де қарамай, барлық ата жолына аяқ басқан немесе ата сал-дәстүрлі дінге иман келтіруші мемлекетіміздің барлық тұрғындарына да ортақ болып саналады, белгісі білінеді де. Ал қазақ ұлты үшін, яғни біздердің үмметтік қазақтық ерекшелігіміз жол-жобамыз, тарихатымыз да бес атадан басталады.
Мұндай рухани сезім қуаттарының ерекшелігіне, жан ғылымына алда тоқтала жатармыз, енді жалпы әлем діндерімен, ортақ жолдармен байланысқа түсу үшін берілетін ортақ белгілер; Арыстан баба—тізеден; өліммен ақиретпен кездесу, Ясауи баба бастағы жан қожасы насыр қуатымен жан періштелігімен байланысты және Қайназар ата белгісімен де байланысты болып келеді де, Айша анамыз – төбеден тақия болып белгісін берумен; төбеден келетін қуаттардың негізгі тозақ қақпасының күзетшісі, басқарушысы және жүрекке иманның, зейнет есігінің періштелік күзетімен көңіл, ұждан қуатымен, ар сауытымен, боймен байланысты болады. Негізгі осы белгілерінің тұтастай жиынтығын бойға алумен, осы негізгі 8 белгі арқылы тарихаттың есігі ашылып қана тарих шежіремізден аруақтардың басы көтерілуіне байланысты күнәлі қараңғылықтағы, жалпы әйелдік әурет саны; 31-санды ман (30+бір (7)-жан) қуаттарының бөлмелерін, әурет орындарын күнәлі болмыстан босатып тазартумен, орнына нұрмен зейнеттелу арқылы толық мұсылман, яғни «Лұқман»-ға айналуымыз шарт. Ал қалған 16 малдық қуаттарды меңгеріп, Мұхаммед-47 санды шырақтық белгіге, яғни жер бетіне түскен, бейнеленген барлық құранға толық жалғануға Қажы баба басынан табылған шырағданның (16 барыс, екі бүркіт, екі қасқыр) рухани негіздегі қызырлығын меңгерумен және ордалар арқылы шырақ шағып, батамен көгеріп көктеу арқылы ғана атқарылуға тиісті. Ал тән саулығын, мал қуатын қалыптастыруға негізделген медтина (медицина) таңбасы жыланның ыдысқа оралған белгісін ордаларда бақсылар, емшілік ісін меңгергендердің тәндегі жылан ордаларын қамшымен, аса таяқпен т.б. түрлі сипаттағы ұлттық шипагерлік тәсілдерді қазіргі медицина ғылым жетістіктермен біріктіре отыра атқарылуы тиіс.
Бұған қоса мөр мұғжизасының көмегімен тылсымнан хабар алу, батамен бағыт сілтеп, зейнеттелу арқылы орындалатын, Ата жолының тарихаты кеңінен жеміс беріп, көптеген аққу сұңқарлар тарихта жоғалып кеткен әулие, батыр, даналарымыздың да бастарын тауып, құран аяттарымен өмір ағаштарын суарып, көкке дейін тілектерімізді көтеру үшін де үнемі керуен кіргізіп отырумен және ата жолындағы осындай заманға қарай жетілген намаздарды орындау арқылы сыйға берілген көптеген көріпкелдік істердің де халыққа танымал болғаны да өтірік емес және әлі де жалғасын тауып жатқаны да сөзсіз. Ясауи бабамыздың: «Отыз үш мың шариғатта қайран болып, Отыз үш мың тарихатта сайран болып, Отыз үш мың хақиқатқа қайран болып, Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар.» деген өсиетінен нәр алып, мың болмаса да, жүздеген дидарға, аянға айналған хикметтерден осы үш несібені де рухани өлім дәрежесінен толық өткен ата жолда алғашқы Ақ ұлымыз болды.
Бірақ Ясауи бабамыздың көрсетіп, дәлелдеп кеткен ілім жолын; «Шариғатта «Ғылмул- иақын» (ғылым деректерін) сөйлеп өттім. Тарихатта «Ғайнул-иақын» (Дерек көздерін) сөйлеп кеттім. Хақиқатта «Хаққул- иақын» (хақ туралы ғылым) көздеп өттім.» деп, санмен көрсетіп кеткен құранның құпия білімін меңгерудегі ілім жолының білімі де мағрипат жолына айналып, оны кейінгі жүздеген әулие-әмбилеріміз және Абай-Шәкәрім аталарымыздың ар білімінің негізін өзге елден сөз атауларын, ұғымдарын сатып алмай ақ, екі сөз аманатпен-ақ (шал емшегі, жер емшегін еме білумен) біздерге ұғынықты қылып, дін философиясын, білімін түсіндіріп кеткені айқын дәлел бола алады. Ал енді Ясауи бабамыздың жаратылысты танудағы адамзатқа берілетін барлық құпия сырлардың шындығын көріп, оның да дидарлық аяттарын көру саны да; 99 мың болатынын ескертіп, енді соңында қалған біздерге тылсымнан шапағатшы болған әулиелермен барлығы сапқа тұрып, жол-жобамызды, тарихатымызды көрсетіп, мағрипат білімін оқып, жаратылыстан жүктелген періштелік аманаттарды қайтарып беріп, хақ туралы ғылымды хақиқат жолын көрсетуге Раббымыздың Ғиса пайғамбарға берген сынағы сияқты, тарих оқиғаларының қайталану жағдайының қазақ елінде басқашалай сипатта жалғасын тапқаны да сөзсіз.
Ата жолының мағрипат білімі қандай болады десеңіз, оған осыған дейін арнаулы 6 жазба үнпарақтармен қысқаша есіктерін ашып, әрбір адам баласының тылсымнан білім, ғылым деректерін, дидарын өзі көруге аталар аманатын жеткізуге тырыстық. Бірақ, әлі алда мағрипаттың терең сырлы жан ғылымының құпиялары және жаратылыстың негізгі хақиқат деректері Мұхаммед пайғамбарымызбен және оған дейінгі көптеген пайғамбарларымыздың және барлығының басын біріктірген Ясауи бабамыздың меңгерген құпия сырлы; «Хаққул иақын» ғылым көздері, деректерін де шамамыз жеткенше баяндап көретініміз және әрбір білімді, жанды адам баласының Сәни дәптерді тікелей оқып түсінуге жеткізгенше, әулие-әмбилеріміздің меңгерген 21 түрлі кітаптарына толық жалғанғанша жазыла да бермек. Бірақ ол үшін де әуелі тарихат жобамызды шариғатымызбен толық меңгергенде ғана жол болып саналатын тарихат жолымыздың кедергілерінен өту білімін бір-бірімізге ата жолының тәжірибесі арқылы насихаттап, Құран үгітін меңгергеніміз де абзал.
Бұл кітаптың басты белгісі; ата жолындағы Айша анамыздың ақ туындағы 21 жұлдыздың кітаптардың аты- ғұрып, ғұмыр болып, негізінен қазақтың мәдениеті, салт-дәстүрі болған ізгіліктер мен әдептерін; «Қызға қырық үйден тиым», «Баланы жастан қатынды бастан», «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без», «Атаңа не істесең алдыңа сол келер», «Ағасы бардың жағасы бар», «Інісі бардың тынысы бар», «Ақсақалы бар ауыл азбайды», «Қонағыңды құдайдай күт», «Қырықтың бірі қыдыр», «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан, үйдің (жан үйінің) жақсы болуы ағашынан», «Үлкендердің төсегіне отырма», «Бүйіріңді таянба», «Аяқты айқастырма», «Таңдайыңды қақпа», «Үлкен қадірлі адамдардың атын тікелей атама», «Аһылап, уһілеме», «Мал қораға дәрет сындырма», «Шашыңды жайма», «Бас киімді аяқ жаққа қойма», «Тізеңді құшақтама», «Шүлдірлеп (өзге түсініксіз атауларды пайдалану) сөйлеме», «Тіліңді шығарма», «Аруақты естен шығарма», т.б. өзге елдердің шариғатында жоқ түрлі жағдайда арсыздық пен шерік қосу, шерік қату сияқты күнәлардан алдын-ала сақтандырумен бақытты өмір сүрудің қағидасын қалыптастыратын өзге елдерде жоқ қазақ шариғат білімін, ар білімінің негізін меңгерумен бірге тарихатымызға, өткенімізді меңгеруге қарай сапарға шығуға мінез, сөз жомарттықтармен тақуалыққа яғни 91-санды «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» меңгеруге, яғни Пір Бекет аталарымыз сияқты меңгерген дін істерін, ғылымын білуге, қасиеттіліктерін сіңіруге негізделген керуен жолын, рухани өлім сатыларын, жерге жасырылған рухани байлықтарымызды меңгеру ілімін; «Өлілер риза болмай, тірілер байымас» деп «Арыстан бабқа түне, Түркістаннан тіле!» қағидаларын исламдық намаз орындау қағидаларымен, пайғамбарымыздың сүнеттерімен ғана орындауға шақырылады.
Сонымен ата жолының 9 жылдық түрлі жағдайдағы; тіл, сөз, қылық, әдет, ғұрып, мінез, ой және білім, ғылымдағы да ескіріп тозған, сондықтан екіжүзді, «мұнафықтық» тәубеге жатып, құран философиясындағы да көптеген аяттардың ұғымдары өзгеріп жетілумен тәпсірлер мен соған байланысты намаз орындаулар, оқулардағы екіжүзділік пәтуалар мен «намазхандық» әдеттерді түзетіп, ақыл-ойдың, тіршіліктік намаздарының сынақтарынан өтуіміз тиісті. Бұл мектептің енді үш түрлі негізгі кітабы болып; Бірінші асу: 21 санымен ғұрып, ізгілік, ұлықтық пен кішілікті меңгеруге негізделіп, ал 91 санымен тақуалық, яғни тарихаттық дәрежедегі дін амалдарын жетілдіруге және жекелей жоба алуға арналады. Екінші асу; 142-санды пайғамбарымыздың сүннеттік намаз орындау мүліктерін толық түгелдеумен және жеті түрлі сүйекпен сәжде жасау, яғни қолды ағартып, періштелік аруағын жетілдіріп, тура жолға түсумен, масхаб мектебінен дін істерін ауқымды түрде меңгерумен ерекшеленеді. Сонымен тура жолдың кітабына жалғандыңыз, енді тағы жеке аманаттармен жүктеле бастайсыз да пайғамбарымыздың «Һұд сүресін меңгеріп біткенше шашым ағарды» деген астарлы өсиетіне жалғанумен, яғни ата жолы үшінші кітабын; 38-санды құран ғылымын, білімін меңгерумен, жанды жетілдірумен мағрипат жолын меңгерумен ерекшеленеді. Енді ата жолының осы шараларын аз, көп аяттарын алып, «ер кезегі үшке дейін» дегендей, әрбір асудың үш түрлі кедергілерінен өтумен 9 санды тәубеге толтырып отырасыз. Және әрбір рухани өлім дәрежелерінің де ішкі сандық мәндерін, аяттарын меңгеріп, ақиретпен кездесумен, өзіңнің қабілетіңе қарай белгілі бір әулиелердің пір болып кітаптарына жалғанып, қасиеттерін меңгеріп, сауап амалына айналдыру арқылы ғана 9 жылдық сынақтан сүрінбей өтсеңіз, осы жылдардағы алған рухани жүгіңіздің, аянмен, хикметтермен оқи білген кітаптарыңыздың шамасына қарай болашаққа қосымша жүктелесіз.
Негізінен әрбір жылдағы 9 тәубелік сатыларын меңгерумен 9 жылда онмен дәрежеленіп барлығы 90-санымен, тобықтай түйін алумен 91-санын да меңгеруіңізге қарай, орта топтан ғана болып табыласыз. Ал енді сопылық жолдың бір деңгейін ғана меңгерумен, яғни 142 санды кітаптарды алумен пайғамбар шапағатына жалғанып қана әрі қарай екіжүзділіктен құтылып, тәубалық иман дәрежеңіздің жоғарғы сатыларына көтерілуге, көк жолдарына өз қауымың арқылы тікелей жалғануға, яғни 38 санды хақиқат білімін меңгеру арқылы Алла жолына қызмет етуге тағы да аманат алумен шақырыласыз. Егер 9 жылдық сынақтан өтіп, қосымша тағы жыл мезгілдерін алумен, уақилармен жүктелмесеңіз, онда сопылық жолды да, тура жолды да әлі таба алмаған болып, қайтадан басынан бастауыңызға да тура келеді. Сондықтан ер кезегі үшке дейін, «Үш қайнаса да сорпасы қосылмайды» дегендей тәнді де үш рет өлім сатысынан тозақтан өткізіп, қайнатып, сорпасының майын ішумен, Рухыңыз, жаныңыз, сезім нәпсіңіз де осындай 3 түрлі сатылардан өтуге тиістісіз.
Ал енді діни топтар құрып, сопылық қылып, намаз оқуды жетілдірумен «Намазхан» аталып, бірін-бірі пір қылып, өздерін құдай қылып көрсетсе де; «Үш ұйықтаса да түстеріне кірмейтін» хақиқаттың дидарын, Раббымыздың нұрын көру дәрежесіне, хикмет мектебіне кіре алмаса, онда жалған сопылық болып танылады. Және әрбір осындай топтың нұрландырушы кітабы, философиялық негіздері болу керек. Ал ата жолының нұрландырушы кітабының негіздері осы басылымдағы деректер мен Абай-Шәкәрім құран насихатын түсініп оқи білсеңіз және керуен, орда қағидасын, батаны меңгерумен қаншалықты киелі аруақтардың басын көтергеніңізге ақшаға, дүниеге айырбастап жібермей жинаған сауабыңызға байланысты әулиелікке, 3-4 қанатты періштелікке жеткен аруақтарыңыздың көмегімен тура жолдың мағрипат біліміне, Ясауи бабамыздың хақиқаттық хикмет дидарын да көру қабілетіне жететініңізге құран атымен, пайғамбарымыздың 47-санды қыдырлық қасиет шапағатымен уәде беруге болады.
Мүмкіндігімізге қарай, алдағы уақыттарда да ата жолындағы біздердің қасымызға жиналған қасиетті аққу, сұңқарлардың намаз орындау, түрлі жағдайларда кездесетін сынақтарды меңгеру тәжірибесінен мысалдар беріп, 9 жылдық емтихан негіздерін, насихатын қолымыздан келгенінше жазып, бөлшек-бөлшек қағаздар түрінде тарата берерміз, бірақ бәрінің басын қосып, негізгі философиялық ілімін меңгеруде өзіңіздің тазалағыңызда қаншалықты арамдарды, шеріктерді қорыта алатын, асыл сөздің қуатын меңгере білетін «битіңіздің», бірліктердің бар екеніне де байланысты болады.
Енді жоғарыдағы Ақ ұлымызға келген сынақтың ішкі сырына көпшілігіміз түсінбей қарсы болуымыз да сөзсіз. Оған негізгі себеп өз басыңнан ондай әулиелік, тақуалық дәрежедегі ахуалдан белгі алып, бастан кешіп өткізбей немесе тылсым арқылы құпия білімін де көрмей, құпия сырын да меңгеру мүмкін емес және ақылмен де қабылданбайтыны да даусыз. Сондықтан осыған дейінгі баяндалған, 6-басылым ішінде жазылған (5-шісі әлі таратылмаған) кейбір аталарымыз ғана бастан өткізген жан ахуалының рухани білімі діншілер тарапынан қабылданбай, ата жолының қудалануына да себеп болған ішкі сырларының хикметтерін осы басылымдардың араларын жалғап отыруды мақсат қойдық. Мүмкін тақуалық жолында ізденіп жүрген жастарымыз бен үлкендерімізге де шамалы да болса сынақтарынан, осындай ұқсас кедергілерден сүрінбей өтуіне көмегіміз тиіп жатса нұр үстіне нұр болары да сөзсіз.
Әзірше шамалы мысалдармен дәлелдер бере кетейік.