АТЕИЗМ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Өмір әр адамға Алланың берген сыйы екен. Бірақ денсаулықты сақтауды өзімізге міндеттеген. Егер оны күтпесек, кеселімізді мезгілінде емдетпесек, ертеңгі күні жаратушы ие алдында жауап береді екенбіз. “Ей Алланың құлдары, ауруларыңды емдетіңіз. Алла тағала дауасыз ешбір науқас жаратқан жоқ, жалғыз кәрілік пен ажалдан басқа” депті Мұхаммет пайғамбарымыз. Өзі де кезінде көзін сақтау үшін сүрме жағып, қан алдырып, дәрі-дәрмек ішіп жүрген. Іші жүрмегенде бал ішіп, ішіңді өткіз дейді екен.

Бір жолы басы ауырып, маза бермепті. Қала шетінде жалғыз басты емші кемпір бар екен. Соған көрінуге періште кеңес берген. Пайғамбар барғысы келмепті. Басы одан сайын қатты ауырыпты. Ақыры барған. Сонда кемпір тұрып: “Ей Рассула, келдіңіз бе? Алланың сіздің үстіңізден бізге бұйыртқан нәпақасы бар еді” депті.

Рухтың бар екендігіне дүние жүзі халықтарының көзін жеткізген сәуегей әйел, болгарлық Вангелия Пандеваның іс-әрекеті жұртқа мәлім. Ол туралы жер шарының көптеген, миллиондаған адамы біледі, газет-журнал беттерінде жарияланды, кітаптар шықты. Ол жарты ғасыр бойы өзінің сәуегейлік таланты мен адамзат баласы үшін игі қызмет атқарып келді. Болгар ғалымы, психоневрология маманы Лозоновтың зерттеуі Ванганың 1700 болжамының 70% астамы шындық болғанын көрсетті.

Талай – талай өлген адамдардың рухымен сөйлескен ол, тіпті алдына, қабылдауына барғандарды – жас әйелді өлген күйеуімен немесе біреулердің ата – ана, туған – туыстарының рухымен кездестіріп, тілдестірген Ванга, ақыры басқа планета адамдарымен байланыс жасады.

Енді өз еліміздегі спириттер мен телепаттарды сөз етейік. Алматылық Леонид Семенович Прицкер – техника ғылымдарының докторы, қазақ геофизикалық ғылыми зерттеу институтының героинтроскопия лабораториясының меңгерушісі. 1990 жылдың ақпан айынан бері экстрасенс, басқаға көрінбейтін заттарды көреді, рухтарды фотоға түсіріп алады, телепат. Алғаш сол жылы мамыр айында ұшқыш табақтарды суретке түсіреді; Құпия объект фотода сурет болып шығады. Содан бері оның түсірген суреттері көп, оларды өзі “сенсеграфиялар” деп атайды. “Казахстанская правда” газетінің 1992 жылғы 22 тамызында арнайы мақала берілді, онда Л.С. Прицкердің түсірген суреттерін экспертизаға бергенін оған прокуратура, криминалистер, қауіпсіздік комитетінің адамдары, айтулы фотограф т.б. қатысқанын, жан-жақты мұқият зерттеуден кейін эксперттер бір ауыздан “бұл суреттер ғарышпен тікелей байланыстық нәтижесі болып табылады” деген қорытындыға келгенін жазды. Л.С. Прицкердің өз көрген білгендерін жазған “Көрінбейтін шындық”, “Статикалық биоөрістің феноменологиялық теориясы” деген еңбектері бар, 1993 жылы ол әлемдегі 24 ең ірі феномендердің бірі болды. Ол өзінің басты міндеті “Ғарыштан алған білімімді – ақиқатты адамдардың санасына жеткізіп, білімін, өрісін көтеру. Ең бастысы рухани дамып, жан дүниелерінің тазалығына септігімді тигізу деп түсінеді.

Бірде ол биоэнергетик Татьяна Юрьевамен бірге таныс қазақтардың үйіне шақырылады. Дастарханға жұма күнге әруақтарға арналған дәм келеді. Қарт әже құран оқиды. Сол кезде қонақтар қараңғылау бөлмеге көгілдір сәуленің құйылғанын байқайды. Ас ішіп болған соң, үлкен бата оқылған сәтте, ауа электрленіп кеткенін сезеді де дереу сол жерді суретке түсіріп алады. Бұл суретте үш әйел бар – екі қазақ, бір орыс әйелі. Қазақ әйелдерінің алдында шырағдан секілді екі шам жанып тұр, ол орыс әйелінің бас жағында телевизор экраны тәріздес төртбұрышты сәуле жинақталған тағы бір жарық шам құран оқып отырған қарт әйелдің алдынан сәуле шашып келеді. Картинаның қақ ортасында төбеден жас баланың ортадағы жарық шамға қол созған бейнесі елестейді. Шам мен бала қолының арасын жарық сызық қосып тұр. Бала денесінің әлсіз бейнесінің о дүниеден келіп тұрғаны байқалғандай. Бұл бейнелер бөлмедегілердің ешқайсының көзіне көрінбеген еді. Бірақ олардың болғаны ақиқат.

“Астральдық, менталдық, виталдық қабаттар туралы не айта аласыз деген сұраққа төмендегіні айтқан.

“Астральдық әлем ноосфераның төменгі қабаты, өлімінен кейін кей адамдардың жаны осы қабатта өмір сүреді. Көрер көзге олар сыртқы әлеммен байланыс жасауға арналған антеннасы бар, өрмекшінің торы тәріздес болып келеді. Бұл өмірде сана-сезімнің, рухани дамудың қандай мөлшеріне жетсең, о дүниеде соған сәйкес қабатқа тап боласың. Виталдық қабат астральдықтан бір саты жоғары. Онда өмір сүретін жандардың өзіндік әртүрлі бет – бейнелері бар… Одан жоғарғы қабат – менталдық. Онда атақты адамдар өмір сүреді деп келіп композитор Брамстың, I-Петрдің суретін дәл өз бейнесінде түсіріп алғанын айтады. «Ең жоғарғы саты – Ақ туыстық. Онда тек Мұхаммед, Иса (C.F.C.), Будда, Кришна тәрізді пайғамбарлар өмір сүреді. Олар бізді үнемі бақылауға алып, өмірімізге, сана – сезімімізге өз әсерлерін тигізіп отырады» дейді.

Қазақстанға 5 жасында келген Украин жігіті Валери Антонович Запредельный қазір ғалым – эзотрист (құпия ілім) көріпкел, телепат. Ол туралы Әділ – Бек қаба “Жас алаш” газетінің 1996 жылғы 13 наурыздағы санында жан-жақты зерттелген материал жариялады. Валерий Антонович өзі туралы былай дейді:

”Менің дүниетанымым өзгеше болатын. Алланың қалауымен өзгердім. Құдайдың бар екенін мойындадым. Өзімді-өзім тануға, жаным мен дүниемді кемеліне жеткізуге ұмтылдым… Жаратушыдан информацияны тікелей ой, білім түрінде (телепатия) аламын”.

– Құдай, жан, рух деген ұғымдарды қалай түсіндіресіз? – деген сұраққа төмендігіше жауап берген.

— Жаратушы Алла – Ұлы рух, жоғарғы сана. Ол объективтік түрде бар құр символ немесе субъективтік түсінік емес. Ол – тірі. Пенденің көзі көрмесе де, санасы толық жетпесе де ол – бар. Біз кішкентай рухтармыз. Алладан бөлініп шыққан рухтармыз. Немесе басқа бейне бар. Ол – теңіз, ал сен бір ғана тамшысың… Біз ғарыштың (Алланың) небәрі бір клеткасымыз. Ғарыш алып организм… Қазір дін мен ғылым түйісіп жатқанын мынадан көріңіз: американдықтар адам жанының салмағын өлшеп шығады: ол 6 грамнан 15 граммға дейін… Рух нәзік, жұқа материя… Даму төмен, артта қалған рухтар жерге жиі түседі екен. Себебі дұрыс өмір сүре білмейді, күнәға батады. Немесе бір өнерді игеріп алмағаны себепті, т.с.с. Құл Қожа Ахмет бабамыз “Әлем” “ғарыш” және “құдай” бір-біріне сәйкес келетін ұғымдар, оларды болмыстың бірлігі тұрғысынан қарастыру керек, сонда ол бөлінбеген “ақиқат” болып шығады деген екен Валерий Антонович Запредельный.

“Ғарышта құрбандық заңы бар. Желтоқсандағылардың төгілген қаны қауіп-қатерді шайып әкетті. Қазақстанда 136 халықтың өкілдері жиналған. Барлық тілдер Адам атаның тілінен бөлінген. Құпия көп. Қазіргі Қазақстанды үлкен аруақтар қорғап тұр. Көптеген нәрселерді білсем де, айтуға тыйым салынған. Жаңа дәуірде Аң – адам құдай адамына – Ғарыш адамға – айналуына байланысты небір кереметтер болады. Бұрын санаулы адамдар ие болған қасиеттер – көріпкелдік, емшілік, тағы басқа адамдардың көпшілігіне тән құбылысқа айналады. Ауру азаяды, соғыс болмайды. Қазақстанда адамдар құдайшыл, рухани дамыған болады, қылмыс күрт төмендейді, тұрмыс жөнделеді, экология шешіледі, шөл аймақ болмайды, жер жап-жасыл гүлденген аймаққа айналады дейді.

“Енді ең бір қуанышты хабарды жеткізейін. Әлем халықтарының ішінде Қазақстан 6-сатыға алғашқы болып өтуге тиіс. Мұның басты себебі қазақ халқына ежелден мейірімділік, шапағат пен ақ адал ниет, төзімділік тән. Ғасырлар бойы басынан кешкен тағдыр теперішіне, тауқіметіне қарамастан, жан-дүниесі қатайып қатуланып кетпегені үшін, бұл қазақ халқына беріп отырған жаратушы иеміздің қайтарым жақсылығы” – дейді.

Ол “Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл сұлама” заманында халықты зар еңіреткен жоңғарларға тойтарыс берді. Бірақ жеңісін пайдаланып олардың жеріне басып кірмеді.

Ал ашкөздігі үшін жоңғарлар жер бетінен құрып кетті, ал қазақтар әлі өмір сүруде. 1932-1933 жылдардағы аштық кезінде Голощекиннен кек алуға барған жоқ. Шыдады, Колбиннің өтінішімен Мәскеу 5-6 ұшақпен отряд жіберген желтоқсан оқиғасына қатысқан ұлттар жеті жыл бойы қамалып қарыздарын, күнәләрін өтеді, елдерінде бүліншілік болды. Бұл желтоқсанның салдары еді деп дәлелдеді Валерий Антонович.

“Тибетте біз астральдық ұшу арқылы жиі-жиі саяхаттар жасап тұрамыз. Бұлай ұшу техникасын біздерден өте жетік меңгерген. Адамның жаны денені тастап кетуден қорқады, ол үнемі сол денемен “Күміс жіп арқылы жалғасып тұрғанды ұнататады. Дегенмен, адамның жаны өз денесіне түбегейлі тәуелді емес, сондықтан да ол ой шапшаңдығының деңгейінде қай жерге ұшып барғысы келсе, сол жерге ұшып бара алады” – деп жазады тибеттік йога лапсант Рампа “Үшінші көз” деген мақаласында.

«Болжау біз үшін ғылым әрі дәл ғылым. Бірақ болжауға әртүрлі тәсілдер қолданылады. Біз астрологияға да сенеміз… 1027 жылдан бастап астрологтардың көмегінсіз тибетте бірде-бір маңызды мемлекеттік шешімдер қабылданбаған. Ер, әйелдің болашақ жарының түрі-түсін, қай кезде қандай апат болатындығын, қандай жағдайда, қашан өлетінін, түрліше түсінігін, отбасы мен жұмыс бабындағы келіспеушіліктерді, адамның ақыл-ойының деңгейін және рухани потенциалын біздер болжай аламыз» – дейді Лапсанг Рампа.

Американдық ғалым Раймонд Мауле “Өлімнен кейін өмір” атты кітабында клиникалық өлімді көрген көптеген адамдармен сөйлесіп, солардың клиникалық өліп жатқанда көргендерін жазған. Олар “Үлпілдеген құстың қанаты сияқты” боз қызғылт тұманға, бұлтқа ұқсас жанның бөлінгенін айтқан. Қар труба тәрізді түпсіз кеңістіктен ұшып шыққан жанды өз жылуымен ғаламат жарық өзіне тартады екен де, үнсіз телепатия арқылы сөйлесіп, содан кейін ол адамның өлуге әзір емес екенін айтып, жерге қайта жібереді екен, сол мезет жан денесіне қайта кіріп тіріледі де, адам көзін ашып тіршілік дүниесін қайта бастайтын болған.

Мұндай жағдай қазақтар арасында да көп болған, оны есін білмейді «ессіз – түссіз жатыр» немесе «кірпігі қимылдамайды» дейді. Ал қазақ арасында тылсыммен сөйлесетін аянмен, әруақтармен тілдескен сол арқылы аурудың тарихын, емделу жолын тағдырын дөп басып айтатын Алланың рахматы жауған кісілер жүздеп кездеседі. Мұның бәрі Алланың ісі, бұларға Рахман таза әруақ сыйлаған, бата берген пірлерін әулиелерден еткен таза әруақ болғандықтан да бұлардың көріпкелдігі де дәл, еткен шипаларының емдік қасиеті де күшті. Десе де әруағы бар деп жүргендеріміздің бәрі бірдей емес. Оның да түр-түрі бар.

Кейбіреулерге ата-бабасынан не нағашы жұртынан тұқым қуалап қонғалы жүрген әруақ болады. Алғашында мұндайлар бірқалыпты өмір нормасынан айырылып қалады. Көтеріліп – басылып, бірде лепіріп, бірде сылқ түсіп дегендей аумалы – төкпелі өмір кешеді. Халық оларды «әруақ мысы» немесе «жаспері» атаған. Аталарының, әулиелердің басына түнеп, әруақты кісілерден бата алып барып ұстаған. Азаптанбай, қиыншылық көрмей, ойнап – күліп жүріп әруаққа ие болу мүмкін емес болған. Болған дейтін себебіміз шамалы шегініс жасасақ ата жолы арқылы ойнап – күліп жүріп-ақ әруаққа ие болуға болатынына он мыңдай дәлел келтіруге болады.

Екіншіден, аралас әруақты адамдар болады. Таза әруақтармен қатар кәпір жындар, сайтандар аралас болатын “көрінді”. Халық ондайларды “ақ сайтаны бар” дейді. “Ақ сайтаны” қамқорлық етіп “жөн сөйлеп” жүрген болады да, жеме – жемге келгенде мұндай әруақ иелерін, емшілерді халық алдында ұятқа қалдырады. Алдына шын сеніммен келген аурулар жазылмайды. Көріпкелдік әңгімелері өтірік болып шығады. Немесе әруақ жолында жүрген “сабазың” өзі арақ ішіп, шайтандық жолға түседі. Мұны өмір көрсетіп жатыр. Әруақ иесі алдымен өзінің жанында жүрген ақ сайтанын қуу керек. Оның жолдары намаз оқу, ораза ұстау, таза имандылық жолға түсу. Өзінің жан дүниесін тазарту. Тазартудың тура жолы әулие — әмбилердің батасы мен зиярат ету арқылы тез нәтиже береді. (Болашақта ата жолы ақиқаты баяндалып зиярат ету, тазару жолдары да сөз етіледі.) Емшілікті дүние табудың көзіне айналдырған, сол мақсатты ғана ниет еткен адамдардың халыққа еш пайдасы жоқ. Күйзеліп келген өзі мұңды пендеге жақсылық ету, мейірімі түсу, аяушылық жасау ғана негізгі нысана болу керек.

Әдетте адам миының 7 – 10 пайызы үздіксіз жұмыс істейді екен. Қалғаны құпия. Бастағы 15 миллиардтан астам клетканың қалған 30 пайызы мидың сол тыныш бөлігінде. Сыртқы әсердің күшімен және адамның ішкі жан-дүниесінің тазаруымен сол клеткалар ашылып ақыл – ой мен сана өсетіндігі белгілі бола бастады. Бұл көріпкелдерге тән қасиет, құбылыс көрінеді.

Ал ғылым осы секілділердің бәрін магияға жатқызды. Ол гректің магия – сиқырлы деген сөзі, яғни басқа денеге не затқа күпіл күшінің әсер етуі деген мағынаны білдіреді. Бұл дінде құпия сыр. Қазіргі діндердің бәрінде де бар. Ол мақсатына қарай алты түрге бөлінеді:

1) қара немесе зиянды магия;

2) әскери магия — әскери билер қаруларды сиқырлау;

3) сүйіспеншілік магия (біреуді қосу не айыру);

4) емдік магия – биоэнергия беру, дұға оқу, ұйықтату;

5) кәсіптік магия – аң ұстайтын қаруды дұғалау;

6) метеорологиялық магия – жаңбыр жаудыру, т.б.

Марксистер мен Лениншілдер мұны сиқыршылық, көз бояушылық, түрлі ырым негізінде ойдан шығарған өтірік деп есептейді. Оны зерттеуге ұлықсат етілмейді. Магиялық өмірдің нағыз шындық екенін білген жоқ. Жеке адамдардың бойында ерекше қабілет – қасиет, яғни магиялық күш бар екенін шет елдерде бұрыннан белгілі болғанын білеміз. Бізде де қазір кең етек ала бастады. Яғни тылсыммен байланыс кең етек ала бастады. “Табиғат диалектикасында” Энгельс спиритизмді жоққа шығарған еді. Оның бекершілік екенін қазір бүкіл әлем біліп отыр. Қазір халқымыз спиритизмнің көрінбейтінін, қолға ұстайтын күштерін көруде. Спиритизм мен телепатияны меңгерген әр ұлттың ұл – қыздары арқылы дүниенің бостан-бос пайда бола салған нәрсе еместігіне, оның саналы ақыл-оймен, үлкен данышпандықпен жаратылғанына көздері жетті. Адамдар мәңгілік өмір сүретіндігін біліп қуанышқа кенеледі де, рухани жаңа жігерге ие болады.

Осы заманғы ғылым адам денесін қоршап тұратын, оның сыртқы қорғаныс қабаты – биоөрістің бар екендігін тапты. Әшейінде біз 20 герц 18 килогерц жиіліктегі дыбыстарды естіп, ультра дыбыстарды сезбейтіндігіміз сияқты сан-алуан түсті (қызыл, сары, қоңыр, көк, жасыл, т.б.) толқындардан тек 400-700 нанометрлік толқынды ғана қабылдаймыз, басқаларынан хабарымыз жоқ. Бұл дыбыстарды Алланың ұлықсатымен кейбір адамдар ғана есітеді, күлгін тамаша түстегі күннен, ғарыштан бөлінетін ғарыштық толқындарды жай көзбен-ақ көре біледі. Бұлар анық нәрсе. Бұндай қасиет жануарлардың кейбірінде болатын көрінеді. «Әулие басынан ат үркеді» деген нағыз шындық сөз. Әрине есек пен шошқа көп нәрсені сезбейді. Адам бойынан үздіксіз шығып тұратын магнит толқынын жер қабылдап алып, біраз мерзімге дейін ауаға шығарып тұрады екен. Итте сол толқындары иіс арқылы сезу қабілетінің бар екендігі анықталды. Қылмыскерлердің ізіне ит алып түскенде иістің адам киімінде болмайтындығы тәжірибе көрсетіп берді. Кинолог ғалымдар мұны дәлелдеді. Сезікті адамның аяқ киімін жол – жөнекей шешіп тастап, басқаны кигізгенде де ит оның соңынан қалмаған.

Біздегі бұл магнит толқыны біреуде – шарапатты, кейбіреуде – кесепатты болады. Ол соның отырған орнында, басқан ізінде сақталады, адамға да тарайды. Қазақ дәстүрі әуелден қасиетті деген адамдардың отырған орындарына сәбилерін аунатып, басын сипатып немесе аузына түкірткен «Ол кісінің қолын алайық» не «жақсыны көрмек үшін» деп онымен жүздесуге, сұхбаттасуға, дастархандас болуға, жастар жағы қолынан ет асауға құштар болған. Ал ұятсыз, кесапаттыларынан аулақ жүрген «кәпірдің басқан ізіне жуыма», «Кесірлерінің ық жағына шық та» «Ол пәлекетке жуи көрме» деп балаларына тапсырма берген.

Бұл не? Адам ғарыштан Күн энергиясын магнит толқынын ала отырып, оны өз бойынан “өңдеп” қайта шығарады да, кімнің жан дүниесі пендешілік жағымсыз пиғыл-ниеттен, арам ой, өзімшілдік нәпсіден арылмаған болса, оны қоршаған биоөрісі де кесірлі, кесапатты болатын көрінеді. Оның жағымсыз адам екенін білген жұрт, бойын аулақ салып, қашып жүретін болған.

Қазақ өміріндегі шарапатты, кесапатты ұғымдар ғылымнан дәлелін тапты. Адам денесін қоршаған биоөріспен қатар анда-санда денеден бөлінетін түрлі-түсті сәулелерді де суретке түсірді. Қазір профессор Инюшин ойлап тапқан аппарат емшілердің қаншалықты биоэнергиясы барын анықтайды. Адамшылық қасиетіне, ақыл-ойының, дүние танымы мен санасының дамуына сәйкесті ғарыштық каналдар әр адамдарда әр түрлі сатыда болатындығы белгілі болды.

Қазіргі көріпкелдер, сприттер мен телепаттар рухани дамудың жоғарғы сатысына жеткендер екен. Олар он мың адамның біреуі ғана. Ал оның нағыз кемелденгендері әр жүз мың адамға шаққанда бірден бе, екеуден бе келетін шығар. Бірақ дарынды, қабілеті, болашағы бар, ата-баба әруағын шын пейілімен қастерлеп ұстауға кіріскен ұл – қыздарымыз қаулап өсіп келеді. Иншалла талаптары оңғарылып халқымыздың игілігіне айнала бергей.

Атеизм көсемдері түс көруді де жоққа шығарғанын, оған мысал ретінде жоғарғыда Ванганы айтып кеткенбіз. Соны аздап толықтыра кетейік. Кеңес ғылымы, психоневролог Н.В. Касаткин 4 мың түсті зерттеп 30 жыл еңбек еткен. Оның «түс көру теориясы» атты еңбегі бар. Ол түске қарап, адамның нендей ауруға шалдыққанын, яғни қандай ауруға шалдыға бастағанын білуге болатындығын анықтаған. Мұндай жағдай оның өзінің басынан да өткен. Мысалы, түсінде суға тұншығып, не тар қуысқа кіріп бара жатса, бұл өкпе қабынуын (плеврит) не туберкулез ауруға шалдыға бастағанын білдіреді екен. Бір қарт Касаткинге келіп түсінде шикі ет пен бұзылған балық жеп жүргенін айтқан. Медициналық тексеру жүргізгенде, ол әйелден гастриттің басталғанын айтқан. Мұны ол адамдарға рухтың (әруақтың) күні бұрын сездірген деп түсіндіргені ұтымды.

Қазақ арасында түсі айнымай келетін, шындықпен үйлесіп жататын адамдар көп-ақ, олардың талайын әрине өздеріңіз көріп жүрген боларсыз.

Профессор Берікбай Сағындықұлы Мүсірбай-Телеудің 1997 жылы «Ғаламның ғажайып сырлары” атты Ислам Ғылымына негізделген тамаша еңбегі жарық көрді. Сонда түстің үш түрі болатынан айтып оны былайша пайымдайды:

Бірінші: Шайтани түс – шайтан көретін түс. Басы да, аяғы да жоқ, күні бойы мазалайтын шым-шытырақ быжырқай түс. Кейбір сәттері болмаса, негізінен ұмытылып қалады. (Ескерте кетейік көп зерттеу сол қалпында алынып жазылып отыр, алдағы басылымдарда Құран арқылы дәлелдерде қарама-қайшылықтар болуы мүмкін. Ақиқатын, қателіктерді анықтау, салыстыруды оқырманның өзіне қалдырдық.)

Екінші: Қияли түс – шайтанның яки періштенің әсерінсіз, адамның өзі көретін түс. Өңінде ойлаған ойларының немесе істерінің белгілі бір шамада өзгеріске ұшыраған түрі. “Түс – түлкінің боғы” дегеніміз осы.

Үшінші: Малайки түс – періштелер көретін түс. Белгілері: таң алдында көрінеді, өте қысқа болады, ап-айқын болғандықтан, өмір бақи ұмытылмайды. Келешекте жақсылыққа, яки жамандыққа жолығатыны жөнінде ишарат етіледі. Расында көргендері өңінде іске асады. Мұқағали Мақатаев атамыз түсінде қайтыс болған перзентін көріп былай деп егіле жазған еді.

„Түсінде қызым мені шақырады,

Өзеннің ар жағында отыр, әні …

Ғафу балам, Ғафу ет бара алмаймын,

Мен деген жер бетінің “ақымағы”.

…Сабыр, балам, қай жаққа қашар дейсің,

Сен жатқан қара жер топырағы …

Дей көрме әзір маған “жаныма кел”,

Тағдырдың дегеніне бағына бер.

Түбінде бір жол бізді табыстырар.

Қайтейін, сағына бер, сағына бер…

Түсті қазір екінің бірі көріп ол көргендері өмір шындығына айналып жатады. Тұспалдап шешуін өзің тап дегендей ишаратпен, өмірдегі ұқсастықпен берілетіндіктен де түсті жорудың дұрыс та жақсылыққа меңзей жорылғаны жөн. Жүсіп пайғамбар бір көрген түсін әкесі Жақыпқа айтқан екен. Сонда әкесі «Алла сені ұнатады екен. Саған түстерді жору жолдарын үйретеді екен» – депті. Мұсылман елдері түс жорығанда Жүсіп пайғамбарға сиынады, соның өсиет қағидаларына сүйенеді. “Ақыр заман кезінде Үмметімнің қасиеті түсінде қалады” депті Мұхаммед т.с.

Ал аян беру бұдан басқашалау. Ол дәл және нақты. Нұсқа беру тап өңінде әкенің балаға айтқан ақыл кеңесі сияқты, кейде кейістікпен де беріледі.

Әрине Марксист – материалистерге рух, әруақ, түс жайлы жетерлік жауап болды ғой деймін. Энгельс «Табиғат диалектикасында» жаратылыс тану ғылымдарының ең жаңа табыстары материалистік диалектиканың қағидаларына дәлел болады деген. Сол заманда 1859 жылы 24 қарашада Лондонда Чарльз Дарвиннің “Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығуы” деген кітабы 1250 данамен жарық көрді. Энгельс Дарвиннің ілімін дереу пайдалана қойды. Өзінің атеистік көзқарасын дәлелдеу үшін ондағы дүниенің өздігінен жаратылғаны, келе – келе тірі организмдердің пайда болып суда, одан құрлықта өмір сүргендігі, ақыры табиғи сұрыпталу арқылы хайуанаттардың бір түрінен екіншісі пайда болады дегенін диалектикалық материализмге негіз етті. Ол “Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі” деген еңбегін жазды. Оның “Жаратылыстану ғылымдарының ең жаңа табыстары” деуі мінекей осылай еді.

Сол кездегі идеалист – ғалымдар мен шіркеу иелері Дарвиннің бұл ілімін қатты әшкерелеп, оның адам санасын улайтын бүлдіргіштік ілім екенін жан-жақты дәлелдеді. Энгельстің өзі де Дарвин іліміне кейбір шәкірттерінің өзі де сенбейтіндігін жазған болатын. “Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас” деген теолог ғалымдар Дарвиннің кейбір пікірлерінің шындыққа мүлде қарама-қарсы келетіндігін айтып, онымен дарияның қарсы жағында тұрып сөйлесті. Олар Дарвинге керісінше пайымдады. Яғни адамдар мен хайуанаттардың жаратылу аралығында миллиондаған жылдар өтпегенін, мұның жалғандығын айтып, мысалға адамдар мен динозаврлардың бір мезгілде, бәрі бірге жаратылғандығына дәлелдер келтірді. Әсіресе оны теологтары ғылыми түрде әшкереге шығарды. Ғылыми креоционистер (латынша крецио – жасау деген сөзінен шыққан), яғни әлемді тірі және өлі табиғатты құдай жаратты дейтін діни идеалистер Ветко өсиетінде дүниенің 6 күнде жаралуы туралы христиандар қабылдаған ілімді басшылыққа алды, өз идеяларын осыған негіздеді. Сөйтіп Дарвиннің дүниедегі тіршілік иелерінің сұрыпталу жолымен пайда болады деген ілімін жоққа шығарады. Сол кездегі «шіркеу аталары», әсіресе Августин дүниенің ең әуелден жоқтан, ешбір жоқ нәрседен бірден жаратылғанына көп назар аударды, әрі жердегі өмірдің болмашы, мәнсіз, өткінші екенін, нағыз өмірдің о дүниеде болатынын айтты.

Дарвин (1849 – 1882ж.ж.) жаратылыс тану ғылымында өзінің эволюциялық ілімін жасамаған, одан діни қорытынды шығармаған адам. Оны дінсіздікке икемдеген Т. Гескли болған. Оның да аумалы-төкпелі пікірімен Энгельске ұнамай қалған жерлері бар. Материалистер “жаңалық” деп қуана дабыра көтерген, ал идеалистер мұның жалғандығын, негізсіз екендігін бұлтартпай дәлелдеген айтыс-тартыс Дарвиннің тірі кезінің өзінде-ақ оншақты жылға дейін толастаған жоқ. Ол 1871 жылы 21 қыркүйекте, өзінің жақын досы Томас Гесклиге жазған хатында “Біз өліп жоқ болып кеткеннен кейін де бұл күрес созыла беретін болады” деп айқай-сүрен салған ілімнің дүдамалдығын сезінегендей болған. Айтыстың басымы бір кезде болған, кейін құрып кеткен деп есептеген динозавр жайындағы болған. Енді сол мақлұқ жайында сөз етейік.

Ғылымдар былайша болжайды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен тарихы үш кезеңге бөлінеді.

1. 570 – 220 миллион жыл аралығында палеозой дәуірі. Тіршілік су астында мұхиттарда болған. Одан жағаға шыға бастаған.

2. 230 – 70 миллион жыл арасындағы мезозой және иостиозаврлар суда да, құрлықта да, тіпті әуеде де тіршілік еткен. Мұхит суы шегініп өзен, көл, батпақ, таулы өңірлер пайда болып, құмырсқалар өсіп-өрбіген кезде сүтқоректілер жойыла бастаған, есесіне адамзат қоғамы пайда болған.

3. Кайнозой эрасында бұдан 70 миллион жыл бұрын динозаврлар құрып кеткен. Неге құрып кетті? — дегенге болжам айтылады жер беті-бірте суынып, мұз дәуірінің ауа-райына шыдамаған дейді. Ғалымдар мұздақтардан мамонт, мүйізтұмсық, т.б. қаңқасын тапқанда бірде-бір динозаврдың қаңқасы табылмады, кездеспеді. Қайта өздері өмір сүрген жылы өңірден кездесіп отыр.

Қазақстанның Шақпақ, Бәйбіше, Аққорған мекендерін зерттеген ғылым академиясының зоология институтының ғалымы Петр Владимирович Шилин динозаврлардың көптеген сүйектері табылған жерден моллюскалар, акула мен крокодил тістерін және папоротник пен платон секілді өсімдіктер таңбаларын тапқан. Ендеше моллюскалар, акула, крокодилдер және әлгі өсімдіктер қазір бар ғой. Динозаврлармен бірге неге құрып кетпеген, Динозавр моллюска мен папоротник құрлы өмірге шыдамсыз болғаны ма?

Астроном И.С. Красовской 1957 жылы басқа бір болжам айтты. Жерге қарай саулаған космостық сәулелер тірі денеге аса қауіпті. Біздің бақытымызға атмосфералық қабатымыз оны зиянсыздандырады. Ал, оның есесін не жұлдыздардағы жарылыстың сәулелері бірте-бірте тірі организмдерді жояды дейді. Олай болса, сол сәулелер қазіргі тіршілік етіп жүрген үлкенді – кішілі хайуанаттар мен адамдарға әсер етпей ме? Жоқ әлде ол сәулелер өзі іздеп жүріп сол хайуанаттарға түскен бе?

Австралияның Виктория штатында ұлттық музейде әлемдегі ең үлкені деп есептелінетін ұзындығы 22 метрлік динозавр қаңқасы бар. Ал Нью–Йорктегі жаратылыстану музейінде 15 метрлік мойынының ұзындығы 12 метрлік динозаврдың үш жүрегі болған. Ол бұдан 200 миллион жыл өмір сүрген деп топшылануда. Міне қызық? Құрығанына 70 миллион жыл болды деген динозавр бар екен. Шотландиядағы Лескол көлінде тіпті IV ғасырда бір шіркеу діндарының көргендігі жылнамада жазылған. Ол 1325 жылғы географиялық атласқа түскен. 1880 жылы көлде жүзіп жүрген желкенді кеме үстіндегі адамымен қоса-қоса ұшты–күйлі жоқ болып кетеді. 1933 жылы көл жиегінен темір жол жүргізушілері де байқаған Маутейн деген азамат әдейі 10 жерден бақылау пунктін ұйымдастырыпты. Олар бір ай ішінде әлгі құбыжықты 15 рет көріпті. Осындай мәліметтерді жинастырып 117 адамның әңгімесін К.Уайт деген кісі кітап етіп шығарған. 1963 жылдың көктемінде көл жиегінде 5 рет жарылыс жасалып сондағы 230 адам түгел көрген, оны кинокамераға түсіріп, кейін телефильм етіп көрсеткен.

Осылардың бәрін ескере отырып, әлгі ғажайып құбыжықтың барлық болмысын анықтауға ғалым Джозеф Макендрюс бастаған зерттеушілер арнайы кемемен ұзындығы 38 шақырым (тереңдігі 250 метр) көлді басынан аяғына дейін сүзіп шықты, кеме арнаулы құралдармен жабдықталған. Сөйтіп олар Несси жұмбағының сырын ашты. Көлде 5 динозавр мекендейді екен. Бұл алып жыртқыштың ұзындығы 18 метр басымен қосқанда мойынның ұзындығы 3 метр, жон арқасында өркеші бар болып шықты. Осындай динозаврға ұқсас мақұлықтың Америка мен Канада шекарасындағы «шамамен» көлінде бар екендігін айтады Макэндрюс. Биолог ғалым Н.Ф. Гладский Сібірдегі саха жеріндегі Хайыр көлінде сырты жылтыр, көкшіл – сұр түсті, арқасындағы 2 жанында суда жүзетін қанаты бар алып хайуанатты көрген ғалымдар оны плезиозавр деп болжауда.

Қазір дүние жүзінің ғалымдары Дарвин теорияларының теріске шығуына байланысты жаратылыстану ғылымының эволюциялық даму ілімін қайта қарап, жаңадан жазу керек деген ұсыныстар, пікірлер айтуда. «Шала айтылған кептің дос-жаранға кесірі көп» депті данышпан Әйтеке би. Дарвиндік шала айтылған пікірлер мен тұжырымдарды пайдаланған атеистер қаншама адамды сенімсіздік жолға жетеледі десеңші. Бұрынғы адам тектес маймылдардан қазіргі адам шыққан деген теория тіпті қисынсыз. Қош, Дарвин мен Энгельсше адам маймылдан тарады делік. Сонда олардың бәрі бірдей құрып кетуі мүмкін емес қой. Адамға айнала алмай қалғандары немесе жер шарының меңіреу бір түкпірінде әлгі динозавр, плезиозаврлар сияқты сақталып қалғандары болу керек қой. Ең болмаса бес, ондап болса да. Неше мың жылдық тарихи жазбаларда, жылнамаларда да мұндай деректер айтылмаған. Ал жабайы адамдар бар ғой деп айтасыз, әрине бар. Олар бірақ маймыл емес, нағыз алғашқы адамдар. Басқа ортамен аралас–құралас болмағандықтан, ақыл–ой мен өндірістік дамудың төменгі сатысында қалғандар.

Қазіргі адам тәріздес маймылды: шимпанзе, орангутанды ғылымдар жұп-жұбымен, тіпті киіндіріп те, арнаулы бөлмелерде де ақ төсекке жатқызып ондаған жыл бағып, күтіп келеді. Қаншама психикалық және физикалық тәжірибелер де жасап көрді. Тіпті жаңа туғаннан бастап тәрбиелеп те бақты. Әзірге жарты адам да шыққан жоқ. Кеңес дәуірінде өте құпия түрде Азербайжан мемлекетінде өте ұзық жылға сотталған әйелдер мен ерлерді маймылмен шағыстыру арқылы да адам жасамақ болған ғылымдардың әрекетінен түк те шықпай адамға ұқсамайтын бәрібір маймыл пайда болатындығын дәлелдеген айғақтар «Совершенно секретно» газетінде жарияланды. Мұның бәрі Марксистік – материалистік ілімді дәлелдемек болған энтузиастардың тірлік әрекеті еді. Құр бос әлек. Қаншама адам еңбегі мен қаржысы шығын болды. Кеңес өкіметі тұсында біз көрмеген бананды маймылдар жеді-ау! Адамдағы бар қасиетті маймылдан іздеп шықты. «Құл құтырса, құдыққа қармақ саладының» кері келді. «Ата–бабам маймыл, мекенім – социализм» деп жүргенімізді ұмытпаған шығарсыздар. «Жасасын бабам маймыл» деуге аз-ақ қалып жүрдік. Жұрт, әсіресе жастар жағы «маймылдан жаралдық» дегенге шынымен-ақ әлі сеніп келеді. Әрине маймылдан таралған атеист үлкендеріміз де жеткілікті араламызда оған жөн сілтейтін дінді коммунистер тұншықтырып тастады. Үнемі осы сөз айтыла берді, насихаттала берді. Сенбесіне қоймады. «Мың рет қайталанған өтірік шындыққа айналады». Ғасырлар бойы дін: «Біздің ең алғаш бабамыз – Адам ата, анамыз – хауа Ана деумен келеді. Жекелеген данышпандар» оны бекерге шығарып, табиғат пен адам қоғамның дамуына тыңнан жол салғысы келді.

Әйтпесе, қазір ғылым білетін 32 галактиканы, бүкіл хайуанаттар әлемін, небір алыптарды жаратқан құдайдың құдіретті қолынан адам жарату келмеді деу бекер алжасушылық, босқа лағушылық. Адамның жаралуы жөнінде «Құранда» былай делінген: «Адамды біз топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтық тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға – (жатырға) орналастырдық, одан әлгі ұрықтан ұйыған қанға айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, содан соң сүйекке ет қондырдық, оған кіргізіп, басқадай жаратылысқа айналдырдық».

Тағы бір аят бар:

Сендерді Алла әуелі бір адам етіп жаратты, жұп жаратты. Сендер үшін сегіз жұп етіп, хайуанат берді. Ана Содан соң қастарына бір құрсағында сендерді бір түрден екінші түрге (тұлғаға) ауыстырып, соның бәрін үш қараңғылық (құрсақ, қағанақ, жатыр) ішінде жетілдіреді, сендердің тәңірлерің әне сол Алла…» (Зұмар сүресі 6 аят) қазір дүние жүзінің әр ғылым саласындағы ғалымдары «Құранның» құдай сөзі екенін, шындық және нағыз ғылым екенін мойындауда.

Канаданың Торонто университетінің профессоры, анатомия кафедрасының меңгерушісі доктор Мурмен АҚШ-тың ғылыми зерттеу Ислам академиясының өкілі, атақты ғалым Шейх Мұстафа мынандай деп тұжырым жасайды: «Құрандағы пайдаланылған терминдер эмбрионның «әр сатыда даму өзгерістерінде болып жатқан әр түрлі процестерді хронологиялық тәртіппен, өте дәлдікпен бояндап береді… Адамның іште дамуы жайлы көптеген ғылыми жаңалықтар 20-ғасырда ғана белгілі болып жатқанда 7-ғасырда Мұхаммедке ондай нәрселер қайдан белгілі болсын. Мұсылман немесе мұсылман емес адамға да мұндай деректер Мұхаммедке тек Алла арқылы ғана жеткені түсінікті. Алла тағалаға біздің өсіп-дамуымыз ғана емес, біздің өмірімізде жасаған әрекеттеріміз де белгілі.

Француздың атақты хирургі, ғалым, жазушы, доктор Морхс Бухель ана жатырында адам ұрығының өсу кезеңдерін зерттегенде нәтижелері Құранда айтылғандармен дәлме–дәл келгенін көріп таң–тамаша қалған. Құранды түсіну үшін адамға энциклопедиялық білім керек, — дейді ол. Ислам дінді де, ғылымды да бір-бірімен ешқашан қарастырмағанына мен енді таң қалмаймын. Өйткені қазіргі заманда ғылым қаншалықты биік жетістікке жетсе де дінмен одақтас болып келеді. Тіпті ғалымдар кейбір екі жақты ғылыми жетістіктерді тереңірек түсіндіру үшін құранның аяттарына жүгінеді.

АҚШ–тағы «NASO» космос агенттігінде істеуші профессор Армстронг былай дейді: «Шынымды айтсам, мен құрандағы ойлардың астрология ғылымдағы нақты деректермен таңғажайып дәлдікпен сәйкес келгеніне қайран қалдым… Жердегі темір атомын жасауға күн жүйесіндегі энергияның қуаты жетпейді (он мөлшердегіден 4 есе көп керек екен) сондықтан темір жерде пайда болды деген мүмкін емес, жат элемент, сонда ол қайдан келді».

Бұл сұрауға Құранда, хадит темір сүресінің 25-аяты былай деп жауап қайтарады: «Біз темірді жараттық. Темірде күш–қуат (зиянды, зиянсыз) және адамдар үшін көп пайда бар. Темірдің жаратушысының өзі тәңір құдіретінің зор ғибраты. Тәңір шынында күшті әрі жеңімпаз.».

Токио Абсерваториясының директоры профессор Егинда Казон \Фурхан сүресінің 61-аяттың (аспан әлемінің жаратылуы жайлы) мысалға келтіре отырып, көрнекті сауалдарына Құраннан жауап алатынын, алдағы уақытта да әлем дүниесін зерттеудің тиімді жолын Құранның көмегімен табылатындығына сенімді екендігін айтады.

Жапонияның тауларды зерттеуші ғалымы, профессор Сиевада былай дейді: «Материктік және су астындағы таулардың ерекшілігі мынада: олар бейне жерге қағып кіргізілген қазықтар сияқты, олардың жер астында жалғасы бар» сол Сиевадағы Құранның «Назиғат» (32 аят) Фәжір (19 аят), әсіресе “Нәба” сүресіндегі “жоқ, қайталап айтайық, олар оны тез біледі (сендер үшін) біздің төсеніш етіп жерді, оған қазық етіп тауларды жаратқанымыз өтірік пе?” – деген сөздерді есіткенде ол айран-асыр болып: “Бұл адам сенгісіз жағдай, тіпті мүмкін емес”, — депті. “Алайда, — деген ол, — Құранда айтылған нәрсе – ақиқат, шындық және дәлме-дәл. Бұған дейін ғалымдардың ешқайсысы, бірде-бір адам білген жоқ еді. Қазіргі кезде ғылыми шындық. Ислам шындыққа қарсы келмейді. Құранның бар дүние көрінетін болмыстың ең жоғарғы нүктесінен бастап, күллі әлемді сипаттап беретіні қайран қаларлық. Құранның авторы әлемдегі бар нәрсені мүлтіксіз көреді. Сиевада Құранның авторы деп бұл арада Алланы айтып отыр.

Жер қыртысын зерттеуші ғалым, профессор Пальмер Құранда болашақта болатын оқиғалардың күні бұрын айтылғанын, оның тарихта тап солай болатындығын айта келіп: “Бұл таңғажайып кітап. Онда өткеніміз де, болашағымыз да баяндалған. Мен Шығыс елдерінің дамуын ұзақ уақыт зерттеген едім, сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін жақсы білемін. Бұл ілім нұрын Мұхаммедке Алланың өзі түсіргенін шын жүрегіммен мойындаймын, — дейді ағынан жарылып.

Ең белгілі геолог – ғалымдардың бірі профессор Альберт Кронер Құрандағы: “Әуелде көк пен жер біртұтас еді ғой. Біз екеуінің арасын ажыраттық, жанды мақұлықтардың барлығын судан жараттық. Кәпірлер осыны қалай білмейді? Оған неге сенбейді (Әнбия сүресі, 30 аят) деген аятты оған оқып бергенде “Бедуин (көшпелі араб) Мұны қайдан алған” – дейді. Тағы мынаны айтты: «Бұл жақында ЭВМ мен техниканың көмегінің арқасында белгілі болды. Бұдан 1400 жыл бұрын өмір сүрген, ядролық физика туралы ештеңе білмейтін адамның Жер мен Аспан денелерінің бір уақытта жаралғанын ақылмен танып білуге қабілеті жетпейді, оның мұны білуі мүмкін емес еді». Құрандағы ғылыми тұжырымдардың ақиқаттығын айта келіп, халықаралық симпозиумде: “Бұл ақиқат – Құран жоғарыдан түсірген нұр” – деді. Сөйтіп Құран бүгінгі күні дүние жүзіндегі атақты ғылымдарға ғылыми құнды деректер берумен таң қалдырып отыр. Қазір ғылыми аспаптар мен техниканы пайдалануларының нәтижесінде ғана бұған әбден көздері жетті. Оның бір аятының өзінің жеті қабат астары бар екендігі анықталды. Құран аяттары төмендегіше мазмұнда берілген:

1. Ибарат нас – қазіргі сөзбе-сөз айтылып жүрген, мағынасы берілген аяттар.

2. Ишарат нас – ишаратпен келген, кейінгі уақытта болатын нәрселерді айтқан: аспанда ұшушылар, суда жүретін көліктер, дүние жүзілік жағдайды отының басынан сөйлеушілер болады деген.

3. Далатын нас – түсінбестікті, діни таластарды дәлелдеу үшін.

4. Хайран нас – жақсылық, ғибадат істесе, жаннатқа баратындығы жайлы

5. Шадра нас – жамандық, күнаһарлық істесе тозаққа баратындығы жайлы айтылған.

Ғалымдар осындай ишарамен берілген аяттарды түсініп, өздерінің ғылыми жұмыстарына бағдар алу себебі де осы. Алланың математикалық жоғарғы логикасы да мәлім болды, қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеттің ректоры, жоғарғы мектеп академиясының академигі, профессор Әбіл Ахмет Американың Тусон қаласында қызметпен жүріп, өте құнды ғылыми деректі алып келді.

Американдық ғалым – биохимик, философия ғалымдарының докторы Рашад Халифа 1969 жылы компьютердің көмегімен математикалық әдіс арқылы Құрандағы 114 сүре мен 6346 аяттың текстіндегі әрбір әріп пен әрбір сөздің мағынасының, жалпы санын т.б. анықтаған. Ондағы мақсаты Құранның адам сөзі емес, Алла сөзі екендігін ғылыми дәлелдеу және Құранға берілген кейбір түсініктемелердің дұрыс еместігін көрсету болған. Нәтижесінде ол 1974 жылы “Құран: ғажайып сырмен көзбе-көз таныстыру” атты ғылыми монографиясын жариялады. Ол Тусон қаласындағы мешітте иман болған кісі екен.

Құранның иесі – АЛЛА. Оның әрбір сөзінің қасиеттілігі, ғылымилығы және шындық екені белгілі болды. Сол Алла адамды өзім жараттым деп отыр. Неге біз дүниедегі миллиондаған оқығандардың бірі Ч. Дарвин айтты екен деп, оны Ф.Энгельс іліп алып, біздін арғы тегіміз «маймыл» екен дегеніне малдануымыз керек.

Құдай кім? Дарвин кім?!!! Құдайдың Құраны құнды ма әлде Энгельстің “Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі” деген пышақ сыртындай кітапшасы қымбатты ма?!

Энгельс өз денесін өртетіп, Сена өзенінің түбінде күл болып жатыр. Ал бүкіл ғаламды, Жер мен Көкті, Адам мен хайуанаттар дүниесін жаратқан жалғыз Алла, сол жаратқандарын басқарып әлі тұр, мәңгі тірі болады да. Ал біз өз сеніміміз үшін Ахирет күні Энгельске емес Аллаға есеп береміз.

Ертедегі материалист философтар мен Марксистік философияның теоретиктері де – бәрі бір қораның адамдары. Айтысып-тартысып келгенде бәрі де дүниенің негізі материядан басталған, «әлем – бос кеңістік пен уақыт және атомдардан ғана тұрған» дегенін бәріміз білеміз. Ал физикалық құбылыстармен реактормен ғалымдар атомның да бөлшектенетінін, оның ядро мен электроннан тұратынын, ядроның өзі протон нейтрон құрайтынын тапты. Ғалым бұлардың да ыдырайтындығын біліп, одан әрі жаңалықтарды іздестіру үстінде синхропазатрон, синхронсинитрон арқылы Каспийдің ащы суының буынан алынған тұщы суды халық пайдаланып отыр. Жай көз түгіл, микроскоптардың өзімен көре алмайсыз кішкентай тозаңнан пәленбай мыңнан бір бөлігіндей дүниелер ғой. Осылайша материя өте – мөте ұсақ микроэлементтерге ыдырай келе, ақыры дерексіз жоқ болып кетпейдігіне кім кепілдік бере алады. Демек дүние жоқтан бар болған деген идеалистік философияның қағидасы расқа шығып отырған жоқ па. Олай болса, бүкіл әлемді жаратушы иеміз, ол баста ешқандай жоқ нәрседен дүниені жаратқаны шындық қой.

Химиялық жолмен қарастырсақ, атомдар мен молекуланы құрап, молекулалар клетканы, олар тканьдерді жасайтынын, адам организмі осы тканьдерден тұратындығы белгілі. Клетка көзге көрінбейді. Ғылымның дәлелдеуі бойынша адам бір ғана рет демалып, дем шығарғанда 1,5 миллион эритроциттер (қызыл қан клеткалары) бұзылып сонша клетка пайда болып, эритроциттер өз міндеттерін атқарып бітеді де, соңғылары жаңа іске кіріседі екен. Осылайша клеткалар бірі өліп, бірі жаңадан адам организімінің атомдық құрамы бір жылда 98 пайызға өзгеріске ұшырайтындығы және әрбір үш айда қаңқамыз (скелетіміз) тұтас жаңаратындығы ақиқат. Тірі организмді осылай етіп жарату ғалым Алладан басқа ешкімнің қолынан келмес еді. Бізге пайдалансын деп берген миымыздың 10 процентінен басқасын жұмыс істеткізбейміз. Неге? Мидың құпия, жасырын клеткалары жұмыс істеу үшін ішкі жан сезіміміз соған сәйкесті және әлгі 10 пайыз одан әрі құпия клеткалардың оянуына негіз жасау керек. Пендешілік теріс, бұзық ойларымыз, нәпсіқұмарлық оған баратын жолды бөгеп тастаған екі ортада тоған тұр. Яғни жүрек кірлеген, сол екі ортадағы тоғанды топырақты біреулер уыстап, біреулер күректеп аршиды.

Имандылық, адалдылық, жақсылық, ізгі ниет, қайырымдылық, т.б. ақ ниетті ойлар ол бөгетті бұзбай қоймайды. Адам жаратқанда Раббымыз (жаратушы иеміз) айналасындағы жаратылыс иелерін (періште, пері т.б.) қуып жіберіп өзінің құдірет қолымен оңаша жасаған екен. Сонда Алла логикасы осының бәрін ескерген. Оның данышпандық мүсіншілігінде шек жоқ.

Жаратушы иеміз пайғамбарға кітап түсіре отырып, халыққа уағыз айтқызғанда мұсылманшылыққа бет бұрушылар аз болғанда қарсы шығып, дінсіздікті, пұтқа табынушылықты дәріптеушілер көп болған. Олар пайғамбарларды келекелеген, қуғындаған, отқа өртеген, т.б. дінсіздік көрсеткен. Әбден шаршаған кезде пайғамбарлар өздеріне Алла берген мұғжизаны көрсеткен. Бұған да болмаған соң Алладан оларға қаһар етуді сұрап, дұға жасаған. Сол қауым халықтың жер астына түсіп жоқ боп кеткен немесе топан су астына кеткен т.б. жағдайлар да болған. Ал Мұса Пайғамбардың кезінде хайуанатқа айналып кеткендер де шындық оқиға. Бұл жөнінде Құранның “Мәйда” сүресінің 61-аятында былай делінген: «Алла тағала лағнет қылды Перғауынның қауымына: ертең қиямет күнінің азабын лағнет қылды, осы дүниедегі азабы – маймыл және доңыз етіп те жіберді». Демек, олар адамдықтан хайуанатқа айналғандар, қарғысқа ұшырағандар. Алла каһарына ұшырамақ түгілі, әруақты адам қарғысына ұшырағандар да оңбай кетеді.

Қазақ “қарғысқа ұшыраған оңбайды”, “қарғыс алма, алғыс ал” деген сөздер бар. Бұлар нағыз аксиома ілгерідегілердің айтқанын таңдағанмен бәрібір өзің опық жейсің кейде тіпті тағдырың да шешіліп кетеді. Ата – бабасынан әруақты, әсіресе киелі әруақты адамдардың Алла айтқан лепсісін қабыл қылып қойған. Сондықтан ондай кісілер сөзді абайлап айтады, өте қысылғанда, жанына тигенде болмаса пендеге жаман сөз айтпайды. Мүмкіндігі болғанша батасын беріп, алғыс айтқанды жандары қалайды.

Дуақандық деген жаман өнер бар. Бұрын да болған, қазір де бар. Оның шығу мәнісі былай. Пайғамбарлар расул Алла, Нәби Алла болып екіге бөлінеді. Расул – елші, олар Алла періштелері арқылы тікелей сөйлесіп отырады, Нәби – хабаршы, оларға нұсқау, аян арқылы түсінде беріледі. Сол Расулдердің кейбіреуі дінге жау адамдарды дұғамен басқа түрге айналдырып жібере алады. Бірақ оны пайдалана бермеген. Өйткен ертең қиямет күні Алла алдында есебін береді. Кейін бұл дұғаларды оқуға тыйым салған. Бұл дұғамен оқымыстылар ағып жатқан суды кері ағызған, бұлт тұрғызып жаңбыр жаудырған, т.б. Ал кейбіреулер өзінің жеке мүддесі үшін осы қасиетті дұғаларды теріс оқып, сиқырлыққа пайдаланған.

Діни философияда фатализм деген ілім бар (латынның – фаталия – тағдыр, жазмыш деген ұғым). Бұл ілімнің философтары бұл әлемді жаратушы да, оны билеуші де бір құдай. Жеке адам өміріндегі, табиғаттағы және қоғамдағы оқиғалар күні бұрын белгіленіп қойылған. Адамдар жазмышқа мойынсұну керек. Тап күресін қоздырмау керек, қан төгіс шайқастың керегі жоқ дегенді уағыздады. Діни көзқараста бұл ілім өте маңызды роль атқарады. Ол таптар татулығының керек екенін уағыздаумен болды. Бірақ фатализмнің бұл қағидасы марксистік философтардың өкпесіне шаншу болып тиді. «Қалай да еңбекші бұқара буржуазияға, төңкеріске, қанды шайқасқа шығуы керек» деді материалистер. Адамдардың өзара татулығын айтқан құдай заңын бұлар тыңдамады. Сөйтіп олар дүниені өзгерту, жаңарту керектігін айтып, осы жолда өз ілімдерін жасады.

ХІХ ғасырдың ортасында коммунистік партияның бағдарламасы әрі ережесі ретінде “коммунистік партияның манифесін” жазған К.Маркс пен Ф.Энгельс капиталистік қоғамды құлату керек, ол үшін социалистік революция жасау керек, ол қан төгіссіз болмайды дегенді уағыздады. Пролетариатты буржуазияға айдап салды. Бұл идея бойынша әр ұлт 2-ге бөлініп, өзара қантөгіс шайқасқа шығуы керек болды. Ал Энгельстің “Анти – дюрингі” пролетариаттың дүниеге революциялық көзқарасының энциклопедиясына айналды.

Мемлекеттік туымыз қан түстес қызыл болды, “Туымыз қанға боялған”, “Біздің партия – Ленин – Сталин партиясы” — деп мақтандық, «Партия қайда болса жеңіс сонда» деп мақтандық, ән шырқадық. Мейрам күндері қаламыз қызыл жалаудан көрінбеді: балаларымыздың қолында да қисық қызыл жалауша болды, ұрандарымыз да қызыл жалауға жазылатын. Сайлауға дауыс беру жәшіктеріміз қызыл шүберекпен оралатын. Қалайша қызыл түс көрсек рухтанып мәз болып қалатынбыз. Ол қанға боялғандықтан да қадірлі екені миымызға әбден сіңіп қалған еді. Мемлекеттік туымыз түсі оңып кетпес үшін әлсін — әлсін қанға боялып тұратын. Сонда ол қызғылт – күрең тартып, алауланып шыға келетін. Сырттан қан болмаса іштен қан іздедік. 20-ғасырда 30-шы жылдарының басында ол ту аш адамның қанын керексінді. Еділ, Жайық, Дон казактарының қанына бояп еді, жетпей қалды. Енді казактық емес қазақтың қаны керек болды. Біз дінсіздер елі болдық, мемлекетімізді екі бастан дінсіздер басқарды. Құдайсыздығымыз, құдайдан безгендігіміз шектен шығып та кетті ғой.

Мәселенки, 1932 жылдың өзінде барлық тілде 23 атеистік журнал, 10 атеистік газет шыққан екен. Москвада “Безбожник”, “Безбожник у станка”, “Антирелигиозник”, Бакуде “Молда Насреддин”, Самарқандта “Құдайсыздар”, Уфада “Дзерой”, Қазанда “Дінсіздер” журналдары шығып тұрды. 1926 жылы Москвада “Құдайсыздар Одағы” құрылып, ол 1929 жылы өзінің екінші съезінде “Жауынгер құдайсыздар Одағы” деп аталды. ВК (б) ІІ Орталық Комитеті 1928 жылдың 21–25 желтоқсанында мұсылмандар тұратын республикалардан 5 күндік кеңесін шақырып, Ярославский “Советтік Шығыс ұлт республикасында дінге қарсы насихат жұмысын күшейту шаралары туралы” нағыз құдайсыздық баяндама жасады. Артынша мұсылмандық қауымдар мен ұйымдар таратылды. Олар: Шемен – Ингушетияда – Ияда – “Құнды – Гаджи”, Дағыстанда — муридтер, Азербайджанда – бейхамстшілер, Таджикистанда – Исмайшілер, Орта Азия мен Қазақсанда дервиштік (софылық) қауымдар мен Татарстан, Қазақстандағы жадиттік ұйымдар еді.

Қазақстанның бір өзінде ғана 1940 жылы “Құдайсыздар Одағының” 4657 бастаушы ұйымының 148178 мүшесі болыпты. Құдайсыздық жөнінен Украина мен Грузиядан кейін 3-ші орын алғанымызды мақтан етіппіз. Тек 1969 жылы 182 атеистік пьеса көрсетіліп, 28 арнаулы экскурсия өткізіліп, 37 көрме, 143 құдайсыздар бұрышы ұйымдастырылыпты. 30-жылдың аяғында орыс православия шіркеуі іс жүзінде талқандалып біткен еді. Москвадағы священниктер мен архиерейлердің қалдығы Ульяновскіге көшірілгенді, 1927 жылы Татарияда “Құдайсыздардың бірінші съезінен кейін татардың молласы баспасөзде былай деп жазыпты: “Құдайды құртқаннан, молдаларды декредитациялағаннан біздің мұддағымыз орындалмайды. Қазанда өткен “Құдайсыздар съезі” революцияның бар көркемдігін жойды, тәттілігін құртып уға айналдырды.

Адамзат тарихында талай қауым Алланы мойындамай, пайғамбардың қаншама жыл шаршап – шалдығып айтқан насихатын таңдамай, небір керемет мұғжизалар көрсетсе де сенбей ақыры қаһарға ұшыраған. Ал Нух, Яут, Санул қауымдарының жойылып кеткендігі белгілі. Бұлар тарихи шындық. Құранның “Тосқауылдар”сүресінде бұлар жайлы төмендегідей аяттар бар: “Біз бір кезде Нұхты өзінің халқына жібірдік. Ол: Халқым! Қаһарынан құтқаратын жолға салғым келеді” – деді. Олардың көбі Нухты өтірікші атап жәбірледі. Біз Нухты және оның сөзіне сенгендерді құтқардық та құдай жолын күлкі еткендерді топан суға батырып жібердік. Бір кезде біз Адиттерге олардың туысы Һұтты жібердік. Адиттер де “Сен көп өтірікшінің бірісің” деп Һұтқа да қорлық көрсетті. Біз оны да соңына ергендерімен құтқарып, күнаһарларының бәрін өртеп жібердік.

Біз, Салихты өзінің халқы – самудяндарға жібердік. Олар да Салихты тыңдамай: “Құдайдан келген боласың құдайыңды әкеліп көрсет” деп күнаға батырды. Ертесіне жер сілкініп, бәрі дозақ отына түсті.

Біз Шұғайыпты да өзінің халқы мадяниттерге жібердік, Алла тағаланың сөзін айтқан Шұғайыптық сақина түсіп, олар да құдайға құлшылық етуден бас тартты. Шұғайыпты қуғандардың бәрі ертесінде өз үйлерінде жер құшып өліп жатты.”

Бұл – Алла сөзі, шын сөз. Болған оқиғалар, олай болса жаратушы иеміз бізге: “Ей СССР-дің дінсіздері! Менен біржолата бездіңдер ғой! Ендеше мен сендерге бар-жоғымды көрсетейін” деген жоқ па екен?! Әлгі мұсылмандарды дінсіз еткен, атеистік интернационалистік қозғалыстың президенті Емельян Яросла Бекии өлер алдында: «өтінемін барлық кітаптарымды өртеңдер. Әулиеге қараңдаршы. Ол мені көптен бері күтіп тұр ғой, ол осында» деген екен. Советтік құпия полициясының бастығы Ягода жан – тәсілім етер алдында «Құдай бар екен. Ол күнәм үшін мені жазалады» депті.

Лениннің өлімін «тістеріңнен шығармаңдар» деп Сталин мүлдем құпиялай тастаған. Өмірінің соңғы күндері мен соңғы сағатында қатты қиналыпты. Оның бөлмесінен әртүрлі қорқынышты да аянышты дыбыстар шығып жатыпты. Айналасындағы қызметкерлер шошынып, маңайына жуи алмапты. Айналасындығылардың одан естіген, түсінуге келетін соңғы сөздері мыналар болыпты: «Халайық… көмектесіңдер маған… революция… сайтан…ол осында!..»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.