Пайғамбарымыз; «Адам баласы ертең не болатынын білмейді..» деген өсиетіне сүйенген діншілер болашақты болжау Аллаға серік қосу дейді. Бірақ бұл заманда іштегі баланың да жынысын, ауа райының алдағы күндері бір ай ішіндегі болатын өзгерісін т.б. жағдайларды да түрлі құрылғылар шығарып, анықтай алатын дәрежеге жеткен жалған емес және мұны енді Алла тағаланың ғылымынан емес деген де надандық болмақ.

Қазіргі таңдағы 2018 жыл қияметтік сағаттың 7-жылы болып, ең шешуші жылға аяқ басқан болмақ. Осы жылға дейін қаралық күштердің үстемдігі болып, біздер арқылы әулие-әмбилердің көрсетіп, оқылуымен берілген, түсірілген Құдайдың (Раббымыздың) барлық белгілерін ел билеуші, дінші, білімді қауымдықтар мазаққа алып келгені жасырын емес.

Алдыңғы жазбаларда шырағы сөнген рулар туралы ескерткенбіз. Жалпы қазақта шырағы жанған руды әзірге кездестіру де қиын. Себебі ол рудан шыққан әулиелікті меңгеріп, Құдайдан тікелей хабар алатын, пайғамбарымыздың батасын алған пендесі жоқ. Мүмкін бар шығар, бірақ тақуалықта жетіле алмай жатқандар да жеткілікті.

2018 жылдың жарты жылдық рухани жоба болжамы. 1-бөлім.

2018 жылдың жарты жылдық рухани жоба болжамы. 2-бөлім.

Тоқал алу үшін бәйбішенің ұлықсаты керек деген шайтанның әрекеті. Әйелдер өз еркімен бәйбішелікке келісетін болса, онда қанында шайтаны тазарған, жеті жанды ұжданы болғаны. Мұндай әйелді қазіргі таңда кездестіру де өте қиын, мүмкін де емес. Сондықтан бұл тұқымды сақтау, текті нығайтудың, қатынының жандық, қан тектік кемісін толтырудың амалын еркектердің өзі қолға алып аруақтың жәрдемімен атқарса ғана нәтижелі болады.

Отпан әулиенің 3 және 7-8 ғасырларда екі рет өмірге келгені туралы хабар келді. Отпан әулиеден Қорқан би атаның жеті ұрпағы болып тарихта белгі қалған. Қорқан биге көп қасиеті қонған екен. Отпан әулие отпен байланысты көптеген мұғжизаларға ие болған.