(Абай атаға жалғану)
Ізбасардың амалы,
Жанымен болар жалғауы.
Із кесуші адам көп,
Жетпей жатқан амалы.
(Абай атаға жалғану)
Ізбасардың амалы,
Жанымен болар жалғауы.
Із кесуші адам көп,
Жетпей жатқан амалы.
Көрмес көзде тиянақ,
Ішкі сыры болмайды.
Жәутеңдеген құр көзі,
Дүниелікті қармайды.
Әтештік қылық сомдаған,
Талай еркек паңданған.
Терісін отқа жандырып,
Қадамын алшақ салдырған.
Бөлім: Без рубрики
(қырғи қабақтықтан ажырау)
Сусыз зікір-
мінсіз пікір,
Сиқыры ма Алланың.
Қасиет әлсіз тегінде,
Қас болса тән өзіне.
Нәпсінің тойын тойлаған,
Күтіп тұр азап көрінде.
Шабандоздың нашары
Атын баптай білмеген.
Адамдардың жаманы,
Біліммен ғана ізденген.
Мамыр; Жылы кезең басталады. Бірақ арасында суық өзін еске салып тұрады. Табиғи құбылыстар басталады. Су апаты астан-кестен келер. Тосын уақиғаға толы жер асты дүмпуі де ықтимал болмақ. Қызғалдақ жер бетінде әсемдігімен көрініс береді. Мамыржай кезең маң–маң басар. Екінің бірі есепке ілінеді. Жөнсіз елірмелік көбейеді. Тұтқиылдан қауіп алатындар көбейеді. Ара-жігі ажырайтындар көбейеді. Айқас кезеңі басталады. Шашты жауып, етек-жеңді ұзартпаудың салдарынан қысқа етектілерге кесірлік, жесірлік келеді. Бақтан тайдырар шумақ өлең жырлары туындайды. Мамырға ескіліктің кілті түседі. Бауырға ем түседі. Есіктер ашылып, тесіктер бітеледі. Шалқып тасып жүргендерге тиым салына бастайды. Қарғыс шешіліп, шағымдар азаяды. Үкіметтен көзқарастары өзгере қарайтын пенделердің жүрегінен әруақ оқ атып жүрекке жылу кірер. Сынақтан өтпеген ел билеушілер сабалақ жүндей үркіп жүрекке үрей кірері. Басар жер таулары тарылып, бір-бірін улауға шығар. Құрметті қасіретке айналдырар. Айша ана туы биіктер. Туға қарамай мән де бермей өзара тартыс басталар. Кешегі бір-біріне сый беріп сыйласқан сығыр көздер бірін-бірі түтеп жер. Ел аузындағылар арпалысқа түсер. Шырылдаған жан-ұя кешегі сайраннан тыйылып қыспақ жаулар. Түмен баба құдірет көрсетер. Қырғи болып түлкінің көзін шұқыр. Қас батырлар қолға алар жайттар өтер. Оттың басы қоңыр болады. Сүйектерге алтын түседі. Мамырда зияраттап топ-топ пенделер келер. Хабарда отырар пенделер де бас қосып іс оңға басар. Тағдыр тауқыметін көргендер оңалар. Жақсылықтың жарығына ұмтылар пенделер көбейер. Қасиеті мықтылар дәріс алар. Ашық ақиқат бастау дәрісімен ақпараттар көбейер. Мен-мен басқан, көлбең басқан көк етектілер де жетер, абай сал шайпау сөздермен. Қуанышты хабар жетер күндер көбейер.
Оятып жалғар рұқын Құнанбайды,
Өсірген адал аспен ұлы Абайды.
Шәкәрімдей әулиені үлгі қылған,
Қазақтың ата жолы құламайды.
Көп болды тылсымға сауалдарым,
Уахи, аян кітабына жалғанғанмын.
Шәкәрімдей әулиенің ізіне еріп,
Сопылықтың құпиясынан сабақ алдым.
«Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын…»(Н.Н) Ел басымыздың елдің шаруашылығын қалыптастыруда өзінің жасаған жобаларын қайта бұзып салуда және қандайда бір қысылтаяң кезеңдерден топтасып қарсы болған әрекеттерден де ортасын тауып шыға білгенін де сөзсіз мойындау да керек.
Саясатта бұл тапқырлық болып, білімде қисынды болса ал рухани тұрғыда бағалағанда екі жүзділік саясат болып, оның ықпалы рухани өрістеуімізді сонша жылға шегеріп тастағаны да хақ. Мұны енді қазіргі болашаққа біліммен бағдар жасап жүрген ұлттың көшбасшылары аңғарудан қалғанымен, болашақ ұрпақтардың сынап айыптаулары да хақиқат. Сонымен ел басымыздың қандайда бір жобасы біліммен қарағанда өте қисынды, мұнан артық енді халыққа не керек деп түсінуге болады. Тарихыңды түзе, дәстүріңді меңгер, ұлттық құндылығыңды сақта, өзге елдерден білімнен қалыспа, барлық білімнің жетістігін меңгер, сол үшінде ұлттық сана кодын яғни ділдің білімін менің нұсқағанымдай бағыт-бағдармен біліммен қисынды жоспарлаңдар дейді.