Азаттық болар арменен  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 39

Азат бастың қадірін

Жүректен шыққан жан үнін.

Надан пенде ұға алмас

Құдайдың парыз жарлығын.

Қадрісіз бас жалаңаш,

Тазарып құлақ ой алмас.

Тылсымнан қуат енетін,

Төбеден тесік ашылмас.

Алтын басты нәзік жан,

Сөз қоймасы сақталған.

Шашын жайса пері боп,

Аманат болмас ақталған.

Жаның азат бола ма?

Ар зейнеті тола ма?

Киімің толық жабылмай

Бас пен аяқ оңар ма?

Арсыздық деген ұғымды,

Жоғалтсаң дәстүр дініңді.

Тегің азып ділің де

Сақталмас ұлттық тілің де.

Арың қымбат алтыннан,

Жоғалса арың халқыңнан.

Қиямет мезгіл келгені

Ажалың келер азғын салтыңнан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *