АЗҒЫНДЫҚ  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 36

Ақыл азса адамнан,

Құл болудан бас тартқан.

Жамандықты шақырып,

Әлемде ел көп қаны азған.

Құл сөзін алған мазаққа,

Түседі түбі азапқа.

Махаббатпен құл болмай,

Құл болмақ түбі тозақта.

Соңына түсіп мастықтың,

Достықтан көрші бас тарттың.

Көшеге шығып қан төгіп,

Жындылықпен аптықтың.

Тілегін Құдай қабыл ғып,

Жауабы түсті не ұттың?

Украинадан үлгі ал деп,

Құдайдан сын не ұқтың?!

Құдайсыз қурай сынбайды,

Ақылсыз надан ұқпайды.

Құдайға қарсы сөз айтып,

Надандықты жақтайды.

Соңына түссең мұндайдың,

Халық бар есті қарғайтын.

Бір тұтас адам аруақтар,

Лағнетін көктен тастайтын.

Жүрекке жынды кіргізіп,

Есіңді алар жынды ғып.

Ұрпағың тегі азғындап

Жүргізер хайуан құл қылып.

Көп жансыздар сөз жазған,

Ақымақтықпен мақтанған.

Шөлмек те мың сынбаумен

Бүр күні қирап жоқ болған.

Аз ғана қалды бұған да,

Көрсетер өзін Құдай да.

Соғысты аңсап іздесең,

Береді басқа қалайда.

***   ***

Жалаңаш арсыз қыздарға,

Шаш жайған пері сұмдарға.

Жек көрсе барлық еркектер,

Оянбауға рухы сөз бар ма?

Жаны тазарып нұрланған,

Тазарып тәні арамнан.

Қыздарда жанып шырағы,

Қонар ед қасиет құраннан.

Ауру, дертті туылмай,

Балалар өссе ауырмай.

Рухы биік қазақтың,

Тұрар еді туы жығылмай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *