Қажырлы бола алдың ба?(143)

Бөлім: Зікір өлеңдер 40

Қаралық бойды тежесе,

Қажырлық оны ширатар.

Құдаймен ара үзілсе,

Онымен жалғар кімің бар?

Меніңе қанат бітіріп,

Бізге іздеу салдың ба?

Түк бітірмей жәй жүріп,

Құдайға кінә арттың ба?

Қай жолдассың айтшы сен,

Енді ме жаның жарыққа?

Әлде оны тар қапас

Ішіне түнек салдың ба?

Сексен сегіз себепке,

Біріне іліне алдың ба?

Тоқсан тоғыз қамалдан,

Қорғанын ала білдің бе?

Сегіз сері жетектеп,

Жетегіне өзіңді ертті ме?

Қырық шілтен қолдауын,

Алыстан салмай жүр ме әлде?

Іздеп барып нұрыңды,

Үлесің онан келді ме?

Баянсыздың соңынан,

Түсіп еріп кеттің бе?

Қауымыңды әлде түземей,

Көңілің одан сөнді ме?

Қажырлық піспей бойыңда,

Орта жолға көндің бе?

Жетекшіл әлде есектей,

Өлшемсіз білімге сендің бе?

Әлемнен жинап тәпсірін,

Пәншілікті ақыл дедің бе?

Жан өсірмей, мал жинап,

Жынды боп ақсыз кеттің бе?

Қажырлықсыз өзіңді,

Ғылымды болдым дейсің бе?

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *