Бейшаралық

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 79

Бабалар қалдырған аманатын,

Қазақтың тектілігі боп аталатын.

Адамзаттың бәрін сүю баурым деп,

Дәстүрі әлем дінін қоса алатын.

Құдай өзі текті, тексіз қылдыратын

Әкесіне, ата текке қоса аталатын,

Орыс болып кетуден қорқатындар,

Мақтан болды ата есімін ат қылатын.

Қоян жүрек арсыздыққа жалғанатын,

Құдайсыз да  өзіне қасиет қоса алатын.

Тәңірсіген ібілістің ұрпағы боп,

Адамның болудан баласы бас тартатын.

Шынайы мұсылмандық бола алатын,

Құдайшылдық әлемге жалғанатын.

Құдайдың жобасына қарсы шығып,

Қазақта текті болмас сүйек сындыратын.

Жетесізге жеті айтқанмен құпия затын,

Ұқпайды надандар біліміне мастанатын.

Өзің білме, білгеннің тілін алма деген,

Қарғыс атқан былғап жүр қазақ атын!

(Сәуір 2017 жыл)

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *