Жалығу мен жалғыздық

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 41

Жүрегіме қарап едім үңіліп,

Дүние қызық, өліп қапты түңіліп.

Тіршіліктен жалыққан шалды енді,

Жақсы көрмек қай ісіме қызығып.

Жұрттың бәрі пайда іздейді зерігіп,

Жамандықты айтпа дейді жерініп.

Жылтыраған сөзді айтып жалғаның,

Жынды атайды құдайды айтсаң безініп.

Құдай берген хабар сөзге сенетін,

Қалмады үлкен аян, уахи көретін.

Дінді білген тәпсір оқып біліммен,

Тағдыр жібін тарқатып жүр өретін.

Мүлкін жердің құдай өзі беретін,

Меншік болды дүние ақша өнетін.

Арын сатып ел билігі заманға,

Тартып алды елдің сана мен жетесін.

Білім болды елге ғылымы беретін,

Ұмыттырып ақыл-ойдың киесін.

Білім білсе, сөзді сатып күн көрген,

Ғылымы жоқ әлемге қуат беретін.

Жалығудың сырын еспен білетін,

Үлкендер жүр жоғалтып-ап жетесін.

Жалғыздықты таба алмаған діншілер,

Мінбей көлік, ақыл-ойдың кемесін.

Жалығу мен жалғыздықтың жүйесін,

Меңгермекке жолға шығып із кестім.

Тазартуға қамшы ұстап күнәмен,

Ем шипасын меңгердім Алла өзі беретін.

Абайға ұқсап мың күнәменен күрестім,

Сопылыққа Шәкәрім боп ілестім.

Кезіп кеттім туған өлке жерімді,

Сыпыруға тылсым қала көшесін.

Жалғыз жүріп ата жолын не етесің,

Дегендер көп қадірсіз боп өлесің.

Үйреніп ап сенен көп жындылар,

Кітап жазар, пайдасын өзі көретін.

Алдай берсін, ала берсін керегін,

Тегін алдым, тегін жұртқа беремін.

Ыза-кегін мен өзгенің қайтемін,

Бір-біріне іштарлықтан өлерін.

Керек емес маған қатын бала да,

Дүние көзбен маған босқа қарама.

Менің дертім кімге керек дүниеде,

Ақиретпен ауырғанмын санада.

Қуанатын аз нәрсеге балаша,

Жалғандығы бұл дүниенің тамаша.

Қызығы мен нәпсі қыздың қалауын,

Жарысып жүр үлкен жаспен таласа.

Қолын берген дүние ісімен шайтанға,

Қарсылығы жүрегінде тұр жанға.

Азабымен құдай берер айтып көр,

Басың қалар бәле менен жалаға.

Жаманды білмей жақсы адам бола ма?

Күнәнің бар білімі ақиретке аларға.

Қуанатын өмір бойын жындылар,

Бес парызбен жаннатқа кіріп аларға.

Менің зарым ем бола ма жараға,

Тас жүректер ақиретке нана ма?

Өзі үшін өмір сүрген хайуан көп,

Болашақтың күні ақылға қонар ма?

Кімге керек мендей шал қонаға,

Тілім сақау дүние сөзін сұрама.

Маған серік болсам деген әйелге,

Бекер деймін өміріңді қорлама!

Жүрегіңе үңіл қалқам сарала,

Пайда зиян қаракетін бағамда.

Жаның қашық, тәнің жақын бұл күні,

Лайық болып өмір сүрші заманға.

Маған керек, ерін пірі қыларға,

Қиын-қыстау сыннан бірге шығарға.

Ғылымнан суат алып тазартса,

Қаннан тегін қосатын қуат санаға.

Жалғыздықтың сырын айтсам бағамда,

Текеметтің тегін түзеу сын тағдырға.

Алты ата, төрт анадан қуатты,

Қоса алатын тақуа ерлер шығар ма?

Бар қуаттың иесі Құдай параға,

Адамзатқа бір қуатқа жинауға.

Алла өзіне ұқсастығы бірлеумен,

Жалғыздығың парымен жұб қыларға.

Жалғыздықтың сырын іздеп бұл таңда,

Мазақ болып жүрмін қатын балаға.

Туысқан мен құда жекжат ағайын,

Тылсымның тектің сырын ұға ала ма?

Қатын қарсы, бала қолы жағада,

Алжыдың деп сын айтады араға.

Ақылдаспай қатын және баламен,

Іс қылдың деп қайшы мұна заманға.

Қарғысы жоқ тағдыр бар ма бұл таңда,

Қияметтің бұл  бір сыны қазаққа.

Өсіп–өнсін немере мен шөбере,

Бір тамырға төрт сабақты жалғарға.

Текті болсаң қара төмен жаманға,

Тәлкек болған талай нәзік заманға.

Тазарт, түзе қосып алып тағдырға,

Көбейтуге қан тегіңді санаға.

Тақуаға бұл бір сынақ сабырға,

Жолда қалған әруақты аларға.

Азат етіп тозақтағы құлдарды,

Дәстүрің бұл текті түзеу қоғамда.

Менің ісім ерсі бұл заманға,

Европаның салтын алған қазаққа.

Тағдырдағы бостықпенен күресу,

Оңай емес еркекке сын шамаңа.

Номадтық  тағдырға сабақ жалғауға,

Ерлер керек дәстүрін ата аларға.

Нәзіктер бар, аз да болса да қоғамда,

Қанның тегін тазартуға тұрарға.

Жалғыздығым бір қуатты жинауға,

Алты рұқпен, төрт жанға жалғауға.

Төртеу түгел, алтау араз болмайтын,

Жалғанатын Абайыңдай текті данаға!

Түсінетін бұл сырды аз қазақта,

Ғылымына ақиреттің жалғарға.

Он мың ғана жетесі бар жандарға,

Жүз мың болып көбейтер текті боларға!

(Мәуліт айы 2017 жыл)

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *