Бес қуат тәңір ісі(248)

Бөлім: Зікір өлеңдер 107

Бес қуат тәңір боларлық,

Адамзатқа қуат аларлық.

Алладан басқа тәңір жоқ,

Сипаты қозғау саларлық.

Шеберлік-жанға қожалық,

Шуақты, жарқын қыларлық.

Суағ деп атап құранда,

Ақ нұры келер саналық.

Бес қуат күші өнерге,

Жаннан жан шығар көбейе.

Білектің күшін зорайтып,

Яғұстан қарамен теңеле.

Қара күш артса өнерде,

Жан өспес жетпей кемелге.

Жетпіс екі тарамға таралған,

Бастауын байлар себепке.

Қабілетің бастау мінезің,

Қуаттан Яғұқ дерегің.

Көгілдір түске тәуелді,

Тік мінез қылық өсетін.

Көктігің ұстап қалды ма,

Жыныңа қуат қосты ма?

Ағыңа қосып көгілдір,

Озбырлық қылдың жаныңа!

Өлшеніп берер қуат бар,

Көк түсті Уад аталар.

Табынған көк тәңірге,

Ойлану тегі суаттар.

Тегіңде бар ойшылдық,

Көк бөрі деген нәсілдік.

Ізбөріден тараған,

Табиғат ана деп ұғынып.

Жүректі жылытқан суаты,

Ақылға серік барлаушы.

Тектілікке ақыл бағыттар,

Насыр деп атап қуатты.

Насырлы болған қожалар,

Сөз бағатын шопандар.

Діл қуатын арттырып,

Ілімнен суат алғандар.

Жетегіне ермей серінің,

Сегізбен жын сезімінің.

Әліптің артын бағатын,

Ділімен ана тілінің.

Ғылымы көк тәңірлік,

Ой баққан сөзге жан беріп.

Жан ғылымын меңгерген,

Елдігімізді сақтар мәңгілік.

Таяғы шопан тегің сақтардан,

Бес қуатты сөзбен баққаннан.

Ақ бақсылық ісін біліп,

Бес қуат — ақша көкке жинаған.

Қожалық бағың еді қонған,

Қырқын қырқа асырғаннан.

Мың есіктің құлпын тауып,

Ғылымнан кілтін алған!

(Ақпан 2019 жыл)

***  ******

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *