Ғашықтық(249)

Бөлім: Зікір өлеңдер 51

Ең үлкен олжа,

Ғашықтық жарға.

Кернеген бойды,

Сезім бір болса.

Үш өліп сезім,

Қажыр мен төзім.

Жұмсарар қанда,

Қатайған ділің.

Ақылың алда,

Болғаны сана.

Нәпсіңді жеңер,

Табады айла.

Қайратың тасып,

Қуатын қосып.

Жүректі тыңдап,

Айығар мастық.

Алдамас шайтан,

Қаныңда шапқан.

Серіден сегіз,

Бір сырың артқан.

Кісілік жарық,

Сегіз жын жанып.

Әсершіл болмас,

Адамдық артып.

Нәпсіге ермей,

Қолыңды сермей.

Меніңмен қоштас,

Құр малти бермей.

Кеш қалмай мезгілден,

Тағдырың берілген.

Екі қол ісіңді,

Ізгімен бекітсең.

Қанағат бойда,

Құлшыныс ойда.

Жолыңнан адаспассың,

Шүкірлік болса.

Алыстап арбап,

Көзіңді байлап.

Қыңырлық жуымас,

Жаныңа бойлап.

Арыңның шыңы,

Шындықтың жүзі

Алмастай өткір,

Ақиқат үні.

Баурайды бойды,

Салмақ боп ойды.

Нұры еніп жанға,

Иманың толды.

Ғашықтық дерті,

Жаныңның көркі.

Жүректер қосылар,

Алламен жүзі.

(Ақпан 2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *