Адам жалғыз басында жаратылған,
Адамдыққа бұл үлгі ғибрат қылған.
Бір-бірін қайталаудан жалықпайтын,
Жын қуаты көбейер қылығынан.
Кісілігі Адамның болған нұрдан,
Хауа анамыз он бір санды қабырғадан.
Он үш санды еркектің кісілігі,
Сегіз түрді меңгеру сыны болған.
Адамдық пен кісілікпен бүтін болған,
Адам-жан, тән-сарайы, кісі-жыннан.
Әлемдік жеті күннен жарық жинап,
Ақыл, қайрат, жүрекпен басқарылған.
Бір болмақ қасиетпен ес жинаған,
Бір жалғыздық ұқсамас қасиет тұлғаң.
Құдіреті жаратқанның осы емес пе,
Бармақтай бақ беретін Бол деп Адам!
Даналықты махаббатқа негіз қылған,
Ана болдың — дана болдың нақыл қалған.
Махаббаттың сүтімен ана бейнеленіп,
Әйел ана Адамзаттың жаны болған.
Ер азамат кісілікке үлгі қылған,
Сегіз жын, сегіз қырлы бір сыр алған.
Кісі мен жан екі жарты бір бүтін боп,
Адамзат көбеюге парыз болған.
Қарсылық қылықтан қасиет шыққан,
Ібілістің кісілігі бұзық болған.
Тоғыз төре төбеден келер деген,
Төрелігі ер азамат рұқпен алған.
Қырық қасиет қожалықты меңгерсе Адам,
Елдігі адамзаттың нәзік жаннан.
Қырық үйге қарсылығын меңгерумен,
Жанға қожа қан тегімен қасиет қонған.
Кісілік, төрелік үлгісі ғибрат алсаң
Ел билеуші, білімді қауым болған.
Елге қожа дін ғалымы, имамдар бар,
Қожа, төре бұл заманға үлгің алған.
Алланың жібі — тарих дінмен берген,
Алты жаның ата-анадан ділден өнген.
Өткен күнің кісі елесі әркімде бар,
Мінезің туылмайды жынмен келген.
Кісілік жыннан, адамдық жанмен келген,
Екі жарты бір бүтіндік неке берген.
Мен жаныңа құлшылық қылсаң пенде,
Жалғыздығың кісі мен жан бірлігінен.
(Наурыз 2017 жыл)