Бір естілік  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 0

Кәрілік-шал деген бір ат қылғандай,

Айнадай ақылыңды тат қылғандай.

Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,

Бір туысқан жақынды жат қылғандай.

Бойдағы бар қуаттың бәрін алып,

Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай.

Ойым-у, өмірім-су, үмітім – бу,

Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай.

Тоқтаусыз төмендетті күннен-күнге

Түрі жоқ аз ғана аял, дәт қылғандай.

Шатыраш ойнап ұтылған сықылданып,

Байқаймын, кешікпей-ақ мат қылғандай.

Ойлай берсем қайғы емес оның бәрі,

Көп жасаған қоя ма болмай кәрі.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Қартая білмек адамдықтан асыл болғай,

Жаны күшті әлсіз тәнді басқарғандай.

Жас баладай риясыз періште боп,

Арамдықтан алыс бойын сақтағандай.

Кейбіреулер жасы үлкен ісін қимай,

Қылығы жігітшілік мас болғандай.

Қолда таспих, алдында жайнамаз жоқ,

Ақылы жоқ, құдайға елді жақ қылғандай.

Білімді үлкендер жүр дүние жиып,

Саясатшыл өмірге мас партия қуып.

Ұлтының дәстүрі ардан білім,

Ғылымынан хабарсыздар ойы бұзық.

(Б.Т.К)

***  ****

Өкініш сол- өмірді босқа өткіздім,

Өлсем ойдан кетер ме соның зәрі.

Білген адам баянсыз іс қылар ма,

Қолда болып тұрғанда ықтияры.

Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,

Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.

Қасиетін өмірдің білу керек,

Басында миы бар болса, бетінде ары.

«Өлермін, шал болармын» ойында жоқ,

Мал, мансап, сауық, тамақ, сүйген жары.

Теңлік бар, тексеру бар деп ойламай,

Не зорлықшыл, не болар ұры-қары.

Төбесінен ұрғанын бір-ақ білер,

Адамдықпен шыға алар кім жоғары.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Артына қарап болжам жоқ алдағыны,

Қазақта білімді үлкен өспей жаны.

Жастар кімге қарап тегін анықтады,

Атақ, даңқ жалған ғылым қуғандары.

Өмір-уақыт адамзаттың тағдырлары,

Әр нәрсенің мезгілі келмек сұраулары.

Қазақ ұлтын аздырған орыс дейді,

Орыс артық үлкеннен саясатшы ұры-қары.

Ойында жоқ, өлетіні болса да кәрі,

Суық ми, жалаңабаста болмас ары.

Сана түгіл жетеден хабырсыздар,

Махаббат жоқ, жат елдік салт құмарлары.

Ел билеген үлкендер қастық қылғандары,

Ата жолын, дәстүрін соттап заң шығарғаны.

Пайдасыз күнде жиын мақтандары,

Дәулетке мас, бірін-бірі әулие атағаны.

(Б.Т.К)

***   ****

Кім жалғыз, бұл жалғанда — есті жалғыз,

Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.

Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па,

Қазақтан табылды ма оның пары?

Өлеңмен жұбатты өзін-өзі

Еңбегі еш, іші беріш, жүзі сары.

Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,

Патша қойса не керек қазақ шары.

Не қылса да шыдады, білдірмеді,

Сол десеңші сабырлы қазақ нары.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Қазақта даналықпен болған ханы,

Патша болмақ жетік болса дін кітабы.

Өзі сұлтан, өзі хан, патша болған,

Үлкен қайда Абайына болған пары?

Үлкендер бар аталған қазақ нары,

Шет елдің бар салтын, заңы алғандары.

Үш тілмен білім біліп, ғылым алмақ,

Діл мен тіл білімінен жоқ хабарлары.

Ясауи, Абай-Шәкірім және қазақ даналары,

Санмен ғылым тура жолға жалғанғанды.

Махаббатсыз  тегіне ұлттың мейірімі жоқ,

Білімді алып, ғылымсыз билік наданданды.

Есті бар ма сөз астарын ұғынғалы,

Жартас қой бүгінгі билік, көп зиялы.

Ақырзаман білгісі түсіп болғанымен,

Тас жүректер тозаққа елді бастағанды.

(Б.Т.К)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.