Қыс айы еді, қары қалың мол түскен,

Қарfша үй, жалғыз аяқ жол түскен,

Бар сенері бір Алла боп, күн кешкен.

Елдің іші Алтын бесік, қашанда,

Асылдары қолды сөзған, осалға

Бір кесе сүт, сұраушы еді көршіден,

Осы бір сәт, ұмтылмайды қашанда.

Бір кесе сүт, оң қолында анамның,

Санап басып сақтықпенен қадамын.

Келе жатты жалғыз аяқ жолменен,

Кезім еді, тоғыз жасар баламын.

Апатайлап қарсы менде жүгірдім,

Келе сала кесеге кеп үңілдім.

Бір ұртташы-деген сөзі есімде,

Осы кезең, жол басы екен бүгінің.

Анам сонда, көіне жас қатты алды,

Сүтті ішкізіп құшағына бас салыд,

Ержеткен бір кезіңді мен көрсем деп,

Баласына меңзеп тұрды биіктерді, асқарды.

Бала болып сонда қатты ойландым,

Сиыр болса, сүт боларын ойға алдым.

Жоқшылықтың не екенін сезініп,

Сыр сандықты «Арман» атты ақтардым.

Арман еттім ертерек тез өссем деп,

Еңбек етіп, еңбек терін төксем деп,

Сол еңбекпен, сиырға қол жетерін,

Бала жүрек, сонда ғана сезсін кеп.

Арман етем ақ сүттерді арықпен,

Өзен қылып ағызсам деп тауып мен.

Жоқшылықтың сызғым келді мәңгіге,

Мақсат қойып осы тұрған қалыппен.

Көре алмай өскенімді арманда,

Тағдыр жолы маңдайға бір жазғанда.

Тіршілктің заңдылығы орын ап,

Анам марқұм жалғаннан бір озғанда.

Ержеттім, сол арманға қол создым,

Жнтейін деп, бір қол созым.

Бақ та, Дәулет маңдайыма жазылса

Арманымның асқар шыңы, ол сырым.

Асқар шыңнан көз салайын, байқайын,

Естисің бе, балаң салған айқайын.

Бір кесе сүт-армандарға жол ашса,

Алғысымды сол сәттегі, тілеуіңе айтайын!

(Тарыбаев Қыдырәлі Момбайұлы)

3 thoughts on “Бір кесе сүт

  1. Алл разы болсын..жүз жасаңыз..бауырымның əруағы разы болған шығар…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.