Бір күнің озып кетсе бір күніңнен

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 121

«Бір күн озып бара жатыр бір күннен…

Тағдырларда  қалдырып ізін тірліктен.

Жаратқан жаппар ием жар бола көр,

Шынды іздеймін келген әрбір түндерден.

Шынды білмей күн озды күндерден,

Шындықты іздеп таба алмай түндерден.

Шын махаббат қылуға сабыр жетпей,

Ғашықтық сезім қуып жынды елмен….

***   ****

Оза берсін күндер бір-бірінен,

Оқып тағдыр жазуын күнтізбеден.

Құдай деген түбінде құр қалмасты,

Бағын сыйлар пендесіне күттірген.

Үзбе үмітті күт арманды іздеген,

Сағынышпен өткізген әрбір түндерден.

Мүмкін әлі жамандықты тастамай,

Кешіктірген өзім деші шүкірмен.

Жақсылық бар әрбір пенде жанында,

Аққу болып қосылар жүрек сыңарға.

Адасады көп адам өзін-өзі біле алмай,

Бақ қона ма құлшылық болмаса бір құдайға.

Жақсылық болады жақсылық төлеуі,

Әйел ерге, ер әйелге құрбандық еді төлеуі.

Текті ұрпақты өмірге әкелуге адамзат,

Талай қиын азап пен сыннан өтеді.

Кейбір нәзіктердің жанында бар белгісі,

Әке жақтан мықты нәсіл ұрпағы кісісі.

Қазақтың еді болған салт-дәстүрі,

Тек пен генді қосып өсірген таза жемісті.

Дәстүрі қазақтың атар таңы арайлап,

Талай жесір, кәрі қыз жүрген қарайлап.

Ата заңмен бекітіп, текті тазартсақ,

Ұрпақтар келер әлем көшін елді бастар.

(желтоқсан 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *