БІРДЕН МӘҢГІГЕ ДЕЙІН…

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 104

Бір тамшы сөз — мәңгілік жұбаныш…
Бір тамшы жас — мың жылдық у…
Бір тамшы сезім — ғұмырлық азық…
Бір тамшы кездесу — қоштасу…
Бір ғана адам — бәрі…

«Бір тамшы ой — мың тамшы тер»

(Құралай ..)

***

Тамшымен өлшеп,

Уды да ішіп

Үйреткен дұрыс адамды.

Бір тамшы сөзден,

Жасы аққан көзден,

Көрмедім еш адамды.

Бір тамшы беріп,

Сезімнен еріп,

Өзгертпек кім наданды?.

Бір рет ұрысып,

Кетсең мүлде құрып,

Қайда сонда адамдық?

Бір ғана ойдан,

Тер шықса бойдан,

Өзгертер едік ғаламды.

***  ****

Растығы енді,

Бір ғана тамшы,

Кім оны көрді?

Ұрықтан адам,

Жаратылған.

Бір-бір тамшы,

Тамбаса жасың,

Кімсің сен адам,

Тас жүрек болған?

Бір тамшы сезім,

Жүрекке еніп,

Күте алмай оны,

Сақтамай берік,

Ғашықтық өлді.

Бір тамшы ұрық,

Негізі у ғой,

Жатырда тұрып,

Сәулетші қан ғой,

Беретін көрік.

Тер болып бойдан,

Бір тамшы ойдан,

Сипатты ардың,

Көрсеткен үлгі,

Ұяттың барын.

Құралай қалқам,

Болмашы жалтаң.

Бір ғана адам

Тағдыр ед жазған.

Сынынан құлап,

Іс болмай арман,

Дедің бұл жалған.

Сұрасаң тағы,

Жеткізер әлі,

Ойыңа алған,

Мұратқа, арман.

****  ****

Нәпсің қажет етпесе,

Сүйе де алмас ең.

Жан оған қызмет етпесе,

Өртеніп жана алмас ең.

***   ***

Егер нәпсің керек етсе,

Рухыңа бұл сәйкес келсе,

Таза ақылың дұрыс десе,

Түйсік немесе жалған емес

Бұл пәк сезімнен еді, десе,

Сүйе, білу сүйсінуде

Адамдық сезім осы емес пе?

Әйел нәзік аттатын таң емес пе?

Біздерге құдайдан болған тарту

Мәңгілік сұлулықтың өзі емес пе?

Әйел нәзік, енетін ұжмағыңның

Рухыңа азық болатын гүл емес пе?

Ар қандай ұятың неден дейсің?

Жаның осы сұлулық нұр бейнесін

Бұл қуатты қалайша бекер дейсің?

Сырты сұлу әйел көп, бола берсін,

Құдайым бұдан неге тия көрсін.

Гүлдей нәзәк арамызда жүре берсін

Адамзат көбейеді тек әйелменен

Әлемде жарлағанды тербелуден.

Тербелсін алтын бесік әрбір үйде,

Ер мен әйел некемен бірін-бірі сүйе берсін!

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *