ЗАМАН ЕМЕС, АДАМ АЗДЫ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 51

О, заман-ай, заман-ай!

Дәуір болдың жаңалай.

Берекет, білім, тыныштық,

Азған салтты қылық қып

Адамзат азды қаралай.

Бергенмен түрлі игілік,

Айтпаған шүкір бұғандай.

Қазақтың басы төрелер,

Басқарған еді кемелдер.

Тазалық, тәртіп сақтайтын,

Көрсеткен тектен өнеге.

Бұқара халық еліктеп,

Азбайтын еді желіктеп.

Сөз маманы төрелік,

Пайғамбарлар үлгісін

Әділдік дінді сақтайтын,

Айтқан сөзі жебе боп

Садақтан атқан оқтайтын.

Қатындары төренің,

Тақуа киім көрік қып,

Төсі түгіл, баспенен,

Көрсетпеген де білегін.

Ұлдары болып сұлтандай,

Әкеден алып үлгісін,

Қызметін қылған ұлтандай.

Ендігі бар ма төрелік?

Еліне қылар  иелік.

Төре деген аты бар,

Ел билеген заты бар.

Қыздары жүр жалаңаш,

Негірлерге артылған.

Арсыз өңкей бақа бас.

Қатын  деген аты бар,

Мұндайлардан түбінде,

Тарамас туып жақсылар.

Ұл туралы сөзім жоқ,

Өне алмай тегі нағашы,

Азған ділдің тегі жоқ.

Азса қаны ұрғашы.

Қожа еді дінді сақтаған,

Елші болған еліне,

Әулиелікті ту қылып,

Шәкіртерін баптаған.

Енді қожаң кітапсыз,

Дін ұстаған тұрақсыз.

Әулие түгіл үлгі жоқ,

Көрсетер елге түгі жоқ.

Ру болды тек мақтанған,

Сүйекке  ата дақ салған.

Ай қазағым, қазағым,

Көрсе де құдай азабын.

Оянбады санамыз,

Алдың-оқпан, артың-жар

Мұнымен қайда барамыз?

Аруағың тұр шырылдап,

Аршалап ұрпағын,

Жолатпай жынды құрықтап.

Сонда көрмей аянын,

Көрсеткен сының баянын.

Өзеурейсің өлместей,

Аруақты қуып келместей.

Сын сағат соқты қазаққа

Түсесің енді азапқа!

Көрмесең қайғы көресің,

Ерегісіп құдаймен,

Дүниеге мастар абайла,

Хайуанша енді өлесің!

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *