Қазақта мұндай өмір болмағанды,
Дүние байлық өнерімен шамалары.
Әр заманың шаруасы мен әлеуметі,
Бірі озық, бір кем болмақ заңды.
Білімді заман бұрын болмағанды,
Өнеркәсіп қазақта рас дамымады.
Ар, ұятын сақтаған саналы ел боп,
Дін мен тегін жан қуатын сақтағанды.
Құдайдың патшалығы орнағанды,
Талай ғасыр сын тезінен өте алды.
Мәңгіліктің ұрығын сақтай білген,
Әулиеліктен әлемде озық үлгі қалды.
Дүние ісін европа, орыс, қытай алды,
Меңгере алмай қазақ елі артта қалды.
Жаратқаның сыны түсіп бодан болып,
Бір ғасырда білім озып, ілім қалды.
Егемендік еріктілік қазақ алды,
Шаруасын дөңгелткен басшылары.
Отыз елдей озық тұрған боламыз деп,
Ар, ұятын, дәстүр-салтын тастағанды.
Ұлт құндылықтың жоғалды бағалары,
Жан көбейтіп, әлемге қуат қосар арды.
Әлем түгіл өз жанына қуаты жоқ,
Ел басқарған қазақтың «жағалары».
Сыңар езу бүгінгі ойшыл даналары,
Өспей қалған жетемен ақыл саналары.
Қазынасын жер ананың сатып байып,
Бұрын мұндай болмадық деп мақтанары.
Дін, ділі азып ғалымда жоқ жобалары,
Масһаб болып таза ақылға жалғанары.
Ақылы азған елді азғыру оңай болып,
Өз ұлтымен өзі жау боп жастар азды.
Ел басшылар өз халқында ата алады,
Бағындырып заңға елді мақтанары.
Өз халқын жазалаумен үлгі қылып,
Бүлікпенен күрестік деп ақталады.
Өз ұрпағын, туысын өзі атып жазалады,
Дін дәстүрмен, ақиретпен жоқ шаруалары.
Өлігін де бермей неге көме салды,
Кәпірліктің бұл салтын қайдан алды?
Ата жолын сотатып, өлімен жауласқанды,
Аруағына жалғандырмай елін аздырғанды,
Ел билікпен, масһабшылар ісі емес пе,
Қызылбастың салтын алып жас пен кәрі.
Бұрын қазақ дейді мұндай бола алмады,
Бұл дерекке арсыздар ғана сене алады.
Қой үстіне боз торғай жұмыртқалап,
Жатқанындай ел басшылар мақтанады.
Ар, ұятсыз қаның азып рұқың қараланды,
Жиырма бес жыл ұлт жүрегі жараланды.
Қайтып келмес сапарларға кетіп жатқан,
Ұлт байлығы, иман жанды кім ойланады?!
Ел билеуші, үлкендер деме шеше алады,
Суық милы, сасық өріс бөріктерін кие алады.
Көне көз қариялар рұқы оянып,
Үш жыл бойы тегі қазақ жалғанады.
Құдайдан қияметтік бар жауабы,
Көктен нұры жеріне қазақ шашылады,
Текті ерлер аруақ-кітабына жалғанумен,
Ел биліктің бұл тұзағын кесе алады.
Қазақтың тектілері жол-жоба алғанды,
Әлемде өз орны, дін салтымен дараланды.
Арсыздықтың қай түрінде алдын тосқан,
Керейхан, Жәнібек сұлтан үлгісіне жалғанады!
(Маусым 2016 жыл)