Жауабсыз сауалдар…  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 67

Кімсің келдің қайдан,

Бұл өмірден алған пайдаң?

Қазақ текті ел аталып,

Өзге елден не айырмаң?

Дүние, байлық өнді қайдан,

Кім өсірген қуат қайдан?

Ұқсамақсың бар әлемге,

Қан тегіңмен болмай шаруаң.

Бар ынтаң, деген озық болсам,

Дүние малмен жүріп саудаң.

Ұқсамаған еш нәрсең жоқ,

Ақиретпен болмай айлаң.

Құдайдан алмай аян,

Ел басшылар болған надан.

Жер тәңірісі болып алды,

Өзгерместей енді заман.

Жерді сатып ел байыған,

Бізде сондай, деген болсам.

Бүлінгенді үлгі қылған

Ар, ұятсыз салтын алған.

Даналықтан мирас қалған,

Ел емес, олар ақылы озған.

Болашақтан жоба алмай,

Тегі азып хайуанданған.

Жерді өңдеп, егін салған,

Табиғатты құртып жойсаң.

Нәсілдерің қайдан шықпақ,

Аң, құс, жәндік болған?!

Тау, тас, құмың қан боялған,

Жүйесі  қуат айналымнан.

Қазақ елі ойпатты ел,

Құс жолымен жалғандырған.

Есерсоқтық делқұлданған,

Ібіліске қызмет қылған.

Ел басшылар әулие болып,

Құдайдан жоқ жобасы алған.

Жер, дәстүр, халық ортаң,

Құдай өзі қолы болған.

Мал табар мен ой табарлық,

Білімен, ілім жарық қылған.

Шырағданың жарық шыққан,

Әулиелер ғой БІЗ аталған.

Көктен сәуле, жерге түсіп,

Жаратылысты қозғап тұрған.

Кім болдың, жаның қайдан,

Түбі өлмексің бар ма шараң?

Жан көбейткен арлы елдің,

Бара ма ісің жалғау болған?

Басшы болсаң ел басқарған,

Құдай еді жанды қылған.

Ар, ұяттан жұрдай қылып,

Болды ма хандар арсызданған?

Бір өзіңе табындырған,

Саясатың арты жалған.

Қазақ ұлты түбі оянып,

Сұрау болар ар мен жаннан!

Қиямет рас- бір құдайдан,

Азап, ауру індет болған.

Дүние байлық құтқара алмас,

Жүректерді тасқа айналған.

Құтқара ма заң шығарсаң,

Алты ауызды араз болған.

Масһабпен жан құтқармақ,

Таза ақылсыз дін ұстанған.

Сөзі мен ісі алшақ тұрған,

Пайда барма саясаттан?

Жобасы жоқ өңкей надан,

Білімді билер есек болған.

Жауабы жоқ таза ақылдан,

Дінсіздер жүр ел басқарған.

Ұлт арманы деп алдаған,

Ар, ұятсыз елді аздырған.

Жауап бермес сауал қойсаң,

Аманатын ақтай алған,

Өз тағдырын көріп, білмей,

Ел құтқармақ басшы қайдан?!

(Мамыр айы 2016)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *