Дұға мен дуа (164)

Бөлім: Зікір өлеңдер 96

Қарсылықты арттырған,

Жамандықты жасырған.

Жер бетінде адам көп,

Арпалысып алысқан.

Қателікпен жаңылысқан,

Тәубе, шүкір ұмытқан.

Шайтанның болып жамағаты,

Дүние жинап жарысқан.

Сыналса да көп жылдар,

Жылына екі белгі бар.

Себебін іздеп өзгеден,

Екіжүзді көп қауымдар.

Қара ниет іші тар,

Кекшілдікпен сөз айтар.

Тарихта болған жаманды,

Қоздырып отын тұтатар.

Жетесіздік кімде бар,

Тектің сырын бұрмалар.

Ат аттатып сүйек сындырып,

Әке, ата есімін ататар.

Жылу жоқ жанда іші қар,

Білім жинап мақтанар.

Құдайдан хабар алса да,

Мойынсұнбас бұл жындар.

Ізденбейді алқынып,

Ілімге де салқынсып.

Дүниелік жылтыр байлыққа,

Тырмысады жұлқынып.

Тәннің күйін күйттеген,

Рұқ пен жан жоқ бірленген.

Жаны қалды жетімсіп,

Адамдықтан қалып өндірген.

Ділдің сырын меңгерген,

Дінші, ғалым, ел билерден.

Ібіліске кетті қызмет қып,

Ар-ұятсыз елдік өлтірген!

Ібілістің бұл жобасы,

Сиқыр сөзбен дуасы.

Сөз ұғымын терістеп,

Ойшылға мақтан қылмағы.

Тектілік қасиет дұғамен,

Ел аздырмас батамен.

Асыл сөздің қуатын,

Меңгерген үлкен санамен.

Дұғасы жетпес Құдайға,

Жол-жобасын сұрауға.

Сопы, дінші, үлкендер,

Ғылымсыз болған не пайда?

Жүгін жоқ елің түсірген,

Тағдырдан жібі үзілген.

Бас басыңа би болып,

Жол емес тура бірленген!

(Қараша 2018 жыл)

*****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *