Жардың сыры Ар сауыт(163)

Бөлім: Зікір өлеңдер 45

Рақым ойлаған пенденің,

Жүрегінде түгі бар.

Махаббатын сақтаған,

Ар сауыттан сыры бар.

Қатайған қатты пенденің,

Арамға батқан жыны бар.

Шерігін қосып жанына,

Иығында жүгі бар.

Қылығы өзге ұлтынан,

Қанында нәсіл құрты бар.

Қатты, қырсық пенденің,

Бойында ауыр дерті бар.

Секемшіл селт етердің,

Жанында үлкен жара бар.

Көп айтты деп ерменің,

Жетесіз жарым есі бар.

Ескі кекті қозғаған,

Шайтаннан жыны бар.

Жалған намысқа уланған,

Ғылымсыз хайуан дерті бар.

Ер мінезді еркекте,

Бөрікті, намыс — ар болар.

Сөз қадірін түсінген,

Жүректен шыққан сұсы бар.

Төзімді болса әйелдер,

Алақанда жылу бар.

Тазалық жоқ теріге,

Періліктен үн қосылар.

Жаласы болып тіл, қолда,

Төсекпен берер уы бар.

Қиянаты болса пенденің,

Тағдырға алған жүгі бар.

Құдайшыл болған адамның,

Құдайдың өзі Жар болар.

Бәле, жала дарымас,

Ақтан сауыт тасы бар.

Ақталмай рұқ, жан ағарып,

Жолында Алла соғысар

Мирастан алмай ақ сауыт

Жақты деп жарға қылығым

Айта көрме арым бар.

(Қазан 2018 жыл)

*****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *