Еркектік қасиетім сақтағаным,
Емес бұл сөз, құр мақтағаным,
Д…а жан, хат жазып ең соңғы рет,
Жазыпсың кездесуіміз болсын ақирет.
Ойланып аз ғана уақыт қылдым шешім,
Емес бұл алған сенен өшім.
Хат жазып қалам алдым баяндауға,
Көрген көз естіген құлақ, аяндардан.
Естіп ем шырылдаған дауысыңды,
Мұндайда дәтім болмады аяңдауға.
Дегесін батыр бар ма, бұл қазақта?
Бөріктінің намысы бір болғанын
Дәлелдей алмағанға шарам бар ма?
Көп дедім батыр қазақ мен сияқты,
Сарқылмаған әл-қуаты кен сияқты.
Тәуекел түбі жел қайық деп,
Көрмей, білмей, естіп жар қылайын,
Тоқал бол, маған енді бер қолыңды,
Қолыңды асықтырып мен сұрайын.
Неге деп, сен сұрадың деп екі реттен,
Жауабын беріп кетің, өзің үш ретпен.
Артынан көңіл толып, өзің болып,
Хат жаздың шаршадым деп, бұл өсектен,
Түсіндім сенің теңің менен емес,
Мен саған, сенің саған керек емес.
Саған керек үй күшік, қораға үрмес,
Кет десең, кетуге де намыс көрмес,
Осындай етек басты еркек болса,
Ұлықсат берсең үйіңнен шығып тұрса,
Керек кезде, үр десең айбар қылып,
Сілтеген жағыңа қарай үріп тұрса.
Мақсатың ақиреттің дүниесі емес,
Қуғаның қу тіршілік, көрген елес.
Айғырдан, айшықты туар деген,
Өзіне ұқсар баланың саған керек емес.
Таздан туар жарғақ бас деген екен,
Кедей болса, мал бақпас болады екен.
Жалқаудан жатып ішер, маубас туып,
Дүнилік тірлік, базарын артық көріп,
Қу дүниені өзіңмен бір жинайтын,
Саған осындай еркектер керек екен.
Үй күшіктер, малбасар қазақта көп,
Тең теңімен, тезек қабымен дегендейін
Құдайда сұрағанға өз теңін берер екен.
Д…а жан, өз теңіңді шаршамай тап,
Жағдайың да ондай жайға келеді екен.
Мен сияқты асаудың керегі жоқ.
Біреуге жақсымын ба жаман ба?
Өсегі де бұл жалғаның таусылған ба
Ит үргенмен керуен көшетінін,
Жасымнан біліп өсіп, көнбей шуға.
Еркектің екі сөйлегені өлгені деп,
Азамат ем бұл сөзді алған туға.
Байқамай алдауыңа түсіп қалып,
Құтқардың торыңнан да өзің тура.
Мен сөзімді қайтып алмай өзің айтып,
Құдайым қарап мені тұрғаны рас,
Сынағынан сүрінбей өтім тура.
Маған да сендей қатын керегі жоқ,
Өміріңнің қалтарыс сұрағы көп
Сөзінің расы болса, тұрағы жоқ.
Маған қатын болу да оңай емес,
Сен сияқты сабырсыздың қолайы емес.
Ер жүректі, ердің қыбын аңдып білген,
Ерге жар, бәйбішеге сіңлі болып
Қатын болса, қылықты жарын сүйген.
Тәукелшіл болса екен, жөнін білген,
Парызын әйелзаттың берік түйген,
Құдайын, байынан да артық көрген.
Аққу болып, қанатым болса деймін,
Ертеңімді құранмен шолса деймін,
Алда тұрған ғажайып істерме,
Қамқоршы қарындастай болса деймін.
Менде жатқан пайғамбар нәсілдерін,
Өмірге әкелуге білін буса деймін.
Тәрбиесін тектінің беруге лайық болып,
Халқына ана, туысқанға пана болып,
Домалақпен, Айшадай аналардың
Ата жолын, дәстүрін қуса деймін.
Сен арқалар бұл дүние жүгі емес,
Тең дегеніміз, теңсіздік болып шығып,
Қалай ғана еріп кетім болған елес?
Болмасын деп ер көзі, ермек сөзі,
Қайтып алып, сөзімді бердім жолды,
Саған ғашық жолықсын іздеп өзі.
Бақытыңды мен емес көретұғұн,
Немесе жолыңды ашып беретұғын.
Өз қамыңды өзің қыл енді Д…а,
Бай бол, барлық қылып дүние жина.
Ата жолын қастерлеп, сақтай білсең
Құдайдың көрсеткенін, еске жина!
Амалын екі айтырмай орындасаң,
Кім біледі, жақсы жарды берер сыйға!
Сонда да құрмет жасап, қылмақ ізет
Болмасам саған тоқал мен болайын,
Құдай ісін меңгеріп, қасиет іздеп
Шәкірт болып, аққулық жол қуайын.
Шәкіртім болармысың, біле алмаймын,
Мынандай мінезің бар ұйқы-тұйқы.
Құлқының қу дүниенің, қамы болса,
Сен шәкірт мен ұстаз боп, жүре алмаймын.
Ойымда болғаны жоқ еді бермек жапа
Кешіресе сал, сөздерім артық болса қата,
Жолыңды байламадым, бердім бата
Арлы бол, қалаулы бол, сауап жина!
Ана тілің арыңмен,ар- бақша ділді сыйла!
Аманат берген аруақтардың еске сақтап,
Ата жолың бақ жолың, алсаң ақтап,
Берсе Құдай қазынасын қойған сақтап!
Жетерсің мақсатыңа жүрген аңсап.