Тұранда бір ел болған екен!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 60

Өркендеп, өсіп өнген Тұран деген

Тарихта алып мемлекет болған екен.

Кезінде пайғамбарлық замандарда,

Көп нәсіл, ұлттарменен құранды екен.

Тарихтың өтіп талай оқиғасы,

Ажырап түрлі елге шек арасы.

Ішінде ерекше бір ұлты болған,

Салтты екен абыздықпен, сәуегейлік,

Сырты алтын іші күміс сөзі болған,

Отаны сөз данасы, кемеңгерлік.

Діні екен ежелден ақ Тәңір көрген,

Даналары көп болған кітап білген.

Болыпты тура жолы дін дәстүрі

Түс көргіш, екен елдің тұрғындары,

Аянмен, тағдыр болжап, өзін білген.

Көк Тәңір сыйынғаны, мұндай ұлттың,

Табынған әулие-әмби ғұрпы ма екен?

Таза ақыл, Тәңірдің өзі, себебі деп,

Аруағынан қолдауын сұрайды екен.

Жаратқан бір Құдайдың заңы емес пе?

Айналған бүгінгі шын ертең елеске.

Өсіп-өніп өркендеп жатқан елдің,

Даналары өмірден де озған екен,

Ақылсыз басшылар кеп араздасқан,

Сынағын сатып алып Құдай атқан

Талай ғасыр өзге елдің қол астында,

Көріпті тақуметін дәстүр сатқан.

Құдайым сынар халқын қалай төзед?

Төзімдерін шыңдаған ел алар кезек.

Шежіресін, тарихын қайта жинап,

Ес жиып, етек жауып, арын ойлап,

Дін дәстүрін ата  жолын қуған екен.

Құдайдан пәрмен жетіп, бір заманда,

Бодандық құрсауын да бұзған екен.

Патшасын сайлап алып, кемелденген,

Дамыған елдің қатарына қосылмаққа,

Жұмылып ел билігі белін буған екен.

Ділінде Құдай сөзін қалған сақтап,

Қойсын ба Тәңір өзі тұрса жақтап.

Жаңартып  қаласын да даласын да,

Іргесі мықты мемлекет болған екен.

Тойынған түгел халқы, ел билеуші,

Көріпті бұрынғы істер, салтын ерсі.

Сұрмай Құдайдан қалай болады деп,

Шақырып өзге елдерден көп кеңесші,

Өзгеше бір жоспарлар құраған екен.

Ұят деп енді мынадай  ақыл парқымызға,

Әлемнің өзге тілді халқынынан да.

Тастайық ескі әдет салт пен дәстүр,

Құрайық жаңадан ұлт болып мәшһүр.

Құдайдың ұлықсатының керегі не?

Ана тіл, ділің, білім болып келеді ме?

Білімді ел өз тілін дұрыс меңгерді ме?

Онан да өзге елдің тілдерін үйренейік

Ғылымды басқа тілмен-ақ меңгерейік.

Шежіресін ал, ұлтының пайғамбардың

Дін салтын қоса алып намазхандық,

Сопылық құрып, жер кезген дініміздің,

Дәстүрі бабалардың жаңылғандық.

Бұрынғы ескі салттан бас тарталық,

Масһабы тура өзі пайғамбарлық.

Жастарды да енді үлкенмен теңгерлік,

Тізгінін шешіп, тұсаусыз бос жіберелік,

Оқытып шариғатын, қажы болып,

Ақылын айта берсін  кемеңгерлік.

Сөздерінде аудармай-ақ атау, нақыл,

Үлгі алсын біздей ұлттан, тапқан ақыл.

Меңгерсін әлем білген барлық салтын,

Болашаққа  жаңарған қалсын дәстүр.

Ескі ғұрып табынғанды ұмытайық,

Аруағы бабалардың  болмас лайық.

Жаратылыс  себеп деген керек емес!

Ондай өлген, шірігенге табынғандық,

Біздердей ақылды ұлтқа болар айып.

Ояздар бұл шешімді құп алыпты,

Қудалап ата дәстүр ескілік деп.

Сауатсыз жетім-жесір және халқын

Соттапты, заң үкімен дәстүр салтын.

Кітаптарын жазылған  және алыпты.

Табынған құрбан шалып аруағына,

Жарлығы үкіметінің шыққан екен,

Өтесін айып пұлмен, қойған нарқын.

Қарсылық бас көтерген ақсақалын,

Қамапты білмейсің деп діннің парқын.

Жүгенін сыпырып алып жастарының,

Жын ойнақ болған екен тойлары да.

Құжаттап бүкіл  құлшылық орындарын,

Заңмен, тиып мемлекет кемелденді,

Ата заңды меншіктеп билікте бөлектенді.

Дін заң, ділсіз білім халыққа керек пе еді?

Құдайым мұны жазасыз қойсын ба енді?

Қаһарын көктен төгіп лағынет деп,

Жіберіп түрлі ауру, қайғы қасірет кеп.

Қызы арсыз, қатыны ұятсыз, тойған елді,

Жазасы үкімделіп, Құранның қиямет деп,

Оқылды кітаптары пенденің ақирет боп.

Қайтпасаңдар ескі ғұрпың құдайшылдық,

Құлаттып  аспан, көктен ұшақтарын,

Және түсіріп өліммен, жол апаттарын.

Көрсетті, қияметін ояздарға бақи етпек,

Белгісі түсекен екен елге жаратқаның .

Үкімін де, топан судың басып өтпек,

Сілкінтіп қалаларын, өртеді алаптарын.

Тоқтамай жылдар бойы болған қырғын,

Халықты да қиналтып, толғантыпты.

Бұл қандай, бізге Құдайдың назасы деп?

Ел едік өркендеген, тарихын тасқа жазып,

Қалайша  бұл сынақтың сырын таппай,

Кетпекпін, ел тағдырын жаспен жазып?

Осылай кемел патшасы да толғаныпты.

Шешімін біліммен біліп, таппақ болып,

Қартайды деп, дін басын қолға алыпты.

Кеңес ашып, босатып орнын жастарына.

Жаңадан дін басшылығын сайлатыпты,

Япырымай мұндай ақыл кім ойлаған?

Ілімсіз білім сынақтарға тоқтам болған.

Масһабты жол атап, ақылға қақпан салған.

Дінде бар ма бұндай ілім ермек болған?

Жаттанды білім, іліммен соғыс ашып,

Раббысының жолын көріп, жоба алмай,

Заң ойлап Құдай ырқын жеңбек болған?

Қысқарта артын және баяндайын,

Құдаймен қарсы елдің соғыс жайын.

Халқында құтқармақ боп тартқан жапа,

Заң шығарып, ат алмақ  әділ патша,

Шығарған үкім, жарлық  болды қата.

Табылмай  қайға-қасірет бір себебі,

Күн санап артып саны жетім жесір,

Індет боп, талай жанға тиген кесір.

Жазылғанмен түрі заң  толып қалта,

Орындалмай амалдары,  болған қапа.

Азып халқы, басшыларда көрді жапа.

Жаратқан да ескертусіз бермес үкім

Шешімін бұл құпияның тапқан бекем,

Мөр ашып жүректердің, шәкірт ерткен

Ол елде бір жас жігіт болған екен.

Халықты зияраттатып, тонады деп,

Жақсылар жиналып, кеңес құрып,

Айда деп итжекенге қылған үкім.

Қудалаумен мемлекеттің ояз бегі,

Қайғы жеп ажал оғын құшқан екен.

Артынан оның ерген шәкірттердің,

Кітабы, көрінген мөр хикметтердің,

Сақталып қолдарында қалған екен.

Жол тапай мұндай қыстау қияметтен,

Еске алып ескі дінін, ғұрып,салтын,

Көрсетші деп аруағына ақиреттен.

Патшаның  Құдай тілегін қабыл еткен.

Жарық болып, жүрекке иман еніп,

Көрсетіпті хикметіммен аян беріп.

Аруақтың естіп, көріп хақиқатын,

Кітабын сол жігітің алған екен.

Құдайым жанға берсе иман салып,

Кәпір ғана амал қылмас, тоқтап  қалыс!

Оянып патша ұйқысынан, қалам алып,

Жарлығын мынандай деп жазған екен;

Депті сөзім, халқыма да болсын жарлық,

Ғасырлар қан мен термен қорғап өткен,

Аманаты бабалар, әдет-ғұрып Құдай ісі,

Шежіреміз, дініміз  тасқада жазып кеткен.

Ұмытпай ата дәстүр, салты қолға алайық!

Ақымақтық болған екен, салық салып,

Қудалап ата дәстүр беріп жарлық.

Құдайға жалбарынып жар салайық,

Себепсіз Құдай өзін жаратпапты,

Табынып,  аруағын ата-ана еске алайық.

Шалынсын, барлық жерде құрбандықтар,

Садақамен арам дүниемізден тазарайық.

Осылай Алла жолында соғыс ашып,

Күнәні қанмен жуып, рухани жаңарайық.

Ашылып ордасы аруақтың  әрбір үйде,

Қамшымен тазартпасақ болмас мүлде.

Оқылсын еш шектеусіз құран хатым,

Зияратап жас та кәрі әулиелер алсын атын.

Ясауи баба жолын әлемге үлгі танытайық,

Қазақ боп,  Құдайымызға жалбарынайық!

Халықтың берген, жиған садақасын,

Кімге берсе халықтың еркі емес пе?

Қызғанып қызыл итке жем болғанша,

Заң шығарып қудалауды доғарайық!

Қудалап, ақсақалын, дәстүр салтын

Кітап жазған ғалымдарды жазалайық!

Жастарға ақылы толмай дінді білген,

Жарлықты және жазды шегін білген.

Сайла деп  үлкендерден көпті көрген,

Ауыстырып имандарды елге күлген.

Құдайдан сұрай білген, кітап көрген

Дін басына абыздығы болсын лайық!

Ұран сап,  тізгінді де қолға алайық!

Жастарға мүшелге толып, еңбек қатпай,

Ана тілден басқасын үйретуді доғарайық!

Ғалымдар  Құдай өзінен сұрап білмей,

Таңбаны  өзгерткеніміз, болмас лайық!

Арсыздық, жалаңаштық,  жындылықты,

Заңменен тиым салып жазалайық!

Салтымыз шариғатпен, ата заң да,

Дәстүрмен, жеті жарғы болсын лайық!

Атанып әділ патша,  көп толғаныпты,

Құранды қазақша тоқысын деп ел билігі,

Мемлекет дінмен бір деп, қолға алыпты.

Жазылған ата заңды қайта қарап,

Жер ана меншігі деп ел жұртымының,

Осылай  жарлықтарын көп жазыпты.

Орындатып ояздарға  көп  жарлықты,

Ат қалып, артында кемеңгер әділ патша

Құдайда қайтып алып, үкім лағнетін,

Қайтадан тыныштық заман болған екен.

Аруақпен  жалғап өткен ақиретін,

Тұранның ортасында қылған мекен.

Ол елде қой үстінде бозторғайлар

Ән салып жұмыртқалап жатқан екен.

Осылай бабалардың дәстүрі ізіменен,

Болашаққа  қарай сапар шегуменен,

Насихат тарих өткен баяндадым.

Астарлап Абай-Шәкәрім сөзіменен,

Жалған емес, естіген көзім көрген.

Үлгісі тарих шежіре болсын дедім,

Жетесіне жетпей жатқан ел биліктің,

Санасына сөзі Құдай қонсын дедім!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *