Дүниені дүптеушілер

Бөлім: Без рубрики 44

Дүние қоңыз пенделер,

Нәпсінің құлы әлсіздер.

Дамылсыз еңбек еткенмен,

Жаны өлі, рұқы күшсіздер.

Сарп қып өмірін дүниеге,

Қамалар өзі түнекке.

Адалдықпен болып қас,

Қарсылық өсіп жүректе.

«Менімен» оның ісі жоқ,

Ар-ұят десе мысы жоқ.

Обал, сауап ойлауға,

Ақылда ерік күші жоқ.

Тоқмейілсіген іші боқ,

Қазынасына жиған көңіл тоқ.

Сенделіп көппен адасып,

Ынсап пен ары ойда жоқ.

Мансап пен дәулет ойында,

Қуанышы сыймас қойнына.

Тік жүріп тегін пайда алса,

Қанағатты алмас тойымға.

Дүниемен ғана дүптеуші,

Арқалап білімді жүргені.

Жер үстінде тәңірсіп,

Ел түземек өнер білгені.

Қазына алмас мирастан,

Ажырап аян тағдырдан.

Аруағы тұрар шырылдап,

Дәметіп дұға құраннан.

Ас төк шашып ас берген,

Байлар көп ісін жөн көрген.

Тазармай дүние арамнан,

Тағдырдан жібі үзілген.

Түзетпей өз қауымын,

Ақтаумен жібін тағдырдың.

Түземес оны Құдай да,

Шашқанмен бар байлығын.

Бос қайтар толмас дорбасы,

Аруақтың болмай ризасы.

Жүктерін ақтап алмасаң,

Жеті ата тектен жалғасты.

Мастанған пенде біле ме,

Қияметтің күні келгенде.

Жауабын берер күйі бар,

Не пайда бірақ сол кезде?

Байлығың баба мирасың,

Аманатын жүктеп алғансың.

Бірің кедей, бірің бай,

Себеп қылып туыс жалғансын.

Бай жомарт, кедей мәрт болса,

Ар, ұждан ынсап нық тұрса.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл,

Аяқ пен қол күші қосылса.

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *