Дәстүрмен сезбестің күйі (149)

Бөлім: Зікір өлеңдер 93

Келеке етіп дәстүрді,

Билеушілер құтырды.

Озамыз, деп заманнан,

Салтымен батыс қитұрқы.

Жаңартамыз, деп сананы,

Үш тіл білгізіп баланы.

Танымай жатып өздері

Шәкәрім мен Абайды.

Әлемнен жинап салттарды,

Дәстүріне елдің қоспағы.

Рухани елді жаңғырпақ,

Жетесізден осылай шатады.

Тілші менен діншінің,

Ой жорытқан білімнің

Тілінен бәле шығады,

Дәмі басқа сөзінің.

Сыңар жаққа  дамыл жоқ,

Мақтанған сөзбен арты бос.

Сөздеріне салсаң құлақты,

Қарсылықпен шерік қос.

Жүрегінде халықтың,

Өшіруге отын жарықтың.

Ұғымын сөздің өзгертіп,

Қазығына байлап нарықтың.

Ақылға қақпан құрады,

Ар-ұяттың болмай сұрауы.

Ажыратып ата тегінен,

Байлығынан жаулық ананы.

Ақталмай сүті ананың,

Нәсіліне жалғап қараның.

Құдайсыз қурай сындырып,

Өлтіріп дәнін сананың.

Жоңғарлыққа билер басады,

Теріс ой, заңмен жобасы.

Сезбестің сегіз күйіне,

Құйқылжытып тартады.

Келтірдік, деп иманды,

Біліммен сенім жиғанды.

Аздырып ділмен, жаныңды.

Тура, деп тобын масһабты.

Халық қайдан оңады,

Меңгермей жете, сананы.

Екі күн жарық еліңнен,

Дәстүрің болмай ұрланды!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *