Мұрат пен ниет(148)

Бөлім: Зікір өлеңдер 2

Асыл болса мұратың,

Жарыққа шығар ұжданың.

Ақтылықта болса ниетің,

Құсыңа қанат ұшатын.

Асылы құс боп кеңістің,

Бақшасы ақыл жемістің.

Бірлігі бір қуаттың,

Жеті әлем бой өрісің.

Ақыл мен ойды қосатын,

Жеті күн жарық шырағың.

Ділден бақша бәйшешек,

Бақ құсы ұждан қонатын.

Ұжданға қанат жалғатып,

Жанымен жібін жалғатып.

Жүректің көзі ашылар,

Мұратың сордан тазарып.

Теңеп өтсе бір шақта,

Көктен өтіп самғаса

Қайғы менен уытты,

Жеңіп өтіп қол созса.

Қолыңнан құсың жеткені,

Дегенің арман көктегі.

Көңіліңе байланар,

Биіктің мақсат межесі.

Саусақтан жан өседі,

Өнермен қимыл керегі.

Біліммен күш қосылса,

Алты жаннан ұждан өнеді.

Қақтырып қанат ұжданың,

Болашақтың сырын арманның

Мен мұндалап сыр шертер,

Ертіп келген иманың.

Деректі қазына түбінен,

Шығарған Алла көгінен.

Ішіңде тұрған түнекке,

Сәулесі түсер өзінен.

Қараңғы түнек қапастан,

Азат болып жан шыққан

Алты жанның бақшасы,

Ақылға қуат сана ашқан.

Сыбдырын бес қуаттың,

Алтыншы Алла тұрағың

Мұратың ақыл алтыда,

Бабадан жалғар мирастың!

Қадырі бастың болмаған,

Тазартып масіх алмаған.

Ниетімен мұраттан,

Қожалық жанға қонбаған.

(Қыркүйек 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.