Жер ана даналықтан жаратқанды,
Даналықта баста парасат қуат барды.
Парасатты жер анадан бөліп алып,
Күн мен жұлдыз болып біз аталды.
Топырақтан атаң Адам жаралғанды,
Хау анамыз қабырғамен ақыл алды.
Жер серігі ай нұры даналықтан,
Күнің әке парасатпен жалғанады.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Рұқтан нұр шырақ деген бұл қуатты.
Мұхаммед-сүйіспеншілік болған аты,
Адам болып жаралды тектік заты.
Яссы деп аталады діннің басы,
Қажыр, қайрат, жігерлік күш қуатты.
Мұхаммед –сүйіспеншілік дін ортасы,
Інжіл деп аталар қайырым мен ақиқаты.
Даналыққа жұп қылған парасатты,
Тамыры жерден алған сөз ағашы.
Көркем сөзден көкке өрлеген күміс саты,
Парасатпен жемісі бар жаннат бағы.
Даналықтан тегің бар ана қаны,
Парасаттан сый болар күш қуаты.
Оң қолыңда даналық ғұмыр болса,
Сол қолыңмен парасаттан бақ пен тағы.
Даналық денсаулығың қорған болар,
Даналықты сүйгенді Құдай қорғар.
Дүниедегі жинаған мал қазынаңмен,
Жомарттықпен парасатты қолға алар.
Құдайым аруағыңмен қолда деген,
Сыйынып ата-бабаң жауға кірген.
Парасат пен даналық қонған кезде,
Қазақ ұлты әлемде үстем болған екен.
Даналық басқа киген тәжің болар,
Нәзік жандар ақ жаулықпен оны қорғар.
Парасат рұқтан кітап, иман берік,
Жан дүниеге жарық әрі қуат қосар.
Даналыққа парасат жол көрсетер,
Сөз өнері, астарлы сөз ойын білер.
Білімдіні адастырмай жолға салып,
Парасаттан нұр кәусардың суын ішер.
(ақпан 2014 жыл)
*** ***