Көңіл мен талап бір жүрсе  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 52

Сап, сап көңілім жоқты іздеме,

Жалғанның қызығына көзді сүзбе.

Талаптың тұлпарына мініп көзде.

Көңілім  арман жүйрік сенен озар,

Арманды тапсаң көңіл бағың болар.

Жалғануға Алла жібіне тек түзеуге,

Өрге сап, төске шаппай жеткізе ме?

Арманның ақ жолында арымай шап,

Тапқаның бұл жалғанда бәрі де жат,

Қолды байлап, аяқты тұсап қойған,

Аулақ жүр дін масһабтан дәстүрге қас.

Парасатсыз білімдіде ақыл тұрмас,

Шешен тілмен шариғаты жол дегенмен,

Дәстүріне ата-бабаң жақын болмас.

Тән қартайғанмен қартаймас құрбы көңіл,

Құрбы болып жанға құпия жинаған сыр,

Өкінішсіз шат дәурен сүрем десең,

Мәңгілік иман жолдас досыңды біл.

Болжайсың көңіл шіркін қайдағыны-ай,

Болмайды армандарың ойдағыдай.

Парасатты таза ойдан қуат алмай,

Жаннаттың кіре алмасың бақшасына-ай.

(Ақпан 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *