Дәстүрдің болар жауабы  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 77

Дәстүрдің түсіп шапаны,

Жалаңаш қалып бастары.

Салтымен шеттің қосылған,

Болып тұр дінші мазағы.

Дәстүр деп бәрін атады,

Ойын-сауық жасауды.

Дәстүрілі жиын, заңым деп,

Биліктің сөзі шатағы.

Дәстүрің жолың атауы,

Нұр отан, жолмен тарауы.

Ұлт жобасы деген бар,

Дәстүрдің бұл да мазағы.

Дәстүрлі діннің масһабы,

Қазақтың болды атасы.

Алаштан да үлкен боп,

Имам Ағзам енді бабасы.

Дін ісін кім басқарды,

Дәстүрдің деген тармағы.

Жаулықсыз қатын ақылшы,

Құдайым түбі атады.

Дәстүрмен ғылым бастауы,

Үш тілмен дәстүр алмағы.

Абайын оқып түсінбей,

Биліктің көп наданы.

Дәстүрі қазақ арманы,

Арсыздықтың болған матауы

Ел басың жүр нандырып,

Бүгіндей деп қазақ болмады.

Сөзінің жоқ қаймағы,

Сылдыр су болып барады.

Лағнеттеп құдай жатса да,

Астаны басып топаны.

Егінмен белгі салғаны,

Дәстүрсіз елге сынағы.

Көңілі соқыр билердің,

Жүрегі тас қой болмағы.

Құдайдың болар жауабы,

Ауызға түсер қақпағы.

Алты ауыз жаның өне алмай,

Өмірдің болар тозағы.

(Тамыз айы. 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *