Дертті көңіл (245)

Бөлім: Зікір өлеңдер 104

Жайма шуақ сәттерді елемеген,

Жамандықты көңілге ала берген.

Дерт меңдесе көңілді ала бөтен,

Бұл бір себеп пенденің көлеңкеден.

Ойлауға мұрша бермей көп сенделген,

Баршылық, молшылықты еселесем

Дүниенің қызығына байланып ап,

Жындылық сөзі әрі нәпсіменен.

Өзінде жоқ нәрсені іштей тілеп,

Тер төгіп, ет ауыртып қылмас еңбек.

Қолында барына шүкір демей,

Қанағатпен көңілге тоқтам бермес.

Дерттеніп көңіл артқа кеткен майға,

Қайқы құйрық семірген хайуандарша.

Жындылықпен сөз айтып білгіш өңкей,

Ғылымсыз жан, иманнан болмас пайда?

Дертті көңілден жынды сөз шығады,

Ойы арттан нәпсімен байланбағы.

Дүниенің қайғысы бойын улап,

Тілемсектік, мақтан, мадақ арттырмағы.

Кеудесіне билердің жара шыққан,

Әділетсіздік, қулық сұмдық әдетке алған.

Шипасын көрсеткен Құдай ісін,

Заңменен қудалатып әділет басқан.

Ар сауытын арамға былғап болған,

Ұят, ұждан керексіз артқа атқан.

Білімді ақыл қылып көңіл дерті,

Ойын-сауық, жеңіл тұрмыс мастандырған.

Ар сатылды көңілді беріп жатқа,

Отыз елдей болмақ жазып жоба.

Жан сатуға таңбасын латын алып,

Үш тілмен ғылымды болмақ таңда.

Алланың жібі тарих болып заман,

Жамандықтың ішінде жақсы тұрған.

Кекшіл көңіл ібілістің жамағаты,

Атыңды қазақшала деп елді аздырған.

Жеті атамен жалғанбай күш қуаты,

Еркектерден жоғалып денсаулығы.

Жер анадан қуатына жалғана алмай,

Жеті түрлі өрісі мен қан тегі азды.

Жатырын жамандықтан қорғай алмай,

Табанмен жер жаннатына жалғана алмай.

Тобық, аяқ, білек, бел сүйегі таза болып

Денсаулық жоқ әйелдерде мойынсұнбай.

Денсаулықсыз жындылар сөз түсінбес,

Ақ жаулық байлығынан қуат келмес.

Иманды келтірдім дейді жынды,

Көңіл дертті, жетесіз діл меңгермес.

Мұнан қазақ қалайша ел боламыз,

Ар, ұят, ұждан, ділсіз ұлт құрамыз?

Мәңгілікке тозаққа отын жинап,

Үш байлығын қазақтың жоғалтқанбыз.

Байлықпен өлшенбейтін нәрсе барын,

Түсініп көңілді боққа жұмсамайтын.

Болмашының соңынан қуа бермей,

Тоқтар кім бар, ақылмен бағалайтын?

Ақыл жарық, киімін, зейнеті кебенегін,

Ата жолы дәстүріңмен меңгеретін.

Аманатын, мирасын ата-баба тастап қойып,

Көтсіздік-көңіл дерті теріс ойға семіретін.

Құдайсыз қурайды да сындырмайтын,

Қазақтың нанымы еді пайымдайтын.

Дерттенген көптің көңілін тазартуға,

Құдайдың қияметі бар жазалайтын.

(Ақпан 2019 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *