Мойын (244)

Бөлім: Зікір өлеңдер 63

Мойында тұрған бар қуат,

Таралар бой, тамырды қуалап.

Жұмақтық кетсе мойыннан,

Қаралық алар тез орап.

Иілгіштік кетер тамырдан,

Ойды ұрлар шайтан қаныңнан.

Кекжиіп басың қалады,

Ажырап ақыл ойынан.

Мойынға сұқтар қадалар,

Тамырды баурап қан азар.

У болып еніп жүрекке,

Қатайтып ділді сорлатар.

Жүректен тарап улары,

Тәніңді жаулап алмағы.

Ақылға қазық байлатып,

Таза ақыл бастан азбағы.

Теріс ой сасық баураған,

Қу бастық әдет сана азған.

Сана түгіл жете жоқ,

Ұрғашы тамыр азғаннан.

Тегіңнің сыры тамырда,

Ағашың тегің рұқыңа.

Құрт түсіп тек діңіне,

Жапырағы иман солуда.

Әйелдің жаны мойында,

Түсірсе сызат тамырға.

Сүйекке таңба түседі,

Әлсіреп тегі қанында.

Тәуелді сүйек мойынға,

Білек пен шынтақ қары да.

Таттанып кеуде сүйегі,

Жеті безі төстен солуда.

Жанына қорған болар ма?

Қол білек, ашық мойында?

Кешкілік сұқтар енеді,

Батырып жанды былыққа.

Меңгермей әурет киімді,

Түзетпей сыртқы мініңді.

Ниетім, ішім таза деп,

Шайтансың ақтар өзіңді.

Ұсынған деген мойынды,

Алланың бар үкімі.

Бой жетті деген қазақта,

Өсіріп жан, мойын бекуді.

Тақуалығы әйел мойыннан,

Таза етек, жеңі молынан.

Аққу деп атап қасиетті,

Астарлы ұғым қойылған.

Ер мойынында қарадан,

Жылан боп бүгін оралған.

Арсыз қатын отыны,

Лақаптай қолды аздырған.

Қан суың мұнан сұйылған,

Тұзың сор жүгің қауымнан.

Тексіздік сеуіп қауымға,

Нәсілің ұлттық жойылған.

(Ақпан 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *