«Девальвация» -құнсыздық

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 125

Адамзат бәрінен артық жаратылған,

Ақылмен ойлап сөзді түсіне алған.

Ішіп, жем, сауық құрған ойсыз пенде,

Айырмасы бар ма ақылды хайуанннан?

Адамда бар үш құндылық оймен баққан,

Мал-ақша, астан қуат дүниеңмен байланған.

Ақыл-ой, білім, ғылым, денсаулығың

Құны жоқ қасиеттер білген болсаң.

Ар, ұят, ынсап, сабыр адал еңбек қылсаң,

Құлшылығың адамдық парыздарды ұмытпасаң.

Білімділер түрлі  мәшинелер ойлап тауып,

Дамыған, өркениетті ел аталаған.

Тұрмыс жеңіл, ойын-сауық жанды бағу,

Салтқа айналды қол еңбексіз табыс табу.

Ақыл-ойды жетілдіріп рухына жалғанбай,

Үш құндылық жоғалды қасиетке айналмай.

Ар, ұят, сабырмен адамдықтың құны кетіп,

Адамзат ұмытты құдайында есі кетіп.

Тажалдық біліп шығып иманды ұрлап алып,

Ақша байлықпен өмір бүгінмен құнды дедік.

Жер ана асырған жер әлемде адамзатты,

Дүниелік жерден шығып қайта оралмақшы.

Несібесін  көктен түсіріп жерден өндіретін,

Құдайды ұмытып билікке ел жала жапты.

Құдайдың лағнеті бұған жауап келген еді,

Жүктелген жынмен елдерді кім білгенді.

Араптың көктемі де атау берген,

Бұл бір құдайдан әлемге берген белгі еді.

Қиямет мезгілі сынағы түсті азап болып,

Азайған көктен несібе тоқтам болып.

Жерден қуат өнімі азайған соң,

Құнсыздану мұнайдан басталып келді дедік.

Қазақ елі Нұрсұлтандай басшы дана болған,

Жағдайын әлемнің алды-ала болжай алған.

Ханда болмақ қырық кісінің ақылы деп,

Айламен  қалталыларды қапы қалдырған.

Қазақта көп білімді қауым ой болжаған,

Дүние байлық басты құндылыққа бағаланған.

Бұқара халықты ой жорып ессіз надан,

Болжампаздар ел билікке айдап салған.

Құдайдың  берген белгісін аңғармай ма?

Украйна, арап елі елдері не болды қарамай ма?

Үш рет халық өзі зорлықпен тартып алған,

Қырғыз елі неге отыр шексіз байымай ма?

Халық қандай болса сондай ел билікте,

Қанағатыз болса ел, ұқсайды билігіңде.

Аралап талай жерді менде көп байқағаным,

Жұмыссыз дегендердің көрдім тірлігінде.

Үкімет жұмыс бермейді кедей деген,

Ішкен жеген тамағын, дүние мүлкін көрсең.

Баласының қолына қымбат тетік берген,

Той жасаған кедейдің даңғой ісін білсең.

Қазақ елі тойшыл, ысырапшыл болып алған,

Көлік, киім, жиһаз алу, үй салу болған мақтан.

Садақамен құрбандыққа ақша қимай,

Өлілерін риза қылмай талайларды ант ұрған.

Оқыдым  білгіш болжамапаз жазғандарын,

Өлшеумен дүние байлық бұл істі жорығанын.

Ел билік мықты болса құдайды керек қылмай,

Ой жорып білмейді тажалға айналғанын.

Құдай ісін көрсетпесе аянға кітап ашып,

Ой жорыған жалғандық өзі болар пасық.

Өз тағдырын көлеңке айнасын көре алмай,

Заманды, болашақты көре ме тұрған қашық.

Ібіліс қой бұлар елді қорқытып дүрліктірген,

Шайтанның жамағаты қоштаған  ізіне ерген.

Бар есік жазалайтын пендесіне ашық деген,

Құдайдың сынағын оларға білдірт деген.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *