Иманның айнасы-«девальвация»

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 51

Кереметін құдайдың қарасаңшы,

Девальвация сынағын кімге салды.

Көппен бірге көрген ұлы той деп,

Тойы барлар осылай сөз айтады.

Көп қазақ малы мен шаруа баққан,

Қуанады өніміне құны артқан.

Кейбіреулер саудамен жанын баққан,

Уайыммен қанындағы арамды жаққан.

Қанағатшыл, шүкір көп қазақтар,

Сенімін ел билікке толық артқан.

Имансыздар көшеге шығып кетті,

Құдайдың бұл бір сыны түсіп жатқан.

Өлдік, қырылдық деп ойбайлаған,

Ібіліске ұқсамай ма даурықтырған.

Құдай салып аузына тағдырларын,

Хикметі өздеріне болжаттырған.

Біледі олар осылай жоғаларын,

Дүние мен ақшаға да шоқынғанын.

«Ел басшыны қарғама қарғаласың»,

Аманатын бабасының атағанын.

Жақсы сөз жарым ырыс деген бабаң,

Жоқ деп айтпа жоғалады деген анаң.

Адамнан сұрағаның екі көзі шығар,

Рас екен кейбіреулер жүр жынданған.

Құдайдан сұрағаның екі бүрі шығар,

Қанағат қылғанның қарны да тоқ болар.

Бір қазаққа пайда болса иманды адам,

Жамандыққа да өлмей тұрып шүкір қылар.

Еске сақтап, тіркеп қой даурыққанды,

Өз етін өзі жеген болмақшы хайуандайды.

Тозаққа өз қауымын бастап жүрген,

Көп ұзамай құдай да оларды азаптайды.

Қараңдаршы бүгін кімде иман барын,

Кім шайтан, кімдер екен тажалдарың.

Девальвация адамдық құндылықтың,

Сынағы екен түсірген жаратқанның!

(ақпан 2014 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *