Дін ғалымдары дін туралы сөз қозғағанда діл ұғымын жиі пайдаланып бірақ оның қандай шамамен өлшенетінін өздері де білмейді. Сондықтан діл ұғымын халық намаз оқу, сәжде жасау деп түсіну қалыптасып үлгірді. Дін негізінен еркектерден ғана елшілер тағайындалып үкімдерін қорғап сақтауды бұйырылған болса, әйелдерге түсірілген міндеттеген парыздар мен үкімдер және соған байланысты әр халықтың ішкі әдет-ғұрыптары болып қалыптасқан дүние тіршілігінен байланысты ұстанымдар діл болып есептеледі.
Енді діннің өлшемі — білімі де, ал ділді қалай өлшейміз? Энштейн ғұлама студент кезінде оқытушы профессорға сұрақ қойып; «Профессор осы суық дегеніміз бар нәрсе ме?» деп сұрайды. Профессор болса «Бұл не қылған сұрақ? Әрине бар. Сен өмірі тоңып көрмеген адамсың ба?» деп отырғандарды ду күлдіреді. Энштейн: «Негізі сэр, суық дегеніміз жоқ нәрсе. Физика заңдылығына сүйенсек, біздің суық дегеніміз жылудың жоқтығын білдіреді.» Сөзін әрі қарай сабақтаған ол: «Профессор қараңғылық бар нәрсе ме?» деп сұрайды Профессор: «Әрине бар» деп жауап береді. «Сіздікі дұрыс емес» дейді тағы да. «Қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы. Біз қараңғылықты емес, жарықты зерттейміз. Ньютонның призмасын пайдалану арқылы ақ жарықты әртүрлі түске бөліп, әрбір түстің толқынының ұзындығын анықтаймыз. Ал қараңғылықты сіз өлшей алмайсыз. Сіз кез келген кеңістіктің қаншалықты қараңғы екенін қалай білесіз? Солай емес пе? Қараңғылық деген түсінікті адам жарықтың жоқтығын білдіру үшін қолданады.» Тағы да жас студент: «Сэр, зұлымдық бар ма?» Профессор: «Бағана айттым ғой. Біз оны күнде көреміз. Адамдардың қатігездігі, қылмыстың көптігі мен әлемдегі зорлық-зомбылықтың барлығы осы зұлымдықтың көрінісі болып табылады» дейді. Ал Энштейн болса: «Сэр, зұлымдық жоқ. Зұлымдық дегеніміз Құдайсыздықтан туатын құбылыс. Ол да қараңғылықтан туатын құбылыс. Ол да қараңғылық пен суық сияқты Құдайдың жоқтығын көрсету үшін адамдардың ойлап тапқан сөзі» деп жауап қайтарады.
Енді біздердің ақылымызға сай өлшем бойынша жаратылыс негізінен сөзден басталса, онда баста дін болған жоқ. Сол сияқты Адам атамызды да топырақтан бастап жаратса, баста Адам ұғымы да болған жоқ. Олай болса Адам атамызды жоқтан бар қылғаннан кейін біз адамдық шаманы немен өлшейміз? Ал Адам атамыз бар болғаннан кейін одан Хау анамызды жаратты. Олай болса Хау анамыз баста бар болатын да ол адамның бір мүшесі, яғни адамдық қасиеті еді. Енді дінді пайдалану арқылы оның нәтижесі діл пайда болды. Демек адам баласының ақылына сай бармен ғана салыстырып жоқтың немесе шексіздіктен алған үлесімізді өлшейміз. Онда дін еркектердің дін ұстанымы намаз оқуы, құлшылық амалдары арқылы өлшеніп нәтижеленбейді. Әйелдердің парасатымен, тазалығымен ар-ұятымен яғни бармен өлшенеді. Сол сияқты мемлекетіміздің діні, мәдениеті де шаруашылығының дамуымен немесе ел басшыларының айтатын «светский» (жарық) зұлымдықсыз елміз немесе «зайырлы» (қасиетті) мемлекетпіз дегендері серік қосу болып табылады, яғни Құдайсыздықты жасыру үшін ойдан шығарылған ұғым. Құранның негізгі ұғымдарын, философиялық үгіті мен сөз насихатын бұрмалаушыларды пайғамбарымыз: «…Сендерден ең сүймегендерім, қиямет күнінде мәжілісімнен аулақта болғандарың (сөзді, құранды, хадисті меңгермегендер). Тәкаппарлық, менменсіген түрде ауыздарымен бұрмалап, мақтан үшін сөздерді бөлген бөспе, қырт адамдар. Сахабалар: «Бұлар кімдер?»-деп сұрағанда пайғамбар: «Өзін-өзі көтерген өр көкірек адамдар» деген екен.» (Тирмизиден 20-өсиет).
Мемлекетіміздің дінді меңгерген рухани жетілгендігі бүкіл халықтың намаз оқып күні-түні мешіттен шықпауынан емес, керісінше діннің жемісі-ділімізбен яғни әйелзатының ар-ұяттылығымен, денсаулығымен, өмірге әкелетін ұрпақтардың жағдайымен ғана анықталады. Діннің нәтижесі – ділі, ұжмақ-бәйшешек бақшасы деп суреттеген Шәкәрім атамыз. Тұрған жеріңнің, өмір сүрген ортаңды қалай ұжмаққа айналдыруыңа байланысты. Ұжмақтың үш бақшасы бар. Үш иман гүлі оны Абай атамыз там-сарай арқылы қайырымдылықпен, Алла жолында соғыс арқылы алатынын «Мақсұт» атты мысалмен астарлап көрсеткен де аталарымыз: «Бірінші байлық — ден саулық (ақылдың жетістігі), екінші байлық — ақ жаулық (әйел затының тазалығы, періштелігі), үшінші байлық-он саулық (өнер, білім, ғылым)» деп ескеркен. Осы байлықтың бәрі әйел қанымен тазарып, өсіп өркендейді. Әйелзаты-ел үні, әйел-жер үні. Сондықтан аталарымыз: «Жаннат әйелдің табанының астында». «Бақ қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деп астарлап ескерткен. Пайғамбарымыз да біздің діншілердің пікірлерін теріске шығарған; «Үмметімнің машайықтары жаннатқа намаздың, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхеметі, нәпсінің жомарттығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді». (ибн Хасаннан 10-өсиет) деген өсиет қалдырыпты.
Енді еркекке берілетін Алланың мәрхаметі жақсы ар-ұятты жар, нәпсінің жомарттығы да ана қанының тазалығына тәуелді, ал жүрек дұрыс болу тағы әйел затының діліне тәуелді. Пайғамбарымыздан: «Иман жетпіс бұтақ немесе алпыс бұтақ және ұят иманнан бір бұтақ». (4-өсиет Әбубәкір сахабадан) Иманның екі дәрежесі болып, 70 санымен иманның ғалым-сопылық белестерін белгілесе, ал 60 санды бөлігін құранда Ыбырайым жолы деп 60-сүремен толық иманның негізгі шарттарын көрсеткен. Аятта: «Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға, балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде, олардың серттерін қабыл ал. Олар үшін Алладан жарылқау тіле. Өйткені Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (60-12)
Алдыңғы басылымда Шәкәрім атамыздың екі мысалмен «Бәйшешек бақшасының» сипаттарынан дәлел келтіргенбіз, бірі жүректің тазалығын қалыптастыратын таза ой, ақыл салт-дәстүрімізге ғылым, білімді жетілдіруге, дінімізге, әділетті ата заңдарымызды қалыптастыруға байланысты болса, екіншісі Алла жолында мал жұмсап нәпсінің сараңдығынан құтылу болып, оны «Атымтай жомарт» деп атаған. Ал үшінші бақша жүректің тазалығын «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп ескерткен екен аталарымыз. Жүрек тазалығының бір көрсеткішін жоғарыдағы пайғамбарымызға ескерткен әйелдердің сертіне қол-аяқтарының арасынан жала жаппауға тікелей байланысты. Құранда жүректің тазалығы 75-ші сүремен 40-аятпен яғни жаратылыс себептеріне байланысты 40 әулиемен және жеті қазынамен байланысты түсіндіреді. Ал 47 саны нәпсімен тікелей байланысты болып құда түсіп «47 қалың мал» төлеу салт-дәстүріміз осы жан сырынан хабар береді. Сондықтан Абай атамыз; «…Адам нәпсі, өзімшіл мінезімен Бос сөзбен қастаспай, түзу келмес. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ (міндет, борыш) біл. Ойлан дағы, үшеуін тартып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл…» Бұл үш сүюді Шәкәрім атамыз былай тарқатыпты; 1-ші; Атымтайдай жомарт болу. 2-ші; «Бет сұлулығы-тән сыйы болса, дауыс пен сөз сұлулығы-жан сыйы ғой, әрине, тән сыйынан жан сыйы артық екеніне дау жоқ, бірақ бет сұлулығын әркім-ақ таниды. Сөз бен ән сұлулығын танушы аз» деп ән сұлулығына қарға мен бұлбұлды мысалға келтірген. Және сөз сұлулығына; «Жаңбырмен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген мақалды түсіндіріп; …Зұлымдыққа түсіп, елді қанап, енді қауымның қарғысына ұшыраған әкімнің тау аралап әулиені іздеп барып әулиеден; «А Құдай! Мына зұлымдыққа түскен пендеңнің жанын ал!» — деп бата беріпті. Сонда ол: «Мұның қалай!»-деп ашуланса, әулие айтыпты; «Шырағым бұл екі жаққа бірдей пайдалы бата. Сен өлсең, зұлымдық қылудан тиыласың. Ел сенің зұлымдығыңнан құтылады. Алғашқы туыс-бір туыс, әдет-екінші туыс. Алғашқы туысыңнан түзелуге болады. Әдетті тастап түзелу-сендей жуанның қолынан келуі қиын іс… тамам адам баласы бір бауыр, бір дене сияқты, әр адам сол дененің бір мүшесі, бір мүше аурулы, зиянды болса, тамам денені тынышсыздандырады. Мен аурулы мүше екенмін де бұл адамдардың арасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой»,-деп ойлаған адам ғана бұрынғы мінезін тастап сауығуы мүмкін. Шырағым! Мен керемет әулие емеспін. Әулиелік деген түзу жолмен жүріп, түзу ақыл айту болады. Менің саған берген батам осы әңгімем, бұны қабыл алсаң сен де түзелесің»-деген екен әулие қария. «…Насихатты тыңдаған адамның құлағында қырағы көзі болса, жүрегінде әділ тезі болса, сәті келген дәрідей ем болып, жаман мінезді жазады. Егер ондай болмай, құр ғана қуыс құлақпен тыңдаса құмға сіңген сумен бір есеп болып, жалғыз тал жасыл шөп шықпайды.» Ал 3-ші иманның асылын; Ләйлі-Мәжнүн әңгімесімен мысал келтіріп; «..Әр ақылды адам әлемнің қиын сырын түгел аша алмайды. Ләйліге асық болған көз де, жүрек те сіздікі емес. Ләйлінің анық нұрын көрем десеңіз, менің көзіммен қарап, менің жүрегіммен ойлаңыз, Жүсіптің сұлулығына таң қалып, кеспе орнына қолын тураған әйелдерге ұқсар едіңіздер де, менің Ләйліге махаббатымның қандай дәрежеде екенін білер едіңіз. Дертті көңілде не бар екенін сау көңіл білмейді. Менің жарама себілген ащы тұзды сіз сау қолыңызға сепкенімен ашыта ала ма? Жүрегіңізде асықтық қанжарымен жарала да, асықтықтың улы тұзын жүрегіңізге сеуіп караңыз. Өмірінде ара шақпаған кісіге мына араның шаққаны ащы болады деп араны көрсеткенменімен, шаққан уын ұға ала ма? Аш кісінің ішін өртеп тұрған аштық пәлесін тоқ кісі ескеріп біле ала ма? Біздің басымыздағы іс сізде жоқ болған соң, бұл туралы қанша айтсақ та, сізге бір мылжың өтірік ертегі сияқтанады»,-депті. Сол айтқанындай нашардың мұңын, жуанның зұлымдығын қанша айтсақ та ұғушы аз.»