Дін ниеті-пейіл кеңдігі тарихты меңгеруден басталады.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 8

     Абай атамыз;«Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл (ақыл-ой) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақтың білдіретінін) хақтан (Алла достары) біліп, Көшелі өнер иесін (қасиет қонған) жүрсе жақтап. Ниетің түзу болса сенің аппақ, Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ, Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп, Ғылым өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.» Шәкәрім атамыз; «Пәлесіне дүниенің Күні-түні сабыр қыл. Таза болса мақсатың, Ақыры қолың жетер біл. Көңіл жібі (аян, уахи, кітапқа жалғану) қолымнан Шықты, көңіл тазалар, Талай сырым жасырған Болды міне, елге жар. Шыр айналған он күн (аруақ), біл: Айла сиқыр, жалын шоқ. Достым, досқа (әулиеге) достық қыл, Өмір өтсе уақыт жоқ…Балауыз қылса тасты ұстап, Ондай достан шегінбе. Тұла бойды билеп ап, (аруағы) Шамша жағар тегінде. Жылы сөз бен тәтті тіл (құран бағыштау) Өмір берер өлгенге. Аяқшы оны хабар қыл, Пір-сопылар келгенде… Қуаныш қыл рахатта, Қайғысыз бол іш шарап. Құранды оқып, ел аулап, Тұзақ құрма сен бірақ.»

    «Бағзы-бағзы шариғат бар, тек шатақ үшін таралған. Алуан-алуан молда бар, тек алу үшін жаралған. Олар «ал» дегенді өлтіріп, «бер» дегенді ғана қалдырған. Сұраумен сұрамсақ күн көреді, ұрлықпен сұғанақ күн көреді. Үзіп-жұлып күн көрмесе бұндай пақырлар аштан өледі.» «Оңай олжа тауып үйренген адам арсыз келеді, ал арсыздықтың адамдықты жеңетін жерлері болады» «Пейіл тарылса тілеуі құриды, тілеуі құрыған пенделерден не беріп құтыласың, болмаса өліп барып құтыласың» деп абыз-би бабаларымыз дүниеден басқаны ойламайтын діншілерді көргенде осылай толғанған екен.
Қазақтың сан ғасырлар бойы жаратқанның небір бел қайыстырған сынақтарынан өте біліп осынша байлықты, жерді, асыл сөздерді шежіре тарих қылып, біздерге қалдырған мұрасы отанымыз – біздің ардақты дініміз. Жеріміз қандай кең болса дін-пейіліміз де сондай кең болғандықтан осындай бақытты заманға жетіп егеменді іргелі ел болып отырмыз. Енді қазаққа керегі де ең зор қазына байлығымыз да діл байлығымызды қайта қалпына келтіру. Жоғарыдағы муфтият, масһаб ғалымдарының халыққа ұсынған еңбегінде дін бар шығар, бірақ қазақ ұлтына тән діл байлығы мүлде жоқ. Діл адамзаттың дінді меңгеру барысында рухтан алған үлесі, білімді меңгеруге байланысты қалыптасады да әйелзатының қанында 11 санымен жазылады. Пайғамбарымыз: «Орташа өмір сүріңдер. Дін жолына қатты беріліп кеткен адам да кейін өкініште қалады» (563-өсиет) «Білім имандылыққа алып барады, білім діннің ұстаны болып есептеледі.» (567) «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде (қанында, тегінде) ол адамға пайдалы болып есептелінеді. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет) Олай болса екі біліміміздің бірі антымыз, екіншісі уәдеміз, нәсіліміздің тазалығы болып осы екеуінен ғана діл бақшамыз жер бетіндегі ұжмақтық өміріміз айқындалады екен. Сондықтан Міржақып атамыз: «Тарих дейтін бұрынғы заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғұн бір ғылым. (Тарихат) Қазақтың көбі оны «Шежіре» деп атайды. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүниеде түзушіліктің кітабы, тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих не айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құтты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы…». Міне біздің дініміз де үлгіміз де осындай өмірден өткен даналарымыздың батасынан үлгі алу арқылы ғана болашағымызға жоспар жасап, бақытты өмірден үміт күте аламыз. Қазақтың діні тарихы да, ділді қалыптастыру үлгісі де Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбегінде толық қамтылған. Иман гүлі дегеніміз осы. Яғни біздің тарихат — дініміздің ең басты қағидасы. Сондықтан жастарымызды масһабтың сансыз шектеуі мен аю қақпанынан құтқарып ұлтымызға сай дініміз – тарихат пен мағрипатымызды жабылып меңгерейік. «Бірлік жоқ, алты ауызды халықпыз ғой, Қатардан сол себепті қалыппыз ғой. Ғылым мен мағрифатты керек қылмай, Надандық шәрбатына қаныппыз ғой…Малға кедей болғаның-жетілерсің, Ғылымға кедей болғаның-өкінерсің» (М.Д.)

    Қандай да болсын ғылымның да, дінінің тарихын біліп, ақ-қарасын, пайда-зиянын анықтамай заман ғылымын мағрипатын меңгердім деп мақтану тек надандықты ғана туындатуы сөзсіз. Ислам әлемі түгіл, христиандар елі де мағрипат жемісін жеп ғылым-білім өркендеп жатқаны жасырын емес. Тек діннің тақуалығы ғана бұл өркениетке ілесе алмай ескі әдеттерінен шыға алмай, дін бірлігін, халықтар ойының тұтастығын қалыптастыру орнына жік салып, ібіліс әскерлеріне жәрдем берумен ғана айналысады. Ал қазақ елі ислам дінінің мағрипатынан да өтіп ақиқаттан үлес, кітап алған ел болғандықтан, қазақ діні тек тарихаттан басталып, шариғатымызды соған байланысты өлшеп, кемісін толтырып, артығын тастап отыру шарт болып құдайдың пәрмені түсіп, өліктер сөйлеп, құранның құпия аяттары және діліміздің қағидасы түсіндіріліп, ата жолының әлем дінінің көшін бастауға, діндер тұтастығын қалыптастыруға керуен басталып, нәпсінің, шайтанның қақпанына түскен халықтың пейілін кеңітіп, өзара көркем қарыз беруге шақырып халқымыздың шамалы бөлігі әсіресе жастарымыздың көзқарастары түзеліп, ата салтына, дәстүрлі дініне деген мақтаныш, құрметтері оянып, бірақ ұлттық санамыздың кеңінен өркен жаюына жалпы үкімет басшылары, ғалымдарымыздың, діншілеріміздің надандығынан керісінше жаратқанның ашу-ызасын, сынағын ғана сатып алып 2008 жылдан бері еліміздегі қаншама жастарымыздың, халқымыздың қаны төгіліп, сонымен бірге дүние құрбандығына апаттар түсіп, ескертулер беріліп жатса да үкімет, ел ағалары тоңмойындықтарынан қайтар емес. Онда алда әлі талай бауырларымызбен қоштасатын, дүниелерімізді, малдарымызды шаштыратын сынақтардың болатыны даусыз. Сондықтан ұлттық ата дініміздің теңізінен бір тамшы болса да, бір азаматты болса да ұйқысынан оятып, көзін ашу үшін баяндалып жатқан осы 4 кітаптың барлығы біздің ата-бабаларымыздың меңгерген дін ғылымының тарихынан үзінділері ғана.

     Осымен уақытша үзіп, алда дін тарихымызды, мағрипатымызды түгелдеп, ақиқаттың ақ бастауынан сусындау үшін әлі дін тарихымыздың тәжірибесінен, аруақтың әлем халқының санасынан, тарихынан, өмірінен қандай орын алатынын, қазақтың тура жолының есігін ашып көрсету үшін ғана әлі алда 3 кітаппен хабар беру керек болады. Келесі басылымда масһаб ғалымдарының, муфтиятымыздың намаздардан және 5 парыз намаз оқудағы жіберіп жатқан қателіктері және құран ғылымына, ата дінімізге ашық қарсылықтарынан, зираттау, зікір, тақуалық амалдар, қажылық шарттары, рух, жан сырлары, ақирет заңдылығы, т.б. көптеген құлшылық істерінің қателіктерінен дәлелдер келтіреміз. Қазақ діншілері емес жалпы ислам ғалымдарының ең үлкен зұлымдығы әлем өркениетіне, діндер бірлігіне, жалпы исламның негізгі ұстаным шарттарына қайшы, қарсылық болып табылатын қателіктерін «Иман гүлі» кітабында Қайрат Жолдыбайұлы мысалмен өздерін және бүкіл масһаб діншілерін қақпанға ұстап беріпті. Әлемнің өркениетін қалыптастырған философиялық құндылықтар негізі мен өліктердің рухани тірілуіне жаратушымыздың көрсеткен ең үлкен мұғжизасы Ғиса пайғамбардың өлгеннен кейін қайта көрінеді деген христиандар сенімін де және інжілдік рухани бастауды да мүлде теріске шығарыпты. Пифогорды өтірікші деп, онда Әл-Фараби атамызды да өтірікші деп тануымыз керек болады екен. Бізге де керегі осы еді. Сондықтан оны «Иман ошағаны» деп атап, тозақтың ең түбінде өсетін, жемістері шайтанның басынан яғни қазіргі кездегі өздерін жұлдыз, ақылшы, еркекпен тең көретін шашын әлем-жәлем қылып, әжуа болып жүрген қатын-қыздарымыздың бастары сияқты дәні бар, бала кезімізде байқамай қойды жайып, жүндері текемет, киіз басуға да жарамай қалатын, талай сол үшін таяқ жеген көбіне сыр бойында өсетін түйе де жиіркеніп жемейтін өсімдік сияқты. Ал бұл тақырыпты 6-шы басылымда ашып көрсетуге және 1001 құран аятына қазіргі ислам хазіреттерінің, шейхтарының, ғалымдарының ашықтай жала қойып, кәпірге айналғандарын дәлелдейтін уақыт та жетіп жалау көтерілді деп біліңіз! Тарихын меңгермей, ата-бабаларының дінге, әлем өркениетіне қосқан үлестерін біліп, сондай болуға табынып, жастардың бойында ұлттық құндылықтарға деген сезімін оята алмаған елдің қандай да бір жазушы, мәдениет ақпарат басындағы зиялы қауымның еткен еңбегі де өсірген ұрпағы да, халқымыздың тағдыры да өркен жайып, өркениетті елге айналуы мүмкін емес. Сондықтан арап елдерінде, әлемдерде де осындай сынақтар болып жатыр деген сөз құр өзімізді-өзіміз босқа жұбату ғана. Жапырақтың өзі жерге себепсіз үзіліп түспейтін болса, бүгінгі болып жатқан оқиғалар кешегі осыдан 3 жыл бұрынғы жасаған әрекеттерімізге жауап және бүгінгі тоңмойындық жаратқанның осындай адам өлімімен ескерткеніне де, жақсылық несібені үйіп-төгіп беріп, ниетті тексеріп жатқанына да жеңіл-желпі дүние тұрғысынан бағалауымыздың жауабын алдымызда күтіп тұр деп, күн батса түн болатындай айқын деп біліңіз.

    Басқа әлем елінде тап қазақ еліндей аруақтар сөйлеп, жақсылыққа ақыл беріп жетектесе, тап біздің ел басшыларымыздай мәңгүрт болып, тарихының тамырына балта шауып, жетім-жесірлерін қудалатып, ата салт-дінін мазақтатып, халқына қайғы бұлтын шақырмас еді. Және қазақ еліндей ата-баба ділінің жемісі аз болса да көрініп жастарымыз сөз өнерін меңгеріп, жүздеп ақындар пайда болып, ғылымда аяқ астынан ілгерлеу болып және бала Жамбыл сияқты туғаннан кітабын оқитын ұрпақтар өмірге келіп те жатқан жоқ. Енді жуық арада осындай тағы 6 жастың шығатынын, өмірге келіп тәрбиеленіп жатқанын келешекте олар; басшылардың, үлкендердің, ғалымдардың дінсіздігін, қателігін бетіне басып айтатынын хақ екеніне құран ұстап кепілдік беруге болады. Арап жазу үлгісінің арап атты елдің пайда болмай тұрып сақтардың, ғұндардың ғұламалары меңгергенін білгіңіз келсе, Қажы баба қасында біздің эрамызға дейін 4-ғасырда жерленген орыс, славян халқының анасы, Қазақ, Созақ бабаларымыздың қарындасы Құзын Сауға-Зейнеп анамыздың басынан қазып көрсе табылатын ағашқа жазылған тақтай белгі куә болатыны сөзсіз. Сол сияқты Жақып пайғамбарымыздың басынан теріге оралған мүрдесі мен қасында ұстанған емшілік түрлі істерге пайдаланған ағаш қораптағы саймандары бүкіл еврейлер мен араптар да алты алаштан тарайтынына куә болатыны сөзсіз ақиқат. Еліміздің сөзге түсінбейтін, түс көре білмейтін, көрсе де сенбейтін ғалым, басшыларын еріксіз әлем айтқан уәждеріне, шығарған заңдарына, кітаптарына алдында жауап беріп, өсіп келе жатқан жастарымыздың алдында масқара болып, қызаратын күн де туар. Оған қазақ елі ғана емес әлем алдында мақтанышпен көрсете алатын дәлелдейтін істеріміз де бар. Құдайдың құдіретін қандай заңмен қудаласа да өлмейтінін, керісінше шыңдалып шынығатынын мүфтият діншілеріне, арапшыл қауымға да, әлем медицинасына да дәлелдеп көрсете алатын құран аяттарының ем-шипа хикметтері де жеткілікті. Тек Құдайдың құдіреті зұлымдыққа, қайғы-қасіретке түскенде ғана көрінетін, анықталатын тәртібі бар екенін ұмытпаңыз. Себебі адам баласы нашар жаратылып, жақсылықты өз еркімен мойындап, тәубеге келмейтін жанжалшыл деп ескерткен Раббымыз. Сондықтан берілген жақсылыққа күмәнданбай шүкірлік жасап, ғайыпқа, көмеске көрмей иман келтіргеннің ғана бақытты ғұмыр кешуге жаратқанмен саудаласуға қақысы болып, дұғасы да қабыл болатынын ұмытпайық ағайын. Келесі басылым бетінде тілдескенше күндеріңіз шуақты, мал-жандарыңыз аман болсын аруаққа, ата-анасына иман келтірген ағайынға деп тілейік!
Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. 2011 жыл. Желтоқсан айы. Алғабас, Бейбітшілік №6.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.