Діни сауаттылық дегеніміз не?

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 101

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

     Баспасөз беттерінде, әсіресе діни баспасөз басылымдарында діни сауаттылық ұғымы жиі айтылып, көп жағдайда құранды арапша оқи білген және намаз оқушы мұсылманды діни сауатты деп, ал енді мейлі қандай да бір білім егесі, академик, профессор, прокурор, сот, мұғалім, инженер, т.б сияқты мамандық, өнер саласындағы мұсылмандарды діни сауатсыз деп атап, оған көбіміз мойын ұсынып, солай түсінеміз. Қазақтағы бір жақсы әдет, әйтеуір оқығаны бар, сыртқы көзге  білімді  пендесін өзімізден жоғары ұстап және сыйлауға да тырысамыз. Одайлардың айтқандарын ақыл жүгіртіп ойланбай-ақ орындай саламыз. Бұл ерекшелігіміз бір жағынан бірлік-татулығымызды ұстап тұруға септігін тигізсе, бірақ екінші жағынан іштей өзара күндестікті, араздықты, ойлардың жікке бөлінуін туындататынына да мән бермейміз.  Енді қандайда бір лауазымды; акедемик, профессор айтты немесе бір білімді, болмаса тақта отырған лауазымды әкім айтты, болмаса имам, арап танушы ғалым айтты десе болды құдайға сенгендей сенетін аңғалдығымыз тағы бар. Жалпы; Сауат-тектілік, ұғымдылық болып табылады.       Ал енді; «Діни сауаттылық» ұғымын; ішкі зайырлық құпия сырды, парасаттылықты,  дін ниеттілікті және жетелік, саналық ақылдың жағдайын да білдіреді. Сондықтан да сауатты жазу және дін сауаттылығын арап тілімен, құранды жаттаумен, тәпсірлерді меңгерген біліммен байланысты деген мүлде қисынсыз. Олай болса имамдарымыздың, діншілеріміздің қарапайым халықты діни сауаты жоқ деп кінәлауының өзі ниеттері дұрыс емес, парасатты, арлы, текті емес деген сөзді білдіреді.  Абай атамыз: «Тоңқаң, тоңқаң етеді, нәпіл оқып не теңі, ниеттене білмейді» деп, ішін түземей сыртын түзегендер деп сынаған. Ал діншілеріміз бұндай насихаттарды, құран сөзін арапша дұрыс айтпағаннан ниеті бұзылады деп түсіндіреді де, ниетті арап тілін меңгеру немесе құранды  арапша жүргізіп оқу, жаттап алу, намаз оқуды меңгеру деп түсіндіреді. Ал шындығына жүгінсек; дінде таза ниет дегеннің өзі өлімді, ақирет өмірін түсініп, соған амал жасау әрекетінен, тектіліктен, ақирет жағдайын ұғынудан пайда болатынын Абай атамыз; « Машхарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шеіт-соларды қатар қойып сұрар дейді. Дүниеде атақ, абырой, сый, құрмет алу үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғанды бір бөлек қояр дейді. Ақиретке бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ болғандарды (әдет-ғұрып, сал-дәстүрді ұстанушыларды) бір бөлек қояр дейді. Дүние үшін болғандарға айтар дейді; «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзаке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең қарап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнде құрмет алмақ түгіл сұрау (жауап) беріңдер! Мал бердім, өнер бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды өмірлеріңді бетіңе ақиретті ұстап, дін ниеттеріңді   дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?-деп. Ал шын ниетімен орнын тауып, бір құдайдың ризалығы үшін өнер қылғандарға (халыққа қызмет қылу) айтар дейді; «Сендер бір ғана ризалығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарп қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм (және) ол ризалықтарыңнан басқа машқар ішінде, сендердің осы қылғандарыңа өзі қылмаса да іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шапағат қылыңдар!»-деп айтар дейді.» (35-сөз).

      Абай атамыз дін ниеттілікті, сауаттылықты құдайдың ризалығын іздеу арқылы және өлімнің ақиқатын және неден пайда болатынын ақылмен түсініп нанумен  және өлгеннен кейінгі өмірдің адам ризығының ниетілікке тәуелділігін және жақсылық, жаманшылықтың қалай, неден пайда болып, соған байланысты сақтану шараларын меңгеру білімін сенім деп түсіндіреді. Олай болса адам баласының бақытты, бақытсыз ғұмыры да  тіршіліктегі діни сауаттылыққа (сенімге, тектілік, ұғымдылыққа) яғни құранды жаттап, намаз оқи білуге емес, керісінше таза ниетке, халқыңа қызмет ете білген әулиелік қасиетке тәуелді болып және кейіннен сондай текті әулие, ұғымылы-саналы, дана аталарымдай болсам, ұқсай алсам,  солардай халқыма қызмет қылсам деп табынып, қасиетті, өнерлі кісілерді дос тұтқандарға шапағат ету мүмкіндігіне ие болатынын ескертеді. Сонымен Абай атамыз біздің бүкіл діншілердің әулиелерге табынып, Аллаға жалбарыну дегенді «серік қосу» деген ұғымды жоққа шығарады. Енді біздің ағайын діншілеріміз тілдерімен Абайшыл да, істерімен өсиетіне қарсылық білдіріп, әулие бабалар аманатын орындаушыларды; өтірікшілер яғни серік қосушылар қатарына қосып, ал діни сауаттылықты яғни тектілік, ұғымдылық, дін ниеттілікті тек арапша хат танып, құранды арапша мағынасына қарамай басынан аяғына дейін оқи білуде деп түсіндіреді. Сөзіміз жалған болмау үшін пәтуаларынан мысал берсек; «Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі…Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы  мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яғни біреуі ғана ескеріледі… Ең бастысы, Құран сөздерінің (арапша) оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал құран сүрелерін оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады.» (И. Ғалымхалы 121-бет) Құранды арап тілінде яғни намаз оқуға, жалбарыну, сиыныуға байланысты жағдайдағы белгілі мақсатты түрде намаз түрінде оқудан адам баласының сыртқы өрістік бойы әр түрлі кір ақпараттардан тазарады. Яғни жан өрісінің дәрет алуы деп түсінгеніміз абзал. Ал намаздарды орындау барысында, яғни әр түрлі діни рәсімдерді орындап және өліктерге құран оқу яғни; Ол Алланы еске алу яғни жалбарыну болып, артынан түсінікті тілде тілек тілеп мұқтаждықтарыңды сұрауды қысқаша- дұға жасау деп те атайды.  Сондықтан да құранды әйтеуір арап тілінде рахат сезім іздеп, ал түсінік, үгітіне мән бермей, басынан аяғына дейін жаттап алу мақсатымен оқуға жаратушымыз тыйым салған.

       Аятта; «(Мұхаммед) өлең үйретпедік әрі оған, ол лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана  (69) Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін.» (36-70) Құранның үгітін түсініп, ескертуінен үлгі алып, жан түршігіп, Алланың азабын еске алып, ақиқатты түсінбей құр түсініксіз өлеңге айналдырып, мақам іздеп, босқа оқудан қазіргі жастарымыздың таңдау, талғамсыз ертеден кешке дейін өлең айтып, жүрек көздері жабылып, ақылдары азғындап жатқаны да даусыз. Және бұл жалпы мүфтият діншілері ғана емес бүкіл ислам дінінің қасірет ауруына айналып, әлемдегі бүліктердің басты себешісі екенін білу әзірге жан сырының, философ ғалымдарымыздың ақылынан тыс. Бұған Абай атамыз: «Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі, Сонда да көңілі тым-ақ тоқ, Жайқаң-қайқаң әрнесі. Білмейсің десе, желөкпе Дейді дағы Тәңір ісі. Бірінен-бірі бөлек пе Иемнің әділ пендесі? Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсер сәулесі. Ішінен кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі. Наданның көңілін басып тұр Қараңғылық пердесі. Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы. Кітапты молда теріс оқыр дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі?» Құранды теріс оқып қолынан түскенінің бәрін шайнамай жұта беретін, тышқан аулаған бүркіт құсамай бойыңа ақыл жина, хақтың сәулесімен көкірегіңді тазала, сондықтан ғылымда жер бетіндегі өмір сүрген халықтар арасындағы әділ даналардың бір-бірінен айырмасы жоқ, даналардан үлгі алып, жүректің кірін тазалап көзін ашу керек деп ескертеді. Сондықтан осындай дінді, ақылды байытуға емес, тек рухани ләззат алу, сезімдік мақсатта  үйренгендерді; «Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, (ләззат сезім, мақтан) білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.».

      Олай болса біздің муфтият және барлық арап тіліне көңілі ауған қазақ ағайындарымыздың діни шешелері арап болып, ата-баба дәстүрлі дінімізге мейірімсіздігі мен көңілдерін қараңғылық пердесі жапқан шала молдалар деп, кейбірлерін надандар деп атауға толық қақымыз бар. Өйткені ана тіліне мейірленген қазақ баласы Абай атамызға табынып, насихатына,  берген ақылына сенуіміз аталардан келе жатқан аманат. Ал егер Абайымызға емес дін муфтият ғалымдарымызға сенім келтіретін болсақ, онда қазақтың ғана емес жалпы әлемдік тіл, сөз ғылымын, философиялық даналық қағидаларын мүлде жоққа шығару керек. «Абайға табынбаған адам-ақылға табынбайтын адам! Орыс халқы ұлы Пушкинді өзінің бой тұмар-талисманы санағалы қашан! Бұл халық Пушкиннің ұлылығын танудан бастап өзінің ұлылық дастанын жаза бастады.» (Ғабит Мүсірепов) Қазақ елінде керісінше даналарынан, әулиелерінің еңбектеріне табынудан бас тартып, дін-діліміз, жан-тағдырымыз мемлекеттен, саяссаттан да бөлек,-деген пәтуамен ұлттық дәстүрімізден бас тартып, ендігі тіл ғылымына, ұлылық сөз біліміне, ділімізге сай сауатты жазылған, жазатын бірде-бір кітап, болмаса діни баспасөз басылымы да жоқ.  Жоғары дәрежелі дін ғалымы, теолог қазақтардың жазған  «Ислам ғалымхалы», «Дін мен діл» т.б кітаптарды ғана алсаңыз қазақ тілінен шамалы сауаты бар адамның жаны түршікпей оқуы мүмкін емес. Жаратушы иемізді бірде «Аллаһ», бір кітабында Алла деп және арап тілі аударылмайтындай жүздеген сөзді шұбарлап арасында арап тілімен дұғаларды өрнектеп, арап танушы,  ғалым деп айтсын деген ғана мақтан мен талғамсыз теріп көшірілген еңбек екенін көзіңіз жетеді. Үш жыл бұрын медицина саласының ғалымы М.Ш. Жанәділов деген кісінің «Саулық көздері» деген шығыс философиясы және киелі кітаптарды зерттеп, адам ағзасында болатын  саулық көздерін санмен, түрлі түсті бояулармен, таңбалармен, т.б басқа ғылыми атаулармен белгілген өте құнды кітабымен танысып, кейіннен сол кісінің өзімен кездесіп, мынандай сауал қойдым; -Сіздің кітабыңыздағы құнды деректермен жақсы таныстым, тек бір әттеген айы бар екен-дедім. –Ол қандай кемшілік? деп сұрағанда. –Жаратушы түп негізді «Аллаһ» деп 5 таңбамен белгілеп, сонан құранның негізгі сырларын қамти алмағансыз. Жаратушы сипаттарының негізгі себептерінің көрінісімен ағзаның себептік байланыстарын, сыртқы әсерлердің есептік мәнін көрсетпепсіз. Сондықтан тәннің ішкі сырын жақсы меңгеріп, ғаламдық сыртқы бейнені, денені шығара алмағансыз. Бұл ақпараттың үзілуіне «Алламен қосып тәңір шақырма, қорланған түрде отырып қаласың» деген аяттың үкімі Алла сөзіне тағы таңба, яғни тәңірлік белгі қосудан яғни түп негізді 4 емес 5 деп алудан үлкен қателік пайда болған- деп құран, інжілдермен салыстырып байқағанды көрсеттім. Сонда ол кісі бұл кітапты шығармас бұрын дін мүфтиятында болып ғалымдарға таныстырып, бас хазіреттің өзі қағазға жазып «Аллаһ» деп жазуды ұсынып, солай белгілеуді тапсырғанын айтты. Енді бұндай бір қателіктен қаншама мың адамның түсінігіне және бір ғалымды да адастырып, Алланың жолынан тосуға себеп болғанын миллиондаған басылған кітап, жазбалардың болашақта жарамсыз болып, ысырапқа айналатынын жастарымыз біліп, аға буынның осындай жалған ғалымдығы сынға ұшырайтынына құран ұстап ант беруге болады.

      Ал, ендігі жастарымыз түгіл ақылы толған білімді қауым өкілдері де «Бір Аллаға табынамыз» деп, бірліктер негізі мен біртұтас аруақтардан теріс бұрылып, сонда Бір Аллаға қалай табынады? Табыну үшін хикметін, сипатын, қалай және кісілігіне ұқсап үлгі алуын білмесе? Ал басы, аяғы, ортасы, шегі және біздердің ақылымыздан тыс, жаратушы болған Аллаға қалай табынып, қалай ұқсап, қандай әлі келетін істерінен үлгі, ғибрат алмақ, кімдерді жаратпақшы? Сонда өзін құдайға, тәңірге айналдарып алғаны да болмай ма? Және сенімнің ар сауытын қалыптастырып, ал иманның жан білімін қалыптастырып, кітап алу болып саналатынын да мүлде жоғалтумен, енді Құдайға сенген пендені иманды атап немесе намаз оқып, бірі жалған бес парыз орындағандардың иман келтірдім деп әулиеге, намаздың хандарына айналып жатқанын қалай түсінеміз? Осы жағын философ ағайындарымыз және дін ғалымдары ойланып, ақылмен сөзді өлшеп көрсе екен деген де үміт бар. Сол сияқты осыдан 2 жыл бұрын ғана мешіттерде аруақтарға құран бағышталу дұрыс деп қабылданды. Оған дейін жалпы муфтият ұстанымы бойынша «серік қосу болып» танылған болатын. Сол сияқты 7-8 жыл бұрын Ясауи жолын ұстанушымыз деген дін тобын «зікір-гипноз» деп қателік кемшіліктері мен діни бағытына нақты баға беріп, дұрыс-бұрысын ғылыми қауым ортасын талқыға салудың орнына жамандаумен, қудалап арты немен аяқталғаны және зікір деген дұрыс деген сөз енді өздері айта бастады. Сонда зікірді қалай салып, айтып, оқып, орындап жасайтын амалдарын әлі өздері де білмейді. Бұл құран аяттарын қалай зейнетке алып, ем-шипасынын меңгеруден хабарсыздықтан, ілім сауатсыздығынан болып жатқан кері тартпа әрекеттерден, айналып келгенде қазақ ағайындарымыз ғана тура жолды іздеген бауырларымыз зардап шегіп зұлымдыққа түсуге кім кінәлі? Сол сияқты 20 жыл дін баспасөздерінен діншілер аузынан түспеген «Хижап» сөзі енді ғана дұрыс емес, қазақша аталса өзіміздің ұлттық киіміміздің сипаты болады деген ойды дін хазіреттеріміз айта бастады. Сонда оны жастардың, халықтың миына әбден сіңіруге, баспасөз, кітаптардың мағынасын ашпай қолдануды ұсынған ауылдың ақсақалдары болғаны ма? Абай атамыз; «Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеген кісіден садаға кетсін!» (32-сөз) деп сөзді түземей, оймен тілді бөлуші ел басқарушы, ойшылдарға, саятшы партияшыларға ескерткен. Бұндай адам баласын құранда; «(Мұхаммед) егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан таныйсың. Алла істегендеріңді біледі.» (47-30).

     Сөзі мен ісі бөлінген, Аллаға тілмен, дұғамен ғана жол іздеген адамдарды «мұнафықтық»-«екі жүзді» деп олардың дінде, үмметте ерекшелігі болмайды, өзіңнің дін қандасың деп ескертеді жаратушымыз.  Енді діни басқарма ұлықсат етуімен шығарылып, жүз мыңдаған данамен таратылып жатқан арапша, бірақ негізі Сүлеймен пайғамбарымыз кезіндегі періштелерге, яғни ғұламаларға түсірілген сиқыр дұғалар «Мұсылман қорғаны», «Шипалы дұғалар», т.б толып жатқан тура жолдан адастырушы кітаптардың діни сауаттылығына кім күмән келтіріп, кім қадағалау керек?- деген сұрақты кімге қоямыз. Бірақ біздердің мұндай саулымызға жоғарыдан заңмен бекітіп, «діни сауатсыз» деп аталған бұқара халықтың көкейімізді тесіп жатқан мұқтаждықтарымызды да кім түсініп, тыңдар десің? Ел билігі мен сөз басшылары да анасының ақ сүті мен ата-бабасының ақ батасының қадірі кетіп, ата салтын сатқандарды ардақтап, «жұлдыз» қылып төрге шығарған бұл заманда? Жаратқанның шапағатымен тура жолын тапқан, кешегі өткен; Абай-Шәкәрім аталарымыз да осындай мыңмен-екі жүзділермен жалғыз арпалысып; «Сөз түзелмей ел түзелмейді» деп қазақтың онсыз «светский, зайырлы» ел бола алмайтынын қайғырып жазып, өздерін тура жолымызды таптық деп мақтанып айта алмай кеткен. Ал халыққа несібесін артығымен берілгендер ойы мен тілі араздасқан екі жүзді сөздерді бағалап, «бөле берсең, бөрі болып жейсің» деп харам-адалға бөліп, көркем сөз, астарлы жан сырларын «аяттарды арзан ақшаға» ұғымсыз атауларға айналдырумен, яғни халыққа «сөз сатып» соған өздерін шен, дәрежелерін көтеріп, бірін-бірі марапаттаудан, яғни Абай атамызша дін ниеттерін дүниеге арнап, жұртты алдамақ үшін ғана жұмсап жатыр. Әрбір айтылған, жазылған сөздің әуелі халықтың, сосын құдайдың алдында сұрауы бар. Енді менің де сол халық алдында осы уақытқа дейін сын айтқан жазбаларыма жауап беретін, дәлелдейтін мүмкіндік те болпшақта туар деген үміт қана бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *