Бас жаралған, мойын төмен,
Қарашы, дене біткен ретіменен.
Істің басы- ретін танымақтық,
Иман білмей тағатты қабыл демен.
**** ***
Абай атаң ғибратын кім түсінген?
Имандылық істің басы бастан екен.
Реттілігін тазалықтың сақтай білмей,
Имандымын деп өзіңді айтпа деген.
Иманның тазалығын біліп алмай,
Ар ісі дәстүріңді ұғып болмай
Бес парыз намаз оқып мәз боласың,
Бас аяқ ақталып масих қонбай.
Нәпсісін тиып зейнет бой алмаған,
Мүмін де иманды да болмас адам.
Мұнафықтық өзге елдің салтын алып
Сыртың таза болмаса іш оңбаған.
*** **