Дос болу мен махаббат

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 1

Адамзатты жаратқан махаббаттан,

Махаббатты табасың тек достықтан.

Достықтың бар деген жүз сипаты,

Өсиеті  қалғанды пайғамбардан.

Бір сипаты адамзатқа баян болған,

99 сипаты достықтың жасырылған.

Бір сипаты достығы жұбайлардың,

Ал қалғанын табасың тек Құдайыңнан.

Ғашық болып құмар боп бір-біріне,

Қызмет қылу еріне сын әйелдерге.

Ал еркекке қорған, күзет, бақташылық,

Міндетті парыз болған сын бұл дініңде.

Бір сипаты махаббаттың неке құрып,

Достықтың қабырғасын қалар берік.

99 жиһазы және шатырын армен жауып

Махаббаттың сарайын тұрғыз беріп көрік.

Мияулап тырнаса ерін әйел мысық,

Еркегі жауап берер иттей үріп.

Бір-біріңе қас болып түсіңдер деп

Жаратқанның бұл сынынан құлар сынып.

Махаббаттың әлемі болар нәзік,

Тұрпайы, анайылық бермес көрік.

Жақсылық пен достықтың бұл сырларын,

Адамдықпен табасың дәстүрге еріп.

(қаңтар 2014)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.