Дүниеқоңыз

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 65

Өзің үлкен қылығың бала- шаға,
Құдайды емес дүниені алдың арашаға.
Атақ, дәреже, тағыңды сауда қылып,
Қоңыздай боқшы аталу жараса ма?

Дүниенің байлығымен бақ бола ма,
Бақытты мал, ақшамен бағалауға.
Құдайдың ескертуін есепке алмай,
Ел билікті жазғырған тажал болма.

Қарұн мен қарынбайлар өмір сүрген,
Кім қалды ұрпағынан білсең екен.
Қанағатшыл барын көппен бөліп жеген,
Ұрпағысың құдайдан нәсіп берген.

Қарасаң жер табиғат әлеміне,
Жандыларға кім берген несібе.
Азығын сақтайтын қоймасы жоқ,
Құдайдың өзі асырап өсірмей ме?

Күшті заңмен бойды неге ұзартпайсың?
Ел билікпен ауа-райын жақсартпайсың?
Өмір, өлім, қайғы, ауруды уайым қылмай,
Тәңірдей ел билікті жамандайсың.

Ел билік тәңір емес, мәңгі өлмес,
Өзгерту ел билікті қиын емес.
Жамандық пен надандық жолы болған,
Украина, арап жұрты үлгі емес.

Күнәкар надандық байлық қумақ,
Бай болып өзгелерден артық тұрмақ.
Дәстүрін аманатын ақтай алмай,
Дүниеге арды сатып шайтан болмақ.

Ермеңдер опасыз қар, арсыздарға,
Ағайынын бағалаған ақша пұлға.
Еңбексіз сұраншақтық жан сақтауға,
Шақырған еркіндік деп тажалдарға.
(Сәуір 2014 жыл)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *