Еңбек(71)  

Бөлім: Зікір өлеңдер 236

Қауымыңды түзеп еңбек ет,

Арттағың көріп шаттансын.

Күнәні көрсең жәрдем ет,

Пиғылын түзеп туыстың.

Арланса пейіл ағарғаны,

Адамның көп қой арманы,

Қол жеткізбейтін демегің,

Құдайдан болса қолдауы.

Келмесе қолдан не пайда,

Қиялға беріп ерікті.

Ақылмен жетер  арманға,

Мінезің болса көрікті.

Армандаудың жөні бар,

Ғылымсыз қосар хайуанға.

Ұшпайтын тауықты ұшырмақ,

Сау ақылға сыйған ба?

Әр нәрсенің жөні болмай ма,

Қадірін танып алғанға.

Тілекті тілеу Құдайдан,

Ақылсыз қабыл қылған ба?

Байлықты тілеп Құдайдан,

Жоқ болса ақыл не пайда?

Ақылмен дәулет ұсталған,

Жалғанып пенде құранға.

Арам тер шығар еңбекпен,

Қозғалыс, қимыл себеппен.

Тәніңді күтіп баптасаң,

Нәпсінің күйін күшейткен.

Нәпсіге жолдау нұсқасаң,

Аруақтан қуат қоспасаң.

Жаның өспей жантайып,

Сезімің кетер қарайып.

Зейнеттен мақұрым қалғаның,

Шерікті арам қосқаның.

Үйретпей тәнді жасыңнан,

Араммен өсер, ет- малдарың.

Еңбек ет адал, жастай ұнатып,

Бұлшық ет шират, қатайтып.

Жанға да мол азық жинарсың,

Саусақтың ұшын қозғалтып.

Икемге келтір мән тауып,

Қол өнер болар жанға азық.

Еңбектен өскен денеңе,

Нұр берер құдай жалғантып.

Сайраған құр тіл құтқармас,

Қол еңбек болмай мән таппас.

Еңбексіз табыс, арам ас,

Жасыңнан жанға болма қас.

Балаға жастай айт өсиет,

Құйма құлақ- өнер қасиет.

Қол-өнер, кәсіп меңгерсе,

Еңбекпен келер нәсиет.

Көргенде көз де қырағы,

Еңбекпен өніп жанады.

Асқан соқтық бір төбе,

Ұсталықпен жан бағалы.

Несібеден құр қалмас,

Тағдырынан тұрса ажырамас.

Өкпешіл мен кекшілдік,

Көңілден орын таба алмас.

Жасыңнан мұны қолыңа ал,

Алдын алып қорған сал.

Жалқаулықпен егізді,

Дәнегін екпей тиым сал!

Арсыздықта күнә бар,

Теріс ой, арам шөп шығар.

Көбеймей жанның бақшасы,

Еңбегің еш, тұзың сор болар.

Еңбекпен қыл амал,

Арқалап білім болма мал.

Еңбекпен ақыл өспесе,

Ғылыммен жанда болмас хал.

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *