Жындылық(71)

Бөлім: Зікір өлеңдер 54

Дұрыс сөзді терістеп,

Ақыл айтсаң сөкті, деп.

Айтқан сөзін құсықтан,

Көпке жүрген еліктеп.

Өтірік-шынды сапырып,

Теріп алып жылмияр.

Дүниемен өлшеп қапылтып.

Тия алмай бойын құтырар.

Білімді ақыл қылғандар,

Сөз ойын бұзып бұрмалар.

Жаңашылдық мақтаны,

Обал, сауапсыз жын болар.

Ақылға қазық байлаған,

Атау сөз ойын ұрлаған.

Қарға жынды дін шықты,

Бүлдіргі білім пән болған.

Өнер-білім меңгеріп,

Әдетін арсыз жөн көріп.

Шайтаннан жын көбейткен,

Дүниеге мас ел билік.

Ар-ұятты білмейді,

Әлемдік салтқа күйлейді.

Атақ, шен, мансаппен,

Адамдық деп елді түзейді.

Бастан кие қашырған,

Етектен сана жоғалған.

Әйелі жәндік, еркек жын,

Шерік боп ұрпақ туылған.

Адамдық сиқы осы ма?

Қайғысы дүние жоғына.

Жынды емей немене,

Байланған дүние боғына.

Ақылды сөзге тоқтайтын,

Ақиреттің ісін жақтайтын.

Қате айтың, күнәң бар десе,

Қайғырып, өксіп жылайтын.

Табылар ма екен адамзат,

Адамдық қылық асыл зат.

Шындығын Құдай таныған,

Таза ақылға болар мас.

Сырты сұлу іші тар,

Көрсе қызар мансапқор.

Жылтыратып келбетін,

Ішінде суық қары бар.

Айылын іштен жимаған,

Ар-ұят қуат сыймаған.

Мұндайда бар ма адамдық,

Ғылыммен амал қылмаған.

Қайда барсаң онда бар,

Бойыңды түзеп қолға алар.

Ерісін десең іштегі,

Адалды ізде жаға алар.

Күш жігерді жұмақтық,

Тау-тасты іздеп қопарып.

Жыныңды шығар бойдағы,

Құдық қаз жерден жаңартып.

Тиылсаң жаман әдеттен,

Адамды түгел қас көрмей.

Алланың досын іздесең,

Әулиелер сөзін тергемей.

Дос қыл жалға өзіңе,

Ойпатын жердің аралап.

Риза қыл, қоссаң өліге,

Құран қуат паралап.

Арылтар жыннан бойдағы,

Жер кезіп іздеп ойпатты.

Табаннан қуат аларсың,

Киелігінен әулие мирасы.

Адалдық ұстан пір тұтып,

Көп сөзді болмай сөз ұтып.

Піріңді біл қадыр деп,

Құранның үнін тұрар білдіртіп.

Мінездің жетпіс екі тарауы,

Меңгерткен өнер-қаламды.

Жалғанып толық ақтап шық,

Қажырлы қылған адамды.

Нұр шалар сонда бойыңды,

Тазартып бойдан жыныңды.

Ар сауытын берер тағала,

Қорғауға өріс, сана ойыңды.

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *