Көл анасы жер болар,
Ер анасы ел болар.
Әр елдің өз әулиесі,
Аруағына дем болар.
Түсінгенге сөз — дәулет,
Әншілерге үн — дәулет
Арсыз адам жын болар,
Іздесе мақтан сән дәулет.
Адамдардың естісі,
Дәстүрімен санасқан.
Ақымақтың белгісі,
Ата-салттан адасқан.
Қазақтан шықты надандық,
Жамандыққа ұласқан.
Арсыз қызын мақтан ғып,
Бейнесін елге таратқан.
Әулиелер зияратын,
Жалаңаш бұрын кім басқан.
Үлкендер бар жынданаған
Арсыздыққа жақтасқан.
Өлілердің моласын,
Қадірлемес санасыз.
Мұнан қалай оңамыз,
Сауық үшін барамыз.
Түркінің туы бабамыз,
Түркістан кие қаламыз.
Дін исламның қазығы,
Ясауидей данамыз.
Әулиеге арнап ат айту,
Қорfсанға қой айту.
Құран оқып тағзыммен,
Намазы түркі қол жаю.
Ендігі шора, жынды қызымыз,
Бейнелеп шайтан сынымыз.
Суретке түскен түйемен,
Әлемге берген үлгіміз.
Таңбасын кие Алланың,
Мазақтап неге қорладың?
Сұрадым ғалым Дүкеннен,
«Үрме»- деп берді жауабын.
Алдыма тартты заңдарын,
Уахимен болған жазбаның
Надандық деп мазақтап,
Құдайдан кітап алғаның.
Зиялы қауым азғанын,
Ғалымдығың осы қазағым.
Аманат ата салттарын,
Айырбастап тажал болғанын.
Бұларда көп жолдасы,
Шайтандар болған сырласы.
Ит пен құсын айтақтап,
Киемен жоқ шаруасы.
Өңкей батыр, қу айласы,
Білімі, кітап ар асы.
Құдайыңмен өзің бол деген,
Болмаса заңмен құртпақшы.
Ар заңым бар, ақтан алғаным,
Құдайым мен аруақ қолдасын.
Есірген ессіз тобырға,
Берсін деп құдай жауабын!
(тамыз 2014 жыл)