Осы жарық дүниені де және оның барлық тұрғындарын да жаратушы иеміз жер бетіне түсірген барлық табиғи адамдық қасиеттерді несібе қылып арасына шашып жіберіп осы «инстинкт-қасиеттерді» (сезімнің аңғарымпаздығын, ақыл-ой алғырлығын, өзін-өзі тану танымдық дарындылығын) ақылын жетілдіру арқылы рухани жүктерді қабылдап, меңгеріп жанды тазартып өсіру үшін ізгілікті дінді меңгеру арқылы өзара жақсылыққа жарысып маған жақындайсыңдар деген. Сонымен кім, қай ұлт бұл қасиеттерді молырақ сіңіріп құдайлық қағида өмірімен тіршілік ете алса, сол ұлтқа өзге ұлттар қызмет қылып, жаратушының құдіретінен нәр алып тіршілік қамын жасауы тиіс. Осы тұрғыда ізгілік пен игіліктің жан дүниесінде бұрыннан-ақ орныққан адамгершілік қасиеттерін жетілдіре білген ұлт-ел ғана өз болмысын сақтай отыра даралыққа жетілгендікке жақын, ұқсас өмір сүре алады. Қазақ елі әлемде ең көп әулиелерімен даналық, даралығымен әлемге бұрын да 6 рет көш басшы болған. Тағы сол кезекті Құдай бергенмен оны ең алдымен ақсақалдар, үлкендер, ел билеуші-төрелер, дін ғалымы-қожалар, зиялы қауым білімділері деген қауымның қабылдап меңгере алмауынан ҰЖЫМДЫҚ» ақылдың аясына шыға алмай, ескі беделдерін қиып тастап кете алмай, бос мылжыңмен ғана айналысып өздері де адасып, кейінгі ақылы толмаған жас буын жастарды да адасуға мүжбүр етті. Мұндай жағдайда құдайға бой ұсыну тәубеге келу дегеннің өзі мүмкін емес. Және ақылдың маңызы білімнен аспай, керісінше білімділік- ақылдылық болып саналғандықтан білімнің тәрбиесі, ұлттық мәдени құндылықтардың күйреуіне оның орнына жалған еркіндік деген тұрпайы анайылықтың салтқа айналуымен, ақылдың мүлде жансызданып өлуіне әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұжымдық ақылдың кереметтігіне сенген ел билеуші, зиялы білімді қауым өкілдері де тұлғалық, даралық, әулиелік даналық қабілет, қасиеттерді жетілдіруге арналған талай ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрден ажырап, оның орнына жалған әулиелікке табыну, бірін-бірі атақ дәрежемен көтермелеп тек сол абырой беделдерін қорғау аясында жанталасып өмір сүреді. Мұндай жағдайда тарихтың өзі философия діннің қайнар бұлағы болудан қалып, пәнге айналып адамзат ақыл-ойын тазартуға емес керісінше ел билеушілердің абыройына қызмет ететін құралға айналады. Әрбір елдің өз тарихында ойдың қуаты да болып философиялық даналықтары жасырылғанын, ал өз тарихынан нәр алмаған шығармашылықтың қандай түрі де жалғандыққа, ақыл-ойды аздыруға, ұлттық болмысты жоғалтуға, ақылды жансыздандыруға қарай қызмет атқарады. Ал тарихты да, тағдырды да құдайдың өзі заманға қарай білімін, кітабын қасиетті адам балаларына оқып, бұрынғы қиял аңыздардың ақиқатқа айналуын қамтамасыз етеді деген ұғымды терістеумен, құдайлық уахиларға, ашық белгі хикметтерге қарсы қойып мұны құдайға қарсылық деп азғырып қарсы қоюшы тажалдық білім өкілдері де осындай ескі заман дін шариғат біліміне ғана ақылдары негізделіп алып, замандық оқиғаларға, өзгерістерге, ақыл-ойдың дамуына мойынсұнып тәубеге келуден, яғни ескі ақылына сыйынып асып-тасудан тиылудан бас тартқандықтан да ақылдары жетіліп жігерленбей өлуі де сөзсіз. Мұндай пенделікке түскендер тек өздерінің халық алдындағы жинаған абырой беделін сақтау мақсатында ғана қандайда бір жалған пәтуадан бас тартпайтындар, имамдар, дін ғалымдары тажалдарға айналып алады. Халықтың рухани билік басына да, елді билеу көш басына да ұжымдық ақылға байланған даралық парасаттан жұрдай болғандар келіп мұның арты көптің адасуымен, мұнан жол табатын бірдің, тұлғалық пайымдаудың болмауынан кез-келген дүние шаруашылығы жетілген, бірақ рухани тұрғыда құлдырауға түсіп жатқан мемлекеттердің, халықтарының өткен шағын салтқа, тағдырымызға, болашағымызға айналдырумен, елді рухани тұрғыда тозғындыққа түсіруге себепші болады. Қандай да бір жақсылықтың, адамзат ақылының жетістігі тек бір адамнан басталатынын да, тұлғалық үлгіні қалыптастырудың маңызын қаперге алудан, ақылмен қабылдаудан бас тартқан мұндай ұжымдық ақыл иелерінің арасынан қарама-қайшылық ұжымдық ақылға негізделген теріс даналықтың, болжампаздықтың яғни шайтан жамағаттарының пайда болуымен нәтижесінде өзара қырқысуға, ағайындардың арасының дүние байлығы, жеңіл тұрмыс үшін қан төгіп мүлде құлдырауға, қайғы-қасіреттерге апарып соқтырады.
Абай атамыздың; «Единица басқармай, өңшең нөл не қылмақ», «Бәрің бірдей адасқан жақсы ма әлде араларыңнан бір жол білетін біреудің болғаны жақсы ма?, Бәрің үй-ішіңмен ауырғандарың жақсы ма? Әлде біреудің сау болғаны жақсы ма?» деген философиялық пайымдауынан; даралықсыз бірді, тұлғаны қалыптастыруға арналған ескіліктің ақыл-ойды жетілдіруге арналған тәлім, тәрбиесінсіз тарихи ұлттық дәстүр тәжірибесінсіз адамзат түбі қайғы-қасіреттен арылмайтыны да хақ. Ең көне, алғашқы даралықтан, қасиеттен асқан, одан да жетілген заттың болуы мүмкін емес. Сондықтан да барлық даналық тек сонан ғана туындап, біздердің тек бір ғана кісіден, кісіліктен Адам болып ал қалған адамзат кейіннен туылғандар соған қызмет қылуға, сонан ғана үлгі алып жетілгеніміз де хақ. Құдай бізге СОЛ бастапқы Адам, кісілік арқылы ғана өз еркін жеткізетінін де ұмытып өзімізді-өзіміз көтермелеп бастапқы адамдық шамамыздан, шегімізден де асып-тасып кеткенімізді және бір адамдық сипатымызды жоғалтып алғанымызды аңғарудын қалдық. Себебі ақылымыздың жанының негіздері бізден бұрын өткен жақсылықтың бастауы болған пайғамбарларды, даналарды мойындап ақылдарына табынудың орнына ертегі, надандық үлгісі ретінде қабылдауды дәріптейтін болдық. Сондықтан ақылдың жанына қуат болатын сезімнің аңғарымпаздығы мен ақылдың алғырлығы, даналығын артымызға тастап қойдық. Адам болып туған соң, қалай надан болайын деп Абай атамыз осы ғалымдарымыздың, ел биліктің басы қатып қазақтың өз жан дүниесіне лайық құндылықтарды не өздері меңгеруге құлқы жоқ, не халыққа меңгеруге жол бермей құр «қиялға, уайымға» беріліп Құдай не айтып жатыр деген Адамға сай ақылдың еркімен, азат оймен тылсымға құлақ түрсе, бұның жауабын қазақтың көптеген текті азаматтары мен азаматшалары, әсіресе жастары әлде қашан тауып, «Батамен ер, жаңбырмен жер көгереді» деп орыстың өзін қазақтың әулиесіне, батасына табындырып дінімізді, дәстүрімізді қабылдауға өздерін құлшынтып қойғанын біліп жәрдем беруге асығар еді. Әй қайдам, өңшең ақылым осы деп кітабын, жазған мақаласын, атақ-беделін арқалап жүрген қауымнан бұндай арлық, намыстылық шыға қоймас жуық арада. Сондықтан қазіргі қоғамдағы намысты ұлтшыл дегендердің өзі ұжымдық ақылдың аясында дүние байлық пен ескі тарихтағы қайғы-қасіреттің шырмауына байланып қалған. Қандайда ескі ақылдың қайғы-қасіретіне байланып қалудың өзі кекшілдікті, құдайға қарсылық пен тажалдықты, халық арасындағы көреалмастық, алауыздықты туындатуға себепшілер болып және халықты өзара қырқысуға әкеліп соқтырады. Мұндайларды ажыратудың басты белгісі тілдерімен егін салып, оны жинауға орақ орғанмен және рухани құндылықтарды атап ар-ұят, дін туралы сайрағанмен өз бойларында, әрекеттерінде болмай, әулиеліктен жұрдай сондықтан ұлттың нақты рухани қайғы-қасіретін анықтауға ақылдары жетпегендіктен арсыздыққа, зұлымдықтарға бейтарап қарайтындар болып табылады. Өздерінде жоқ даралық, тұлғалық, жарықты жасыру үшін қандайда бір ел билеушілердің, қоғамдағы дәреже, орны бар атақтылардың соңына түсіп, сөзін аңдып, елдің болашағына жоба жасап халықты дүрліктіруді өздерінше арлылық, ұждандық, әділетті қорғаушылық деп түсінеді. Ал өздеріне қарап айтылған қандай да бір сын түгіл құдайдың ашық ескертуін де ақылмен қабылдауға, тәубеге келуге жындары қарсылық танытады. Мұндай ұжымдық ақылмен ғана өмір сүрген қоғам да бойкүйездікке, дүниенің қызығына, жеңіл тұрмысқа мейлінше әдеттенуден, бұл қоғамның табиғатына, салтына айналып алады. Ата-баба дәстүрімен қалыптасқан жолсыздықтан жол тауып шығу әдеті; «даралық қасиеттер» ұмтылады, заманның құдайлық белгілерін тану, амал қылу дегендерді жолсыздық деп қабылданып, жалпы әлеуметтің бойынан қуаттары, жігерлері жойылып, рухани тұрғыда мұқалады. Мұның арты түрлі індеттердің, жазылмайтын аурулардың таралуына, оған деген қарсы тұруға шарасыздық танытқан қоғамның қарсы тұратын рухани қайрат-жігері болмай жан, рух туралы түсінік мүлде жоғалып тек тәнді ғана түзеумен, қалайда тіршілік етуге, ішіп-жемге ғана негізделген тұрмысты шынайы бақыт деп тануға мәжбүр болмақ. Мұнан кейін ұлттың тегінің мүлде жоғалып, адамдар тоғышарлыққа салынып, ойын-сауықты жетік меңгеріп, үздік болғандарды жұлдыз, тұлға қылып алады. Ел басқаруға да енді кез-келген дүние қызығымен өзінен артық болып таң қалдыра білген ақылы азған адамдықтан да шыққан пенделер де сайлануға лайық болып табылады.
Ал мұндай қоғам арасынан шыққан кейбір қасиеттілердің берген ақылына, өмірдің жағдайлары, тәртібі дұрыс емес дегенге ұжымдық қоғам өкілдерінің басшыларына дейін жарыса қуана келіседі де, ал одан айығу туралы әрбір жасалған амал, әрекеттерді өшпенділікпен қабылдап, қарсылық жасап, жабылып қудалаудан арланбайды да. Мұндай қоғам өкілдерінің басты белгісі ең құнды деген нәрселердің шамасын білгенмен ал оның қатерге ұшырап жатқанынан қорқуға қабілетсіз, себебі ақылдарында жан жоқ санасы жабық надандарға айналып алады. Қазақ елінде ел рухынан нәр алатын ұлттық ақылымыздың жаны дін-дәстүрімізді ел биліктің қабылдамауынан, ашық түрде бас тартып заңмен бекітіп қоюынан ата заңымыздың жансызданып өз мақсатын орындауынан қалғаны да сөзсіз. Яғни бастан қадір кетсе, ойлаудың мәні жоғалып тәннің мүшелері жеке-жеке әрекеттерге көшіп, ақылдың да бөлшектенуі бір басқа бағынуына тосқауыл болады да, мұндай жағдайда теріс ақпараттардың күнәнің ықпалына түсуден қалған бүкіл тән де сол күнәмен, аурумен дерттенгені сияқты қоғамдық ақылымыздың жетіліп қуаттануы түгіл керісінше жансыздануына соқтырғаны да сөзсіз. Мұны түзеуге, сынауға тиісті дін ғалымдарының өзінде ақылдарында жаны, амандығы яғни дәстүр мен тарих шежіремізден алатын қуаты жоқ болғандықтан мұндай ақылсыз иманды қалай меңгеруін түсіндіре де алмайды. Ал ақыл қуаты жетілмеген қандайда бір адам баласында жетілген иман қуаты, яғни сезімдік ақылдарының аңғарымпаздығы жетілуі мүлде мүмкін емес. Олай болса имандылығы тек сенімнің, әдеттердің тұрғысында ғана қалыптасып, ал негізгі иман қуаты әлсіз мұндай жағдайда жандары да өлі. Мұндай қоғамда өмір сүрген адамзат халықтың ортақ тілі болғанмен ақылдары өлі болса, бірін-бірі имандылық тұрғысында түсініп қабылдаулары мүмкін емес. Қазіргі таңдағы түрлі бүлікшілік пен рухани қайғы- қасіреттердің, індет ауруларының да бар негізі қоғамның өз ішінен ақылдың жетіліп жандана алмауынан, түрлі теріс пиғылдардың үстемдігінен ақылдың күнәлі әрекеттерге мойынсұнып құлдануы пайда болып, ақылсыздықты да қадағалауға қабілетті болған ұлттық құндылық — ар-ұяттың жоғалуына себеп болғаны да сөзсіз. Мұндай жағдайда мемлекет заңының, шешімдерінің әділеттілігін сақтап қадағалауға тиісті ата заңның жансыздануы да болып, қабілетті, талантты ел билеушілерінің болашаққа деген жоспарының өзі өзге елдердің жүздеген жылдар бойы жинаған, меңгерген шаруашылық дүниелік әдеттерін, тағдырын қысқа мерзімде меңгеруге арналған жоба ғана болып шығады. Және сонымен бірге олардың жүздеген жылдар бойы жасаған қателіктерін де, күнәлі ақыл-ой қуаттарын да біздер аз ғана уақыттың ішіне жүктеп аламыз да себебі мұны тазартатын, електен өткізетін ұлттық құндылығымызды, өзімізді-өзіміз басқару, ақылымызды сауықтырып жетілдіру, ағартушылық құндылықтарымызды игеруден бас тартудан ғана пайда болғаны да сөзсіз. Ұжымдық жағдайда өзге елдердің танымын, тәртібін ұлттық танымдық ақылдың елегінен өткізбей күштеп заңмен мәжбүрлеп енгізуден ақылдың бөлшектенуі пайда болып, бір қоғамдағы бір ұлт ішіндегі өмір сүрген адамдар ұжымы түгіл туысқан ағайындардың да өзара бірін-бірі түсіну, бір тұтас ақылмен қабылдау қасиеті жоғалады. Жаратылыстағы өзге болмыстар сияқты адам баласы да құдайдың бір киелі бөлшегі. Сондықтанда құдайлық рухани негізделуден айрылуға бірден-бір төте жол ата-баба аманаттарын терістеп өз ұлтының руханиятына қарсы қойса болғаны, оған сырттан ешқандай жаудың, жаулықтың да қажеті болмай қалады. Бұл тұрғыда қазақ ел билеушілері мен дін ғалымдарымыз, зиялы аталған қауым өкілдері үлкен жетістікке жетіп және аз ғана уақыттың ішінде әлем зұлымдықтарын, арсыздықтарын сіңіруге қазақ халқын мәжбүрлей алды да. Ал қоғам ішінде төртеуін түгелдеп, бірақ оған біртұтастық беретін, алтауының басын қосуға есік ашатын танымдық ақылдың маңызын, қасиеттілігін меңгеруін ескере алмай, ескергенмен меңгеру әдістері сонау бағзы заман сопылық үлгілеріне ғана бейімдеп алғандықтан бұл баяндап отырған рухани жағдайлардың ақиқат екеніне ақылы жеткенімен жүрекке сіңіру қабілеті жоқ екені сөзсіз. Себебі иман атты қуаттың жәрдемімен ғана мұндай ақпараттар жүректе бекіп орын алатын қасиетін түсіндіретін ақылдың білімі де жоғалып кеткен. Сондықтан иман мен ақылдың ерекшелігі түгіл; рух пен жанның, сенім мен иманның, олардың қандай әрекеттер мен игіліктерді меңгерумен байланысты өсіп-өніп жетілуін талантты деген дін басшы, ел басшыларымыздың, ғалымдардың өздері білмейді. Мұндай жағдайда қоғамды сауықтыратын дарынды, даралық ақыл-парасат егелерін тәрбилеуге арналған таланттылардың, ұстаздардың, ғалымдардың өздерінің рухани ішкі дүниесінің даралығын қалыптастыруды, өзінен-өзі рухани тұрғыда асып жетілуді меңгерулері тиісті. Мұндай жағдайда ұжымдық тұрмысқа, ақылға негізделген өзге елдің салтымен сіңірген ауыр жүктерді, күнәні сылып тастау міндеті туындап, ал ол қуатты қайдан, кімнен, қалай алуға болады? Мұны махаббат қуаты деп Алланың сүйген құлдары болып жер бетінде жоғалмастай қандай тарихи құлдырауда да, дінсіздік замандарда да өзін-өзі қорғау түгіл бүкіл халыққа да хикметімен әшкере белгілі болған әулие-әмбилер бастарынан құран оқып, Аллаға мадақ айтып құрбан шалып, достарына сәлем беріп алуға болатын қазақ халқының ғана бұл хикметті ақиреттік несібе, сырды терең меңгерген дәстүрі болғанын қалай түсіндіре аламыз. Ал мұндай жағдайда құдайға тәуекел қылып артық хайыр жасауға ақша шығаруды, оны біреуге заңгерлердің шешімінсіз ұстату деген де қылмыс деп танылған елде өмір сүріп жатқанымызды да ескерген жөн. Сондықтан да дәстүріміздің болғаны деуіміздің де себебі ел билеушілердің өзі бұған қарсы заңмен тиым салып әлі кезге дейін қудалаумен, ал ақпараттық жағдайда бүкіл ұлттың мыңдаған жылдар бойы жинаған қазынасын арына ашық түрде жала жауып масқаралап, мазақтағанмен мұнан қорғануға ата заңымызда, оны сақтауға міндеттенген ел басшымызда да даналығы жетімсіз, әрекеті қауқарсыз өз ұлтының ата-баба мирасын қорғауға қауқарсыз, ұжымдық ақылға даналығы тұтқында жатқан болса. Және мұндай ұжымдық ақылдың де жемісін беріп енді қандайда бір дінге келген ел тұрғыны масһабтың пәтуасын алып шығып мұнан да басқа тазарған жетілген шариғаттық білім болып, намаздары да жетілгенін және оны меңгеруге деген ұлттық тарихи даналық ақылдың да барын, оны міндетті меңгеру керек екенін де түсіндіру мүмкін емес. Себебі мұндай «жанатты аңсаушылар» ешқандай ақылдың көмегінсіз намаз оқу арқылы жанатта ессіз жындыларды, бір адамдық, кісілік қасиетсіз де қабылдай береді деген нық сенімге де байланып алған. Онда қалай бұл қасіреттен жол тауып шыға аламыз? Әлде құдайдың лағнеттеуімен, сынағымен мұндай ұжымдық ақылмен елді зұлымдыққа байлап қойғандардың жоғалуын, ажал құшуын күтіп отыра беру керек пе? Онда адамдық, махаббат, ағайын туысқандық қайда қалмақ? Бәрі тек сөз жүзінде ғана болғаны ма? Мүмкін түсіндіре алатын өздерін дара атағандар халықты шынайы бақытқа жеткіземіз деп шексіз бақыттылықтың жаратылысын, текітілігін, Құдайлық болмысын қазақшаға аударып, таңбаларын өзгертіп, осылай өздерін рухани жетілдіріп, ақылдың жоғарғы дәрежесін меңгердік деген ұлтшылдар таза ақылымен түсіндіріп көрер?