Елдік мінез — әйелден

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 61

Ит мінезді нәзіктер жүр ұмсынып,
Ар-ұятты дәстүрді кетті ұмытып.
Сезімдік ақылмен босқа күліп,
Желігіп қу дүниеге жүр құтырып.

Еркек шора ит мінезі бұл жындылық,
Қатын, қызда рухына артылған жүк.
Жаны өспей мұндайларда ұрық азар,
Иттердей күшіктейді нәпсі қуып.

Арсыздық, ұятсыздық бар ма шара,
Бойы жоқ, айналмақ бой қаралыққа.
Ақ жаулықтан қуатсыз, басы азған,
Санадан қуат болмай берер жарға.

Жылы-жылы сөйлемек жыландарға,
Қара қатын айналған жыландарға.
Жылан мінез тілінің уы болған,
Қыздардан абай болғың, жақын барма.

Мысық мінез көп әйелдерде,
Мысық жақсы иттіктен ерлеріне.
Бірде сипап басынан, бірде шертіп,
Тез көнбек мысық мінез тәрбиеге.

Жылы сөз болады екі түрлі,
Бірі көркем, екіншісі өтірікті.
Бала мен әйелдерге судай жылы,
Мақтаумен беру керек тәрбиені.

Шын сөзді ақыл болар суық,
Қатты айттың дейді нәзік мұны естіп.
Қатайған жүректерге тас құсаған,
Қайтады суық сөзің боп жаңғырық.

Жылытқан жыланды да сөзі майда,
Ендігі мас арсыздарға бермес пайда.
Шайтаны жүректегі қарсы шығып,
Өзіңді қылымсып сылтаумен алдамай ма?

Жүректерді жұмсартар айла бар ма?
Сұрау бар талай ерде бұл жағдайда.
Ата жол аруақтардан қолдау алмай,
Ел мінезін түзету бермес пайда.

Құдайым сын сағатын түсіргенді,
Әр қауымға түрлі сын азап келді.
Тарихтың бұл сынынан аман өтпек,
Ар-ұятын меңгертіп нәзіктерді.

Көркем мінез бетінен нұр төгілген,
Қазақтың дәстүрінен үлгі берген.
Қырық үйі нұрланған текті қыздар,
Ұлтымыздың ар-намысын сақтай білген.
(Сәуір 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *