Еріншек  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 160

Еріншектен-салақтық,

Салақтықтан-надандық…

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сүйтіп адамдық.

Еріншек таза жүре алмас,

Кірі-қоңын жуа алмас.

Харакет жоқ, ғылым жоқ,

Өз бойынан ұялмас.

Жүрейін десең тұрғызар,

Төсекке мойын бұрғызар.

Аналар да жүр ғой деп,

Біреуді мысал қылғызар.

Тұрайын десең жатқызар,

Буынды сүйтіп қатқызар.

Орынды іске кіргізбей,

Не болса соны шатқызар.

«Мен емес пе сабырың,

Жаныңа тыныш тамырың.

«Асықпа», -деп алдайды

Қазулы ма деп қабырың?»

«Құдайдың-дейді-күні көп,

Асыққан істің міні көп.

Аз ғана рахат қылсаңшы,

Істерсің ертең мұны»-деп.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Арсыздық деген ұғым бар,

Дәстүрдің ісін ұмытар.

Ұятсызда иман жоқ,

Имансыз -салақ надандар.

Шайтандық деп аталған,

Жіңішке мінез жаралған.

Әдетпен қылық бейнесі,

Өріс пен иіс қара қатыннан.

Қанынан қуат өнбеген,

Ділі — әлсіз, тек — өлген.

Шайтан боп елді үркіткен,

Бықсытып жалған сөзбенен.

Ынжықтық мінез сезімдік,

Еркекте болған жеңілдік.

Анау қызық, дұрыс деп,

Ауырдан қашқан ерініп.

Тексіздің көп тамыры,

Өмірге айтар шағымы.

Бақытты болмақ дүниемен,

Білімі болар нанымы.

Ғылым мен өнер жоқ,

Қаракет ақыл ісі жоқ.

Еріншек қысқа ақылды,

Ойдан қуат күші жоқ.

Дін ұстанған сезімдік,

Дәстүрін алмай ерініп.

Оқысам намаз түгел деп,

Ақталудан қашар жерініп.

Ақиреттің сыры сабырдың,

Алмаған бүгін ғалымың.

Қиын боп басты жабуың,

Жан өлі, түсінбес ар үнін.

(Б.Т.К)

****  ****

…………..  …….

Сонымен қалсаң алданып,

Ұмтылмасаң қамданып,-

Жалқаудың құлы болғаның,

Жатпақ үшін қамданып.

Шаруа да көп басыңда,

Көндіру керек жасыңда.

Қылайын десең харекет,

Еріншек отыр қасыңда.

Және айтады ақылды,

Қысып қояр тақымды.

«Тілімді алсаң, тек отыр,

Менің сөзім мақұл-ды.

Жас басыңмен  аптықпа,

Кіре берме боқтыққа.

Өмір өзі-ақ береді,

Тағдырға қарсы соқтықпа.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Еріншектік қаныңмен,

Бірге өседі жаныңмен.

Алтауы араз тексіздік,

Сынағы келген заманмен.

Тегің — ділің өсірген,

Етектік қуат жетілген.

Қанның буы — өрісі,

Төменгі сана деп білсең.

Қорғамай тақым, жатырын,

Жаны өлі қыз, қатының.

Қанынан шарап бере алмай,

Тегі жоқ қазақ халқының.

Құранда бар үкімі,

Отсыз салқын түтінді.

Қыз, қатыннан қан буы,

Болмаса бойдың бүтіні.

Арасынан аяқ жала алған,

Қатыннан ерге қосылған.

Келіншек шайтан пішінді

Нәпсі де балтыр, сан, табаннан.

Зейнеттік киім арынан,

Жан үйі киіз қазықтан.

Өнімі әйел қанынан,

Шараптың буы — тақымнан.

Ар, ұят пен барынан,

Бүгінгі заман айырылған,

Еріншек ермек артыңнан,

Теріс ой елді азғырған.

(Б.Т.К)

****  ****

Құлақ қойсаң сөзіме,

Пайда айтамын өзіңе.

Арқалатпа бейнетті

Қызық көрер кезіңе.

Бейнетке жаның шыдай ма,

Осы сөзім ұнай ма?

Пендесін аштан өлтірмес,

Қарсы болма құдайға».

Мұның сөзі мақұл деп,

Айтқаны дұрыс ақыл деп,-

Харакетсіз кеткенің,

Жай іздермін ақыр деп.

Бұл сөзді ұғып жас кетті,

Ішіне алып мас кетті.

Бар керектен айырылып,

Еріншек деген қас кетті.

Еріншектің қақпаны,-

Көрінбей көзге жатқаны.

Біреу оған іліксе,

Оны құдай атқаны.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қазаққа құрған қақпаны,

Шетелдің салты болған-ды.

«Гендерлік» теңдік үлгісі,

Талайлар ішке алғаны.

Оңай дүние тапқанға,

Қазынаға жерден шыққанға.

Көз алартып қырқысқан,

Талайлар түсті қақпанға.

Ішіне алып мас болған,

Жас пен үлкенді қас қылған.

Алтауы араз иман жоқ,

Дәстүрін ұлттың тастаған.

Еріншек құрып қақпанды,

Ел билік арсыз заң жазды.

Басымен ұлтты қас қылып,

Ар түгіл ұят жоғалды.

Арсыздың ісі мақұлды,

Зиялы тұтас шатылды.

Есімдерін өзгертіп,

Қазақшала деп атыңды.

Ел билік және бас ұрды,

Үш тілменен латынды,

Тәрбиесін ғылым алдырмай,

Жастарды мәңгүрт мас қылды.

Масһабшы дінге мас қылды,

Ханафи қылды Раббыңды.

Оқыса намаз мас болып,

Ғұмырың-аруақ ұмтылды.

(Б.Т.К)

***  ****

Іс қалдырмас еселі-

Ең білімнің кеселі.

Кірсе бойдан шығу жоқ,

Күн сайын өсер бес елі.

Төбеңді сүйтіп теседі,

Орныққан сайын өседі.

Ғибрат жоқ, өнер жоқ,

Бәрінің жолын кеседі.

Даулассаң желдей еседі,

Өзі айтып, өзі шешеді.

Үйір болған кісілер,

Жан тыныштық деседі.

Жан тыныштық бұл емес,

Жан дененің құлы емес.

Өзің байлап бересің,

Жан жұмысы ол емес.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Жансыз шерік деседі,

Ақыл-ойы кеселді.

Жанмен бірге өледі,

Сана түгіл жетесі.

Аты бар құр зиялы,

Ақылының жоқ тұрағы.

Түсінбей оқып құранды,

Терістеп дінді бұрады.

Садақасын елді қызғанды,

Заңмен мұны тиған-ды.

Құдайдан түсіп лағнет,

Сағаты қиямет соққан-ды.

Төбесін аман сақтаған,

Аманатын құдай ақтаған,

Ғибрат жоқ дәстүрден,

Мәңгүрттер елді басқарған!

(Б.Т.К)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *