Құмарлық  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 94

Құмарлық деген бір ит бар,

Жаныңа жау шын ит бар.

Алды-артыңа қаратпас,

Рахымы жоқ тым ит бар.

Бай баласы көп көрдім,

Кедейлікті жек көрдім.

Сауық көрсем құмар боп,

Мен де сүйтсем деп көрдім.

Мылтық атты, құс салды,

Домбыра, гармонь қолға алды.

Ауыл кезіп, ән салды,

Көрген адам таң қалды.

Дойбы, қарта-бәрі бар,

Жүз құбылған әні бар.

Киім біткен қынаулы,

Таңырқарлық сәні бар.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Бұрынғы құмар құмар ма,

Бүгінде ондай болар ма?

Киім киген адам ғой,

Ақылың баста тұрар да.

Нағыз ит жас, кәрі де

Құмармыз түгел бәріне.

Әлемді артқа тастамақ,

Меңгеріп барлық сәнін де.

Киім емес сәнің де,

Тәнді әрлеу мәнді де.

Қатын, қыз еркек боп,

Байталдық қылды кәрің де.

Қол, төсі түгел жалаңаш,

Құйрықтан сызық аралап.

Әурет деген сөз емес,

Ит сыпайы сабалақ.

Қаншық бар түр-түрлі,

Төбеттер шықты білімді.

Меңгеріп әлем иттігін,

Аздырған адам тегіңді.

(Б.Т.К)

****  ***

Мен де осындай болам ба,

Бола алмасам оңам ба?

Бар малымды шашсам да,

Жетпей қойсам соған ба!

Арпалыстым, алыстым,

Жағаластым, жарыстым.

Дәл өзіңдей болған соң,

Озамын деп қарыстым.

Жеттім, оздым — жер білді,

Маңайдағы ел білді.

«Бәрекелді, батыр»,- деп,

Қыз-бозбала сол күлді.

Мақтағанға бу ала,

Селкілдедім дуана.

Баяны жоқ, пайдасыз

Бір сағымды қуала.

Әлі келем далақтап,

Қызыл тілім салақтап.

Менен озған кім бар деп,

Алдыңғы жаққа алақтап.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Иттігі бар ел билеген,

Арсыздыққа күйлеген.

Ата заң бар, арың жоқ,

Өзге ел заңын меңгерген.

Надан ба, жоқ адам ба,

Сөз айтсын тек таң қала.

Есекті «Ыха» өлтірсе,

Қазақты өлтір мақта да.

Біздерден артық ел бар ма,

Көз жұмған ақирет саудаға.

Бабалардан қалған мирасты,

Жаратқан дүние пайдаға.

Шоқындық намаз масһабқа,

Қарсы боп ата жолыңа.

Құлшылығың Раббыңа,

Қалдырып қойдық артыңа.

Ұқсамақ қызың хайуанға,

Шаш жайып тән ашқанға.

Мәз болып қол соғамыз,

Ар, ұятсыз көп «жұлдызға».

Тыйым сап жете, санаға,

Үш айыр тілді болғанға

Әулие деп қылдық қошемет,

Алты ауызды араз қылғанға.

(Б.Т.К)

****  ****

Қара көрсем, кетемін,

Жетуге талап етемін.

Пайдасында ісім жоқ,

Не де болса жетемін.

Заман өтті, жас өтті,

Қайрат, өнер бос кетті.

Абұйыр жоқ, сана жоқ,

Өз басыңа не жетті?

Естігенді ұға бер,

Ыдысың болса-тыға бер.

Пайдасыз болса құмарың,

Сілкініп тастап шыға бер.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Үлкендік елде қалды ма,

Жалығу жоқ өңкей дуана.

Кебенек түгіл кебінсіз,

Отына тозақ шыдар ма?

Арқалап қатын отынын,

Қылығымен мыстанның.

Өсірмей қол аруағын,

Ғұмырлық қызыл кітабын.

Ит жанды ұл, қызың да,

Сасыған иісі соңында.

Ит көйлек бой қорғанын,

Жоғалтып ит болды да.

Хайуан ғой үлде, бүлдесіз,

Жынды де киім зейнетсіз.

Денесіз  адам жоғалып,

Иттер көп ақыл, жетесіз.

Түбінде босқа кетесің,

Қылығың ит қой өсетін.

Ұрпақтар жүрер атқызып,

Білмейді-ау өз әке-шешесін.

(Б.Т.К)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *