Естілік және жетелік  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 46

Естілікті қазақ ұлты жетілдірген

Төрт ақылдық қуатты түгелдеген.

Жан ғылымның ілімін жетік білген,

Жеті қасиет киесін — кісі, жете деген.

Өзін-өзі ішкі сырын тани білген,

Дәстүрін сақтап ақ сүт емген

Ақтаған аманатын арам қоспай,

Жетелі ер мен әйелді есті деген.

Жетелі ер нәзік жаннан қате көрген,

Қатесін түзетуге жәрдем берген.

Ар, ұятын нәзік жанның қорғау үшін,

Жетелі ерге аманат дінмен келген.

Жетелі әйел бойы жарық, ұзын етек,

Басын қорғау ақылға қуат болар себеп.

Ақылдың дәстүр-салтпен жүйесі бар,

Нәзік жанды қан тегі ділмен болар ерек.

Нәзіктер ұлт байлығын сақтап жүрмек,

Етекпен киіз қазық жерге енбек.

Табанмен жер анадан нұр алумен,

Ақ босаға екі аяқтан жан өсірмек.

Бас киім жетеліге тәжі демек,

Ақыл-ой ардан сауыт бөрік кимек.

Ақ жаулық етекпен жеңі ұзын,

Жетелі әйелге бойынан дәлел бермек.

Ұлтымыздың сөз байлығы ділмен дерек,

Әйел басы, әкеден тегін бермек.

Ұлдың жақсы болары нағашыдан,

Санадан үй жанға тектілік ағаш демек.

Я құдайым бала берсең сана берсін,

Санасыз қалса ұрпағым ала бергін.

Аманаты бұл ата-баба қадірлеген,

Жүрекпен басты жалғаған ақыл деген.

Жетелінің ақылы баспен болар,

Аяғы жүрек, қан тазарса сана қонар.

Бақ қарайды басыңа бөріктіге,

Бағың сана он саулықпен қадір алар.

Ақ жаулықтың байлығы иман деген,

Төменгі сана етекпен қазық өнген.

Етексіз, жаулықсыз қатын азып,

Тегі азып, ер азамат мәңгүрттенер!

(наурыз 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *