Дін атын, шапанын жамылғандар
Исламды, бірлігін қорлағандар.
Адамзаттың бәрін сүй махаббатпен,
Өсиетін дана Абайын алмағандар.
Қияметтің соққан сағатында,
Тажалдар шығар ол расында.
Арттағы өткен тағдыр ісін,
Кінәсін құдайына жабатын да.
Байбаламдап қарсы шабатындар,
Ойбайлап сөзді жазатындар.
Татулық пен ұлттар бірлігін
Құдайдың ісін жазғыратындар.
Тажалдар бұл қара жындар,
Заманға қарсы болатындар.
Ақырзаман төнді деумен,
Құдайды қарғап жазғыратындар.
Ар намысты қорлайтындар,
Ғылымын заман алмайтындар.
Ескі күнің бөлек ұлт өле жеген,
Дұрыс еді деп зарлайтындар.
Көктен түсіріп, жерден өндіретін,
Тәңірдің ісін заманмен білдіретін
Ақиреттен аруағынан хабар алмай,
Тажал деп ойды жорып есіретін.
Сорлысың деп өзін атайтындар,
Ар намыссыз ұлтын қорлайтындар
Әлемнің бар елінен төмен бол деп,
Жігерін жас ұрпақтың жалмайтындар.
Ұраның Алаш бабаң басқа еді,
Әлемдік өркениетті бастап еді.
Ата-бабаң сүйегі бар әлемде,
Ұрпақтарым түбінде қоштар деді.
Ақыл, білім, ғылыммен оза шауып,
Әлемдік бұл жарыста бәйге алып
Аруақты қазақ болсаң бұғып қашпа,
Қатынша көршісінен қылған қауіп.
Ерлігі Қазақ, Созақ бабалардың,
Жүсіптей көрген пайғамбардың.
Өзге жұртта сұлтан боп туын тіккен,
Сақ пен Ұра біздерде тегі барын.
Қайраттан жастар қазақ тегі болсаң,
Өнер ғылым жарыс келіп тұрған.
Кем емеспіз, біз тектінің ұрпағы деп,
Көш бастау болашақтың осы ұран!
Жинайық әлем жұртын бір қазанға,
Құдайдан сұрағандар кем болған ба?
Жеріңнің әрбір тасы қазына боп,
Қызыл құм, қара құмдай жайлау барда.
Бәрі ақша, жәндігің де қытай барда,
Астығыңды пұлдайсың қосылғанға.
Қазақтың дәстүр салтын сақтағанға,
Бұл елдің бәрі табынар қазағыңа.
Әулие-әмбилердің қолдауында,
Киелі жер әлемге үлгі болар алда.
Евразия түк емес, барлық құрлық,
Қазақтың елінен табар ақылын да.
Қазақтың бақсылығы тұрған мыңға,
Абайдан дана болсын әрбір жанда,
Мың қазақ, миллионды меңгеретін,
Нәсілі қаныңда тұрған номад бол да.
Көп пайғамбар жерленген ойпатыңда,
Белгі емес пе бұл қадірі құдайдың да.
Құдайдың бақшасында жүрсің деген,
Ата жолы дәстүрімен берген хабарында.
Әлемнің халқын енді құтқаруға,
Біріккен одақ құрған Нұрсұлтанға,
Надандарға жігерсіз ездер ерер,
Ар намысты, өршіл қазақ қолдар таңда!
(қазан 2014 жыл)
*** ***